Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 97-б.—99-б., 2-абз.
  • Бастапқы уағыздау тәсілдері

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бастапқы уағыздау тәсілдері
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Радио арқылы жариялау
  • “Жарықты жеткізуші”
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 97-б.—99-б., 2-абз.
“Жарықты жеткізуші” деген 16 метрлік қос діңгекті желкенді кеме

ИНДОНЕЗИЯ

Бастапқы уағыздау тәсілдері

Радио арқылы жариялау

Радиохабар тарату мұнарасы

БАУЫРЛАСТАР 1933 жылы Джакартадағы радиостансы арқылы жұртқа Рутерфорд бауырластың ағылшын тіліндегі баяндамаларын тыңдатты. Сондай-ақ шындыққа қызығушылық білдірген бір ер кісі нидерланд тіліндегі баяндамаларды радиохабарда оқыды. Бұл дүйім жұрттың қызығушылығын оятып, бауырластардың бұрынғыдан да көп әдебиет үлестіруіне септігін тигізді.

Радиостансыдан Рутерфорд бауырластың “Киелі жылдың тыныштық пен молшылыққа әсері” деген батырып айтқан баяндамасын естігенде, католик дінбасылары ашуға міндіa. Сыбайлас қолшоқпарлары арқылы олар аудиожазбаны әкелген Де Шумакер бауырласқа “жала жапты, келеке-мазақ етті, өштесті” деген айып тақты. Де Шумакер бауырлас бұларды жоққа шығаруға барынша тырысса да, одан 25 гульденb айыппұлды және сот шығындарын өтеу талап етілді. Үш беделді газетте осы сот ісі жайлы жарияланып, адамдарға одан да көп куәлік берілді.

“Жарықты жеткізуші”

Күзет мұнарасы қоғамының “Жарықты жеткізуші” деген 16 метрлік қос діңгекті желкенді кемесі Сиднейден шығып, 1935 жылы 15 шілдеде алты айлық уағыз сапарынан кейін Джакартаға тұмсық тіреді. Кемеден ізгі хабарды бүкіл Индонезияға, Сингапурға және Малайзияға жеткізуге бел буған жеті құлшынысты ізашар түсті.

“Жарықты жеткізуші” екі жылдан аса уақыт бойы Индонезияның үлкенді-кішілі кемежайларын аралап шықты, соның арқасында Киелі кітапқа негізделген өте көп әдебиет таратылды. Джин Дешан бауырлас бұл жайында былай деді: “Бір шағын кемежайға келген соң, кемедегі бауырластар фонографты қосып, Күзет мұнарасы қоғамының президенті Джозеф Рутерфордтың баяндамаларын қоятын. Оқшау жерде тұрып жатқан малайлық ауыл тұрғындары үлкен кеменің кемежайларына тоқтап, ауадан сондай зор дауыстың шығып жатқанын естігенде, ауыздары ашылып таңғалатын. Олар өзге бір планетадан келген ғарыш кемесін көргендей болатын”.

Бауырластардың батыл уағыздап жүргендеріне дінбасыларының зығырданы қайнады. Содан олардың арандатуымен билік иелері “Жарықты жеткізушінің” Индонезиядағы көптеген кемежайға тоқтауына тыйым салды. “Жарықты жеткізуші” 1937 жылдың желтоқсанында Австралияға қайта оралды. Бұл кеменің Индонезиядағы миссионерлік қызметке қосқан үлесі зор болды.

“Жарықты жеткізуші” кемесінің экипажы

“Жарықты жеткізуші” кемесінің экипажы

a Рутерфорд бауырластың баяндамасы Рим-католик шіркеуінің жалған ілімдерін және саясат пен сауда-саттыққа байланысты бұрыс әрекеттерін әшкерелеген болатын.

b Шамамен 300 АҚШ доллары.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу