Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 170-б.—171-б., 7-абз.
  • Қайта қауышқан апалы-сіңлілі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қайта қауышқан апалы-сіңлілі
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаралы сезім. “Ренжуге себеп болғанда”
    Ехобаға қайта орал
  • “Сендер — ең жақсы көршісіңдер”
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ехоба мені жастайымнан үйретіп келеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Ауыр дерт айтпай келгенде
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
Көбірек мәлімет
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 170-б.—171-б., 7-абз.
Линда мен Салли Онг

ИНДОНЕЗИЯ

Қайта қауышқан апалы-сіңлілі

Линда мен Салли Онгтің өз аузынан

Линда: 12 жасымда анамнан менің сіңлім бар екенін, бірақ оны басқа бір отбасы асырап алғанын білдім. Сонда сіңлім де мен сияқты саңырау ма екен деп ойладым. Бірақ сол күйі оның кім екенін білмей өстім.

Салли: Мен асыранды бала екенімді білген жоқпын. Өгей анам мені аяусыз ұрып-соғатын, малай сияқты жұмсайтын. Содан өзімді бақытсыз сезініп, жалғызсырап жүрдім. Бұл саңырау болып туылған мен үшін жығылған үстіне жұдырық болды. Бір күні мен Ехоба куәгерлерін кездестіріп, олармен Киелі кітапты зерттей бастадым. Мұны өгей анам білгенде, белдікпен әбден сабады да, есіктің құлпын ауыстырып, үйге қамап қойды. 20 жасқа толғанымда, мен үйден қашып кеттім. Куәгерлер мені үйлеріне кіргізіп, қамқорлығына алды. Ал 2012 жылдың басында шомылдыру рәсімінен өттім.

Линда: 20 жасқа келгенде, мен Куәгерлермен зерттей бастадым. Ал кейінірек ым тіліне аударылатын Джакартадағы аймақтық конгрестерге баратын болдым. Онда мен құлағы естімейтін көп адаммен таныстым. Солардың арасында Солтүстік Суматрада тұратын Салли есімді Куәгер қыз болды. Неге екенін білмеймін, оған бауыр етім бұрып тұратын.

Салли: Линда екеуміздің достығымыз жарасып кетті. Түріміз бір-бірімізге ұқсайтындай көрінді, бірақ мен бұған аса мән бермейтінмін.

Линда: 2012 жылдың тамыз айында, шомылдыру рәсімінен өтерден бір күн бұрын, жоғалтып алған сіңліммен көрісуді қатты аңсадым. Ехобаға жалбарынып, “Сіңлімді табуға көмектесе көрші, оған сен туралы айтқым келеді” дедім. Көп ұзамай анам күтпеген жерден сіңлім жайлы білетін бір кісіден хат алды. Содан бір-біріне ұласқан бірнеше жағдайдан кейін, ақыры мен Саллимен байланыса алдым.

Салли: Линда менің ұзақ уақыттан бері іздеп жүрген сіңлісі екенімді түсіндіргенде, мен бірден онымен кездесу үшін Джакартаға бет алдым. Әуежайда тексерістен өткен соң, мен Линданы, әкем мен анамды және тағы бір әпкемді көрдім. Жан дүнием алай-дүлей болды. Барлығымыз құшақтасып, сүйісіп көрістік. Анам мені құшағына қысып ұзақ тұрды. Көз жасымыз тыйылмады. Әкем мен анам біреуге асырауға бергені үшін кешірім сұрағанда, барлығымыз тағы да құшақтасып, жылап қоя бердік.

Линда: Тәрбиеміз екі түрлі болғандықтан, мінез-құлқымыз бен әдеттерімізге бейімделу керек болды. Бірақ біз бір-бірімізді өте қатты жақсы көреміз.

Салли: Қазір мен Линдамен бірге тұрамын. Біз Джакартада өтетін ым тіліндегі қауымға бірге барамыз.

Линда: Салли екеуміз ажырап қалып, 20-дан астам жыл бір-бірімізден жырақта өстік. Бірақ Ехобаның арқасында біз қайта қауыштық!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу