Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb13 4—7 бет.
  • Басқарушы кеңестің хаты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Басқарушы кеңестің хаты
  • 2013 Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Сені сүйетін Құдайды сүй
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сүйіспеншілігіңіз суып кетпесін!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Сүйіспеншілігіңізді жетілдіре беріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • “Бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер!”
    Ехобаға жақында
Көбірек мәлімет
2013 Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb13 4—7 бет.

Басқарушы кеңестің хаты

Қымбатты бауырластар!

Көктегі Әкеміз Ехоба — сүйіспеншіліктің ең керемет үлгісі. Сондықтан да Киелі кітапта: “Құдай — сүйіспеншілік”,— делінген (Жох. 1-х. 4:8). Ехоба Құдіреті шексіз болса да, Киелі кітаптың еш жерінде “Құдай — күш” деп айтылмаған. Ол өз билігін, ең алдымен, сүйіспеншілікке негіздейді. Бұл бізді оған жақындата түсетіні сөзсіз!

Қуанышымызға орай, Ехоба бізді өзіне қызмет етуге мәжбүрлемейді. Ол диктатор емес. Ол біздің оған шын жүректен әрі оны сүйгендіктен қызмет еткенімізді қалайды. Қызметімізді осылай атқаратын болсақ, оның билік еткенін қалайтынымызды көрсетеміз. Өйткені Ехобаның билігі әділ әрі сүйіспеншілікке толы. Бұл адамзат тарихының басында-ақ айқын көрінді.

Ехоба Адам мен Хауаны өзіне күштеп бағындырған жоқ, қайта, оларға өз таңдауларын жасауға мүмкіндік берді. Олар Ехобаны шын жақсы көріп, өздеріне жасаған игіліктерін бағалағанда, бүлікке итермелеген Шайтанның азғыруына қарсы тұрар еді.

Кейінірек Мұса Исраил халқына айтқан соңғы сөзінде: “Бері қараңдар! Мен бүгін өмір мен игілікке және өлім мен қырғынға апаратын екі жолды... алдарыңа қойып отырмын”,— деген (Заң. қ. 30:15). Исраил халқы қандай өмір жолын таңдайтындарын шешуге ерікті еді. Ешуа да исраилдіктерге осыған ұқсас сөздер айтып: “Егер Жаратқан Иеге қызмет етуді қаламасаңдар, онда... кімге қызмет ететіндеріңді таңдап алыңдар”,— деді. Сонда халық: “Жаратқан Иеден бас тартып, басқа тәңірлерге табынып кетуден аулақ жүрейік [“ойымызда да болған жоқ” ЖД]!”— деп жауап берді (Ешуа 24:15, 16). Біз де бүгінде осындай ойдамыз. Ехобаны жақсы көретіндіктен, одан бас тарту біздің “ойымызда да жоқ”.

Шынайы мәсіхшілер ретінде біз ерік бостандығының не екенін жақсы түсінеміз. Қауымдағы ақсақалдар кеңес беруге, тіпті жөнге салуға өкілетті болғанымен, олар басқалардың өміріне не сеніміне өктемдік етуге не басшылық етуге тырыспайды. Елші Пауыл былай деп жазған: “Біз сенімдеріңе үстемдік етпейміз, қайта, қуанышты болуларың үшін өздеріңмен қызметтесіп жүрміз. Өйткені сендер сенімдеріңнің арқасында берік тұрсыңдар” (Қор. 2-х. 1:24).

Қандай да бір істі біреу күштегендіктен емес, өзіміз қалағандықтан істеу қаншалықты зор қанағат әкеледі десеңдерші! Ехоба бізді жақсылықты сүйіспеншілікпен істеуге шақырады. Пауылдың рухтың жетелеуімен жазған келесі сөздерінен мұның маңыздылығын байқауға болады. Ол: “Өзгелерді тамақтандыру үшін бар дүние-мүлкімді сатайын, мейлі, мақтану үшін өмірімді құрбан етейін, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, бұдан маған еш пайда жоқ”,— деген (Қор. 1-х. 13:3).

Ехобаны шын жүректен жақсы көргендіктен қызмет етіп жүрген миллиондаған бауырласты көру оған қандай қуаныш пен мадақ әкеледі десеңдерші!

Ехоба да қызметшілерінің барлығын, оның ішінде, балалар мен жасөспірімдер, сендерді де, қатты жақсы көреді. Өйткені сендер осы дүние мен оның ұсынатын тәндік құмарлықтарын емес, Ехобаны сүйетіндеріңді көрсетіп жүрсіңдер. Біздің де сендерді қатты жақсы көретінімізге сенімді болыңдар (Лұқа 12:42, 43).

Ехобаны жақсы көргендіктен, ер және әйел бауырластар да, жастар да, өткен жылы ізгі хабарды уағыздауға 1 748 697 447 сағат жұмсады. Дүниежүзі бойынша сүйіспеншілік қозғау салған 7 782 346 бауырлас уағыз ісіне қатысты. Сондай-ақ жаңадан 268 777 бауырлас, оның ішінде көбісі жастар, Құдайға бағышталғандарының белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтті. Бұл әр аптаның соңында орта есеппен 5168 адам шомылдыру рәсімінен өтті деген сөз. Мұның бәрі жан тебірентерлік жайттар емес пе?!

Осы соңғы күндерде Құдайдың халқы көптеген қиындықтармен, сынақтармен, қудалаулармен, аурумен, ал кейбірі қартаюдың салдарымен күресуде. Алайда бәріміз де “кері шегінбеуге” және “еш талмауға” белді бекем будық. Сендерді қатты жақсы көретінімізді білгейсіңдер (Евр. 10:39; Қор. 2-х. 4:16).

Бауырластарың,

Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу