Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w26 сәуір 8—13 бет.
  • “Шындықтың Құдайы” өз сөзіне берік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Шындықтың Құдайы” өз сөзіне берік
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • НЕГЕ ЕХОБАҒА ТОЛЫҚТАЙ СЕНІМ АРТСАҚ БОЛАДЫ?
  • ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ ӨЗ НИЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА
  • ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ ШЫНДЫҚТЫ СҮЙЕТІНДЕРДІ ЖИНАП ЖАТЫР
  • БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН ЕКЕНІНЕ НЫҚ СЕНЕЙІК
  • Беймәлім жайттарға келгенде, қарапайым болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Бүкіл әлемнің Әміршісі Ехобаға сенім артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Шындықты анықтай аласыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
w26 сәуір 8—13 бет.

8—14 МАУСЫМ, 2026

8-ӘН Ехоба — біздің қорғанымыз

“Шындықтың Құдайы” өз сөзіне берік

“Шындықтың Құдайы Ехоба, сен құнымды өтеп алдың” (ЗӘБ. 31:5 СІЛТ.).

НЕГІЗГІ ОЙ

Ехоба өзінің уәделерін міндетті түрде орындайды және ол жуырда өтіріктің түбіне балта шабады.

1. Неге біз Шайтанның өтірігіне алданбаймыз деп сеніммен айта аламыз? (Зәбүр 31:2—5)

БҰЛ ДҮНИЕНІ Шайтан билеп отырғандықтан, өтірік айту, алдап кету, сатқындық жасау кең белең алған. Бүгінде адамдар кімге сенерін білмейді. Жарнама жасаушылар әйтеуір тауарын өткізу үшін өтірік айтудан тайынбайды. Ал қарсыластарынан озуды көздеген бизнесмендер әділдіктен аттап, алдауға дейін барады. Тіпті берген уәдесін бұзып, сенімді ақтамайтын достар да бар. Осындай жалғандық жайлаған дүниеде “Шындықтың Құдайын” білетініміз не деген бақыт! (Зәбүр 31:2—5 және сілтемені оқыңыз). Ехоба ешқашан өтірік айтпайды. Оның әрбір сөзі — шындық. Сондықтан біз Ехобаға толықтай сенім артсақ болады.

2. Бұл мақалада не қарастырамыз?

2 Бұл мақалада біз Ехоба сенім артуға тұратын Құдай екенін дәлелдейтін бірнеше себепті қарастырамыз. Содан кейін Ехоба Шайтанның зұлым дүниесін қалай жоятынын және ол қазірдің өзінде ниетін қалай жүзеге асырып жатқанын талқылаймыз. Бұл талқылау рухымызды қайрап, бізді Ехобаның батыл да қайсар Куәгері болуға шабыттандырады.

НЕГЕ ЕХОБАҒА ТОЛЫҚТАЙ СЕНІМ АРТСАҚ БОЛАДЫ?

3. Ехобаға толықтай сенім артуға қандай келелі себеп бар?

3 Ехоба — Жаратушы. Ол аспан мен жерді жаратып, тіршілік атаулының бәріне өмір берген (Мұс. 1-ж. 1:1; Зәб. 36:9; Аян 4:11). Жерде тіршілік толассыз жалғассын деп, Құдай ормандар, өзендер, таулар және басқа да ғажайып экожүйелер жасап қойған. Ең дана әрі ең құдіретті Жаратушымыз бүкіл ғаламға әрдайым бас-көз болып, қамқорлап келеді. Сондықтан біз өмірімізді де, болашағымызды да оның қолына еш қорықпай сеніп тапсыра аламыз.

4. Ехоба бізді жақсы көретінін не дәлелдейді?

4 Ехоба бізді жақсы көреді. Ол бізді өмірдің дәмін татып, рақатын көрсін деп жаратты. Біздің өзіне ұқсас болғанымызды қалап, өзінде бар қасиеттерді бойымызға дарытты (Мұс. 1-ж. 1:26). Ерік бостандығын беріп, үлкенді-кішілі шешім қабылдауға қабілетті етті. Әсемдігі көз тойдыратын жерді де тек біз үшін жаратты (Зәб. 115:16). Алғашқы жұпқа берген тапсырмасы да көңілге қуаныш сыйлайтындай тамаша тапсырма болды (Мұс. 1-ж. 1:28; 2:15). Жер бетін оларға да, ұрпақтарына да жететіндей ағыл-тегіл асқа толтырды, көздері қуансын деп өсімдіктер мен жануарлардың түр-түрін жаратты. Осының бәрі Ехобаның бізге деген айнымас сүйіспеншілігі мәңгі екенін дәлелдейді емес пе?! (Зәб. 103:17).

5. а) Шайтан адамзаттың көзін құртпақшы болғанда, Ехоба не істеді? ә) Ехобаның қай уәделері орындалып қойды? (“Шындықтың Құдайы сөзінде тұрады” деген қоршауды қараңыз.)

5 Ехоба айтқанын міндетті түрде орындайды. Ол жерді “бекерден-бекер емес, мекендеу үшін жаратқан” болатын (Ишая 45:18, 19). Бірақ алғашқы жұп Құдайға қарсы шығып, өлімге кесілді. Сол кезде Шайтан Ехобаның жерге қатысты ниетіне балта шаптым деп ойлаған шығар. Бірақ Ехоба — ниет еткенін міндетті түрде жүзеге асыратын Құдай (Ишая 46:10, 11). Шайтанның қастандығы Ехобаның жер бетін әділ адамдарға толтырамын деген ниетін еш өзгерткен жоқ. Сол себепті Ехоба Адам мен Хауаның балалы болып, көбеюіне жол берді. Кейін сол туылған ұрпақты құтқару үшін ол өз Ұлын жерге жіберіп, төлем ретінде құрбан етті. Сөйтіп, адамзаттың мәңгі өмір сүруіне қайтадан жол ашты! (Жох. 3:16).

Шындықтың Құдайы сөзінде тұрады

Ехоба өз уәдесінде тұрған кейбір жағдайларға назар аударайық:

  • Ол Мұса арқылы исраилдіктерге ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерді мұралыққа беретінін уәде еткен (Мұс. 2-ж. 3:6—8; Мұс. 5-ж. 27:3).

  • Ол Мәсіх келіп, адамзатты күнә мен өлімнен азат ететінін уәде еткен (Ишая 53:11, 12).

  • Ол осы заманның соңы келмей тұрып, дүниежүзі бойынша уағыз ісі жүретінін уәде еткен (Мат. 24:14).

Ехоба өз сөзінде тұрған тағы қандай жағдайларды білесіз?

ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ ӨЗ НИЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

6. Едем бағында Ехоба Шайтанға қатысты қандай пайғамбарлық айтты?

6 Адам мен Хауаны Құдайға қарсы шығуға үгіттеген “Ібіліс әрі Шайтанa деп аталған ежелгі жылан” еді (Аян 12:9; Мұс. 1-ж. 3:4, 5; Жох. 8:44). Ехоба оған бірден үкім шығарып, түбінде жойылатынын айтты (Мұс. 1-ж. 3:15). Бұл үкім жүзеге аспас бұрын, көп адам Шайтанның соңынан еріп, оның зұлым істеріне ортақтасады. Бірақ Ехобаға адал болып қалатындар да болады.

7. Шайтанға ергендер деген кімдер және олармен не болады?

7 Шайтанға ергендер деп жолдан тайған періштелер мен Құдайға мойынсұнудан бас тартқан адамдарды айтамыз. Олар Ехобаның ниетіне қайшы әрекет етіп жүргендіктен, Шайтанның ұрпағына айналды. Құдай белгілеген күні олар Шайтанмен бірге жойылатын болады (Дан. 2:44; Рим. 16:20).

8. 1914 жылы Иса не істеді? (Суреттерді де қараңыз.)

8 Ехоба өз уәдесінде тұрып, Шайтан мен оның жақтастарын жоятынына неге сенімді болсақ болады? Өйткені 1914 жылы Шайтанға қарсы соғыс басталып қойды. Сол жылы Иса Шайтан мен оның жақтастарын көктен жерге лақтырды (Аян 12:7—9). Киелі кітапта: “Жер мен теңіздегілерге қасірет, өйткені Ібіліс сендерге түсті. Ол өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы”,— делінген (Аян 12:12). Расында да, жердегілерге қасірет! 1914 жылдан бері Шайтан жердегілерге әбден шүйлігіп алған. Жердегі жағдай ушыққан үстіне ушығып, адамзат қайғы-қасіреттен көз ашпай келеді. Бірақ жуырда Иса Шайтан мен оның жақтастарын жойып, “толық жеңіске жетеді” (Аян 6:2). Сол кезде Иса Ехобаның есімін біржола ақтап алады (Зәб. 45:4—6). Сонда жер бетіндегі әрбір адам Ехоба Шындықтың Құдайы екенін білетін болады (Езек. 38:23).

Коллаж: 1914 жылдан бері жер бетінде болып жатқан жағдайлар. 1. Жеті басты айдаһар, яғни Шайтан жерге лақтырылып жатыр. 2. Соғыста қарулы сарбаздар окоптан жорғалап шығып, жауды аңдып жатыр. 3. Бомба жарылғаннан пайда болған саңырауқұлақ пішінді түтін. 4. Үйсіз-күйсіз далада жүрген бір әйел жылап жатқан баласын құшақтап отыр. 5. Сарбаз винтовкасын дәлдеп, атуға оқталып тұр. 6. Бір ер адам жермен-жексен болып қирап қалған қалада жүр. 7. Зауыттардан шыққан түтін ауаны ластап жатыр. 8. Қалада ығы-жығы жүрген адамдар беттеріне маска тағып алған. 9. Көтерілісшілер полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп жатыр.

World War I: U.S. National Archives photo; bomb: USAF photo; pandemic: blvdone/stock.adobe.com; riot: inhauscreative/E+ via Getty Images

1914 жылдан бері жер бетіндегі жағдай күн сайын ушығуда (8-абзацты қараңыз)


ШЫНДЫҚТЫҢ ҚҰДАЙЫ ШЫНДЫҚТЫ СҮЙЕТІНДЕРДІ ЖИНАП ЖАТЫР

9. Ехоба бүгінде кімдерді жинап жатыр?

9 Бүгінде Ехоба “көк пен жердегілердің бәрін Мәсіхтің қол астына жинап” жатыр (Ефес. 1:10). “Көктегілер” деген майланғандарды білдіреді. Ехоба оларды көкте Мәсіхпен бірге билік ету үшін таңдап алды. Ал “жердегілер” деген жер бетінде орнайтын жұмақта мәңгі өмір сүретіндерді білдіреді. Бұл екі топ та Шайтанның өтірігін әшкерелеп, Ехоба жайлы шындықты жариялауға белсене атсалысып жүр.

10. Ехоба адамдарды жалған діннің құрсауынан босату үшін не істеп жатыр? (Аян 14:6, 7)

10 Ехоба шындықты сүйетіндерді жинау үшін тарихта бұрын-соңды болмаған уағыз ісін ұйымдастырды (Аян 14:6, 7 оқыңыз). Дүниежүзі бойынша жүріп жатқан бұл іске ол жердегі қызметшілерін ғана емес, көктегі періштелерін де жұмылдырып қойған. Уағыз ісінің арқасында Ехоба жайлы өтірікті беталды таратып жүрген Ұлы Бабыл, яғни дүниежүзілік жалған діндер империясы, әбден әшкереленіп жатыр (Аян 18:2, 4). Жуырда Ұлы Бабыл құлап, жалған діндер түгелімен жойылады. Сол кезде шындықты сүйетіндер шындыққа бет бұрып, бар мадаққа лайық Ехобаны дәріптейтін болады (Аян 17:16).

11. Шындықтың Құдайына ғибадат ететіндерді қалай ажыратуға болады?

11 Ехоба шындықты сүйетіндерді әртүрлі ұлттан, әртүрлі халықтан жинап жатыр (Аян 7:9, 10). Бұл адамдар ізгі хабарды естігенде, бұның шындық екенін түсініп, Ехобаның халқына қосылуда (Мар. 13:10). Шындықтың Құдайына ғибадат етіп жүргендерді жүріс-тұрыстары мен уағыз ісіне атсалысып жүргендерінен ажыратуға болады. Біздің күндерімізде бұл айдан анық көрінетінін Малахи пайғамбар алдын ала айтып кеткен. Ол: “Сол кезде әділ мен зұлымның, Құдайға қызмет ететін мен қызмет етпейтіннің арасындағы айырмашылықты тағы да көресіңдер”,— деген (Малх. 3:18).

12. Ехобаның ниетінің жүзеге асуына уағыз ісі қалай септігін тигізіп жатыр?

12 Біз Патшалық жайлы ізгі хабарды уағыздау арқылы, бір жағынан, Исаның бұйрығын орындап жүрсек, бір жағынан, пайғамбарлықтың орындалуына атсалысып жүрміз (Мат. 24:14; 28:18—20). Ізгі хабарды жариялап жүргеніміздің арқасында дүниежүзі бойынша қаншама адам шындықты біліп, Исаның ізбасары болып жатыр. Енді олардың мәңгі өмірге ие болып, Ехобаға мәңгі бақи ғибадат етуге үміті бар. Ехобаның ниетінің жүзеге асуына біздің де осылай үлес қосып жүргеніміз зор мәртебе емес пе?!

БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН ЕКЕНІНЕ НЫҚ СЕНЕЙІК

13. Шайтанның басты нысанасы кімдер және неге?

13 Шайтан Ібіліс “өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы” (Аян 12:12, 13). Ол “Құдайдың өсиеттерін орындап және Иса туралы куәлік етіп жүрген” майланғандарға әбден шүйлігіп, оларды басты нысанаға алған (Аян 12:17; 14:12). Шайтан оларды қолдап жүргендердің де ізіне түсіп, аяусыз қудалап жүр.

14. Шайтанның Құдай халқына тап беруі немен аяқталады? (суретті де қараңыз.)

14 Ұлы Бабыл жойылған соң, Шайтанның жақтастары Ехобаның халқына тап береді. Бұның арты Армагеддон соғысына әкеліп соғады (Аян 16:13, 14, 16). Сол кезде Иса мен оның көктегі әскері Ехобаның қызметшілерін құтқарып, аман алып қалады. Ал Шайтанның дүниесі мен ондағы жүйелердің бәрін түп-тамырымен жояды (Аян 19:19—21). Зұлымдар мен өтірікшілер де бірі қалмай құрып жоқ болады (Аян 21:8). Осылай Ехоба өз сөзіне берік Құдай екені бүкіл әлемге әйгілі болады!

Ақ боз ат мінген Иса мен оның көктегі әскері жердегі қаруланған сарбаздарға шабуылдап жатыр. Иса садағын керіп тұр, ал қасындағы періштелердің қолында бір-бір семсері бар.

Иса мен оның көктегі әскері Құдайдың жауларын құрту үшін Армагеддон соғысына аттанып бара жатыр (14-абзацты қараңыз)


15. Болашағымыз жарқын екеніне неге еш күмәнданбасақ болады? (Ишая 65:16, 17) (Суретті де қараңыз.)

15 Бүкіл әлемді өтірік пен алауыздық жайласа да, Ехоба өз халқының арасына мызғымас бірлік орнатып қойған. Сондай-ақ ол шындықты сүйетіндерді әлі де жинап жатыр. Осылай Ехоба өз қызметшілеріне де, олардың атқарып жүрген ісіне де батасын беріп отыр. Оған ешкім де, ештеңе де кедергі бола алмайды (Ишая 65:16, 17 оқыңыз). Олай болса, болашағымыздың да жарқын екеніне нық сенейік. Елші Пауылдың мына бір сөздері де Ехоба сенім артуға тұратын Құдай екенін растайды: “Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, үкімет те, қазіргі не болашақтағы нәрселер де, ешбір күш те, биіктік те, тереңдік те, ешқандай жаратылыс та бізді Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы танытып отырған сүйіспеншілігінен айыра алмайды!” (Рим. 8:38, 39).

Ата-анасы ұл-қызымен үйдің ауласында табиғат аясына көз тастап, демалып отыр. Жақын маңда мүйізтұмсықтар жайылып жүр.

Жаңа дүниеде қазіргі қиындықтар еске де алынбайды (15-абзацты қараңыз)


16. Неге Ехобаға толықтай сенім артсақ болады?

16 Шындықтың Құдайы Ехобаға сенім артуға толық негіз бар, өйткені ол Жаратушымыз әрі бізді жақсы көреді. Қазірдің өзінде ол ниетін жүзеге асыру үшін әртүрлі халықтан ақжүрек адамдарды қарқындап жинап жатыр (Ишая 60:22; Зәк. 8:23). Жуырда ол Шайтанды жойып, бүкіл адамзатты өтіріктің шырмауынан босатады. Ехобаның ешбір сөзі ешқашан да орындаусыз қалмайды. Біз де Дәуіт патша сияқты былай деп дұға етейік: “Керемет істер жасайтын жалғыз Құдай... мадақталсын! Оның ұлы есімі мәңгі дәріптелсін, Оның салтанаты жержүзін толтырсын” (Зәб. 72:18, 19).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Неге “Шындықтың Құдайына” толықтай сенім артсақ болады?

  • Ехоба Шайтанның зұлым дүниесін қалай жояды және ол қазірдің өзінде ниетін қалай жүзеге асырып жатыр?

  • Болашағымыз жарқын екеніне неге еш күмәнданбасақ болады?

2-ӘН Сенің есімің — Ехоба

a Киелі кітапта жолдан тайған бұл періште тек “Шайтан” (қарсылас) және “Ібіліс” (жалақор) деп аталады. Оның шын аты Киелі кітаптың еш жерінде кездеспейді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу