Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 172-б.—175-б., 5-абз.
  • Жүз жыл бұрын. 1916

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жүз жыл бұрын. 1916
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қайрат-жігер берген пилигримдер
  • Сұрапыл соғысқа қарамай қызмет ету
  • Бейтараптық сақтау
  • Чарлз Тейз Расселдің дүниеден озуы
  • Жүз жыл бұрын. 1917
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Көкте Құдай Патшалығы орнады!
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Лефевр д‵Этапль. Ол қарапайым халықтың Құдай Сөзін оқып білгенін қалады.
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Олар жалған діннің құрсауынан босады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 172-б.—175-б., 5-абз.
Бір топ пилигриммен көлікте отырған Рассел бауырлас

Расселл бауырластың серіктестерінің арасында еңбекқор пилигримдер болды

Жүз жыл бұрын. 1916

1916 ЖЫЛДЫҢ БАСЫ. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қайнап тұрғанына бір жылдан аса уақыт болды. Қызыл қырғында екі жақтан да адам шығыны көп болды.

Сол жылдың 1 қаңтарындағы “Күзет мұнарасы” журналында былай жазылды: “Еуропадағы бұл ұлы соғыс көп адамның дінге бет бұрып, болашақтарын уайымдауына түрткі болды”. Әрі қарай мақалада: “Сондықтан мүмкіндіктерімізді қолдануға асық болайық. Жүрексіз болмай, Құдайға және оның хабарына құлшынысты болайық”,— делінді.

1916 жылдың тармағы бауырластарды Римдіктерге 4:20-ға сай, “сенімдерінен күш алуға” шақырды. Көптеген Киелі кітап зерттеушілері осылай еткеннің арқасында Ехобаның зор батасына кенелді.

Қайрат-жігер берген пилигримдер

Күзет мұнарасы қоғамының пилигрим деп аталатын аралаушы өкілдері қаладан қалаға барып, Киелі кітап зерттеушілеріне нұсқаулар беріп, жігерлендіріп жүрді. 1916 жылдың ішінде кем дегенде 69 пилигрим осы тапсырмамен шамамен бір миллион шақырымды шарлап шықты.

Вирджиния штатының Норфолк қаласындағы конгресте айтқан баяндамасында Уолтер Торн мәсіхшілердің шайқасын Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырып былай деді: “Қазіргі есепке сай, майданда қару асынған жиырма миллионнан отыз миллионға дейін адам жүр... Бірақ осы дүние білмейтін тағы бір топ [сарбаздар] бар. Олар — Иеміздің сарбаздары және Гедеонның әскері іспетті олар да соғысуда, бірақ тікелей мағынада емес. Олар шындық пен әділдік үшін күреседі. Бұл — сенім үшін жүргізілетін ізгі шайқас”.

Сұрапыл соғысқа қарамай қызмет ету

Франциядағы Сомма өзені бойындағы 1916 жылдың екінші жартысын қамтыған шайқаста бір миллионнан астам адам жараланды не өлтірілді. Елдің басқа жерлерінде ер бауырластар сұрапыл соғыс жағдайына қарамастан қауымдарды талмай нығайта берді. 1916 жылдың 15 қаңтарындағы “Күзет мұнарасында” Киелі кітап зерттеушілерінің бірі Джозеф Левивренің хаты басылды. 1914 жылы неміс әскері оның Франциядағы туған қаласы Дененді басып алғанда, ол үйін тастап қашуға мәжбүр болған. Содан ол оңтүстікке, Париж қаласына бет алып, кейін сол жақтағы Киелі кітап зерттеушілерінің жалғыз тобымен байланысады. Денсаулығы нашар болғанына қарамастан, көп ұзамай ол барлық кездесулерді жүргізе бастайды.

Кейінірек оған Дененнен бассауғалап келген Теофил Леким есімді тағы бір бауырлас қосылды. Ол әуелі Францияның Ошель қаласына барып, сол жерде “Күзет мұнарасындағы” мақалаларды аударған және аудармаларын Францияның әлі басып алынбаған басқа аудандарына поштамен жіберіп отырған екен. Кейін оның ісіне күдікпен қараған әскери басшылар оны қаладан кетуге күштеген. Теофил бауырластың Парижге келуі Джозеф бауырласқа дұғаларына жауап берілгендей әсер қалдырған.

Олардың Париждегі еңбегі молынан жарылқанды. Джозеф бауырлас былай деген: “Қазір тобымызда 45-ке жуық адам бар... Олардың кейбірі бағышталу мәртебесіне ие болды және зор рухани жетістіктерге қол жеткізуде. Апта сайынғы куәлік ету кездесуіне (қызметте болған оқиғалармен бөлісетін кездесу) топтың барлық дерлік мүшесі келіп тұрады”.

Бейтараптық сақтау

Соғыс кезінде көп бауырлас бейтараптық мәселесіне кезіккен. Ұлыбританияда әскери қызмет жөнінде заң енгізіліп, ақырында 18—40 жас аралығындағы барлық ер кісілер әскерге шақырыла бастады. Бірақ көптеген Киелі кітап зерттеушілері бейтараптықтарынан таймады.

Мысалы, 1916 жылдың 15 сәуіріндегі “Күзет мұнарасында” Шотландияда тұратын У. О. Уоден есімді бауырластың хаты басып шығарылды. Ол былай деді: “Ұлдарымның бірі қазір 19 жасқа толды. Ол әскерге барудан бас тартуымен Иеміз туралы жақсы куәлік берді. Тіпті осы шешімнен таймағаны үшін ату жазасына кесіліп жатса да, Ехобаның оған шындық пен әділдік принциптерінен айнымауға көмектесетініне сенімдімін”.

Шотландияның астанасы Эдинбургте туған Джеймс Фредерик Скотт есімді кітап таратушы әскерге бармағаны үшін сотталды. Алайда барлық айғақтарды қарастырғаннан кейін, сот Джеймс бауырластың жағдайы “Заңда аталған ерекше жағдайларға сай келеді деп тұжырымдап, оны кінәсіз деп тапты”.

Алайда көптеген басқа бауырластар айыпты деп табылды. 1916 жылдың 15 қазанындағы “Күзет мұнарасында” жазылғандай, қыркүйек айына дейін әскерден босатуға өтініш білдірген 264 бауырластың 23-і соғыстан тыс жұмыстарға жегілген. Ал қалғандары, солардың арасында “түрлі жазаға ұшырағандар” да бар, “жол салу, қазу жұмыстары және тағы басқа ұлттық маңызы бар жұмысқа” салынды. Бауырластардың бесеуі ғана әскери қызметтен толықтай босатылды.

Чарлз Тейз Расселдің дүниеден озуы

1916 жылдың 16 қазанында Киелі кітап зерттеушілерінің арасында жетекшілікті қолға алып келген Чарлз Тейз Расселл бауырлас Құрама Штаттардың батыс аймақтарына сапармен кетті. Содан ол қайтып оралмады. 31 қазанда, сейсенбінің таңында, Расселл бауырлас Техас штатындағы Пампада пойызда 64 жасында қайтыс болды.

Сол уақытта көбісі Расселл бауырластың орнын басқа біреу басатынын елестете алмады. 1916 жылдың 1 желтоқсанындағы “Күзет мұнарасында” оның ұзақ уақыт бойы жетекшілік етіп келген ісіне қатысты соңғы өсиеті жарық көрді. Бірақ “Кім Расселл бауырластың орнын басады?” деген сұрақ ашық күйде қалды.

Бұл мәселе 1917 жылдың басында өтетін Пенсильваниядағы Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамының жылдық жиынында шешілмек еді. Жиынға қатысушылар дауыс беріп, барлығының ойы бір жерден шықты. Бірақ келесі айларда бұл ауызбіршілік бұзылды, әрі бауырластарды қатаң сынақтар күтіп тұрған еді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу