Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 108-б.—111-б., 4-абз.
  • Жапондықтардың езгісінде

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жапондықтардың езгісінде
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Джакартадағы жікке бөліну
  • “Мердека!”
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 108-б.—111-б., 4-абз.

ИНДОНЕЗИЯ

Жапондықтардың езгісінде

1942 жылдың басында Жапонияның қауқарлы әскери күші бүкіл Индонезияны басып алды. Бауырластардың көбісі жол салу, арық тазалау сияқты қара жұмысқа жегілді. Соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін адам төзгісіз түрмелерге жабылып, азапталғандар да болды. Бауырластардың, кем дегенде, үшеуі түрмеде қаза болды.

Джоанна Харп, оның екі қызы және олардың досы

Джоанна Харп, оның екі қызы және олардың досы Бет Годензи (ортада)

Шығыс Яваның шалғай таулы ауылында тұрған Джоанна Харп есімді нидерландық бауырлас соғыстың алғашқы екі жылында бостандықта жүрді. Ол бұл уақытта үш жасөспірім баласымен бірге “Құтқарылу” кітабы мен “Күзет мұнарасы” журналын ағылшыннан нидерланд тіліне аудардыa. Кейін бұл аудармалардың көшірмелері жасырын түрде бүкіл Яваға таратылды.

Әлі бостандықта жүрген аз ғана бауырлас кішігірім топ болып жиналып, сақтықпен уағыздады. “Мен әрдайым бейресми куәлік етуге мүмкіндік іздеп жүретінмін,— дейді Жозефина Элиас (бұрын Тан).— Қызығушылық білдірген адамдардың үйіне барғанда, көрген адамдар мені жай ғана шахмат ойнап жүр деп ойлауы үшін өзіммен бірге шахмат тақтасын алып жүретінмін”. Ал Феликс Тан әйелі Боламен бірге үйден үйге уағыздағанда, сабын сатып жүргендей сыңай танытатын. “Жапонның “Кемпейтай” деген жұрттың үрейін алатын әскери полициясының тыңшылары бізді жиі аңдып жүретін,— дейді Феликс.— Күдік тудырмас үшін Киелі кітап зерттеу сабақтарына әртүрлі уақытта баратынбыз. Бізбен зерттеген алты адам тез рухани өсіп, соғыстың кезінде шомылдыру рәсімінен өтті”.

Джакартадағы жікке бөліну

Соғыс қиыншылықтарына төзіп жүрген бауырластар көп ұзамай тағы бір ауыр сынаққа ұшырады. Жапон билік иелері шетелдіктердің барлығынан (Индонезияда тұратын қытайлардан да) тіркелуден өтіп, Жапон империясына шын берілгендікті білдіретін куәлік қағазын алып жүруді талап ете бастады. Бауырластарда “Тіркеуден өтіп, куәлік қағазын алуымыз керек пе, жоқ па?” деген сұрақ туындады.

Жозефина Элиас пен оның бауыры Феликс

Жозефина Элиас пен оның бауыры Феликс

Феликс Тан сол жағдай туралы былай деп айтып берді: “Джакартадағы бауырластар Сукабуми қаласындағы біздерді куәлік қағазына қол қоймауға шақырды. Бірақ біз билік басындағылардан куәлік қағазындағы “қол қойған адам Жапон әскеріне шын берілген” деген сөздерді “Жапон әскеріне қарсы емес” дегенге ауыстыруды сұрадық. Бір таңғалғанымыз, олар келісе қойды. Сөйтіп, бәріміз де куәлік қағазын алдық. Джакартадағы бауырластар біздің қандай шешім қабылдағанымызды естігенде, “жолдантаюшылар” деп атап, бізбен араласпай қойды”.

Өкінішке қарай, Джакартадағы бірбеткейлік танытқан бауырластардың көбісі түрмеге жабылып, сенімдерінен бас тартты. Куәлік қағазын алмаған бауырластардың бірі Андре Элиаспен бір түрмеге түскен еді. “Мен онымен тіркеуден өту мәселесі туралы сөйлесіп, байсалды көзқарас танытуға көмектестім,— дейді Андре.— Сонда ол бізбен араласпай қойғанына өкініп, кешірім сұрады. Сосын бір-бірімізді рухани нығайтып жүрдік. Бірақ, өкінішке қарай, ол түрмедегі ауыр жағдайдың кесірінен көз жұмды”.

“Мердека!”

1945 жылы соғыс аяқталғанда, бауырластар уағыз ісін қайта жандандыруға құлшынды. Түрмеде отырып азапталған бір бауырлас Австралиядағы филиалға былай деп жазды: “Адам қажытарлық төрт жыл артта қалды. Мен еш берілгенім жоқ, әлі де рухым берік, бауырластарымды да ұмытқан емеспін. Маған кітаптар жібере аласыздар ма?”

Ақыры Индонезияға көптен күткен әдебиеттер кішкене-кішкенеден, ал уақыт өте үлкен көлемде келетін болды. Джакартадағы он жариялаушы әдебиеттерді индонезия тіліне аударуға қайта кірісті.

1945 жылы 17 тамызда Индонезияның тәуелсіздігі үшін күрестің жетекшілері оны тәуелсіз мемлекет деп жариялап, Нидерландының отаршылдығына қарсы төрт жылға созылған күрес жүргізді. Осы аласапыран уақытта он мыңдаған адам қаза тауып, жеті миллионнан астамы жер аударылды.

Осы төңкеріс уақытында бауырластар үйден үйге уағыздауларын тоқтатпады. Жозефина Элиас былай деп еске алады: “Ел патриоттары оларға қосылып, “Мердека!”, яки “Азаттық!” деп ұрандауға мәжбүрлегісі келді. Бірақ біз саяси істерге араласпайтынымызды айттық”. Ұзақ жылдар бойы Нидерландының отары болып келген ел 1949 жылы Индонезия Құрама Штаттар Республикасы болды (қазір Индонезия Республикасы)b.

1950 жыл да келіп жетті. Индонезиядағы бауырластардың соғыс ауыртпалықтарына төзіп келгеніне он жыл болған еді. Алайда алда әлі көп жұмыс күтіп тұрды. Олар ізгі хабарды Индонезияның миллиондап саналатын халқына қалай жеткізбек еді? Адам көзімен қарағанда бұл мүмкін еместей көрінетін. Бірақ Ехобаның “егінді жинауға жұмысшылар жіберетініне” нық сенімді болған бауырластар аянбай еңбек ете берді (Мат. 9:38). Нәтижесінде Ехоба оларды молынан жарылқады.

a Джоанна бауырластың кенже қызы Хермина (Мими) соғыстан кейін Ғалақат мектебінде оқып, кейін Индонезияда миссионер ретінде қызмет етуге оралды.

b 1962 жылға дейін Батыс Папуа (сол кездегі Батыс Жаңа Гвинея) Нидерландының қол астында қала берді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу