Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb16 100-б.
  • Бибелкрин

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бибелкрин
  • 2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb16 100-б.

ИНДОНЕЗИЯ

Бибелкрин

СОЛТҮСТІК Суматрадағы Тоба көлінің аймағында 1930 жылдардың аяғына таман Бибелкрин (нидерланд тілінде “Киелі кітап зерттеушілер тобы”) деген жаңа діни ағым пайда болды. Бұл былай болған: бір күні бірнеше мектеп мұғалімі бір ізашардан әдебиеттер алады. Бұл ізашар 1936 жылы Тоба көлінің маңына уақытша уағыздап барған Эрик Евинс болса керек. Әдебиеттерді оқығаннан кейін әлгі мұғалімдер батактардың протестант шіркеуінен кетіп, Киелі кітапты үйде зерттейтін топтарды ұйымдастырады. Бұл топтардың саны өсіп, жүздеген адамға жетедіa.

Кезінде Бибелкрин мүшесі болған Дэйм Симболон

Кезінде Бибелкрин мүшесі болған Дэйм Симболон қазір біздің бауырлас

Ізашардан алған әдебиеттердің арқасында ертедегі Бибелкрин мүшелері Киелі кітап шындықтарының кейбірін түсінген. Бұрын осы ағымның мүшесі болған Дэйм Симболон бауырластың (шындыққа 1972 жылы келді) айтуынша, “олар туды дәріптеуден, Рождество мен туған күн тойлаудан бас тартқан. Кейбіреулері тіпті үйден үйге жүріп уағыздаған”. Дегенмен Құдай ұйымының қолдауын көрмегендіктен, бұл ағымның мүшелері өздері шығарған ережелерді ұстанып кетеді. “Әйелдерге боянуға, әшекей тағуға, сәнді киім киюге, тіпті туфли киюге болмайтын. Сондай-ақ ағым мүшелеріне жеке куәлікті алуға тыйым салынатын. Ал бұл өз кезегінде үкімет басындағылардың қитығына тиді”,— дейді Лимерия Надапдап есімді бауырлас. Ол да кезінде осы ағымның мүшесі болған.

Бибелкрин ағымы күндердің күнінде бірнеше оқшау топқа бөлініп, ақыры бытырап кетті. Кейінгі жылдары Тоба көлінің аймағына қайтадан ізашарлар келіп уағыздағанда, бұрын Бибелкрин мүшелері болған көп адам шындықты қабылдады.

a Кейбір мәліметтерге сай, Бибелкрин ағымының мүшелері бірнеше мыңға дейін жеткен.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу