Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w24 мамыр 20—25 бет.
  • Өмірлік жарды қалай іздеген дұрыс?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өмірлік жарды қалай іздеген дұрыс?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЛАЙЫҚТЫ ЖАРДЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕСЕҢІЗ БОЛАДЫ?
  • АСЫҚПАЙ БАҚЫЛАП КӨРІҢІЗ
  • КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙ БАСТАСАҢЫЗ БОЛАДЫ?
  • САЛТБАСТЫ БАУЫРЛАСТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙ АЛАМЫЗ?
  • Өмірлік жарыңызбен достығыңыз жарассын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Кездесіп жүргендер қалай дұрыс шешім қабылдай алады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Некенің сәтті болуы үшін жасалатын дайындық
    Отбасы бақытының сыры
  • Адалдық барда үй іргесі шайқалмас
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
w24 мамыр 20—25 бет.

21-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

107-ӘН Сүюдің кемелді үлгісі

Өмірлік жарды қалай іздеген дұрыс?

“Жақсы әйелді кім таба алар? Ол маржаннан да бағалы болар” (НАҚ. С. 31:10).

НЕГІЗГІ ОЙ

Лайықты жар табуға қатысты және неке құрғысы келетіндерді біз қалай қолдай алатынымызға қатысты Киелі кітап принциптерін қарастырамыз.

1, 2. а) Кездесуді бастамас бұрын, салтбасты мәсіхші қандай жайттарды ескеру керек? ә) Біреумен кездесу деген нені білдіреді? (“Сөз мәнін” қараңыз.)

СІЗ неке құрғыңыз келе ме? Бақытты болу үшін неке құру шарт емес. Соған қарамастан, жас не жасы үлкен болсын, салтбасты бауырластардың көбісі неке құрғысы келеді. Біреумен кездесуді бастамас бұрын, сіз өз-өзіңізді асырай алатын және рухани жағынан да, эмоциялық жағынан да толысқан адам болуыңыз керекa (Қор. 1-х. 7:36). Сонда ғана некеңіз бақытты бола алады.

2 Алайда лайықты жар іздеп табу оңай бола бермейді (Нақ. с. 31:10). Тіпті ұнатып, жақын танығың келетін адам табылып тұрғанның өзінде, оған барып, сезіміңді айту оңай емес. Бұл мақалада біз болашақ жар іздеуге қатысты және ұнатқан адаммен кездесудіb қалай бастауға қатысты кеңестерді қарастырамыз. Сондай-ақ қауымда бауырластар неке құрғысы келетін салтбасты бауырластарды қалай қолдай алатынын көреміз.

ЛАЙЫҚТЫ ЖАРДЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕСЕҢІЗ БОЛАДЫ?

3. Өмірлік жар іздегенде салтбасты мәсіхші қандай жайттарды ескеру керек?

3 Егер отбасын құруды ойлап жүрсеңіз, біреумен кездесуді бастамас бұрын өзіңізге қандай адам керегін жақсы біліп алыңыз. Әйтпесе өзіңізге сай келетін адамды байқамай қаласыз немесе сай келмейтін адаммен кездесе бастайсыз. Әрине, таңдаған адамыңыз шомылдыру рәсімінен өткен болу керек (Қор. 1-х. 7:39). Бірақ бұл шомылдыру рәсімінен өткен кез келген адам сізге лайықты жар болады деген сөз емес. Сондықтан былай деп ойланып көріңіз: “Менің өмірдегі мақсаттарым қандай? Болашақ жарымның бойында ең алдымен қандай қасиеттер болу керек? Талаптарым тым жоғары емес пе?”

4. Кейбіреулер не жайлы дұға етеді?

4 Өмірлік жар іздеп жүрген болсаңыз, Ехобаға бұл жайлы дұға етіп жүрген шығарсыз (Філіп. 4:6). Әрине, Ехоба өмірлік жар тауып беремін деп ешкімге уәде етпеген. Бірақ оған біздің қажеттіліктеріміз бен сезімдеріміз бәрібір емес. Ол сізді жар іздеп жүрген уақытта көмексіз қалдырмайды. Сондықтан сезімдеріңіз бен қалауларыңыз жайлы әрі қарай да дұға ете беріңіз (Зәб. 62:8). Одан шыдамдылық пен даналық сұраңыз (Жақ. 1:5). Құрама Штаттарда тұратын Джонc есімді салтбасты ер бауырлас не жайында дұға ететінін айтып берді. “Мен Ехобаға болашақ жарымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келетіні жайлы айтамын. Сондай адамды кездестірудің мүмкіндіктері туса екен, өзім де жақсы күйеу болуға қажетті қасиеттерді дамытайыншы деп сұраймын”,— дейді ол. Ал Шри-Ланкада тұратын Таня есімді қыз бауырлас былай дейді: “Ехобаға дұға еткенде, іздеп жүрген адамымды жолықтырғанша саған адал болып қалайын, қуанышымнан айырылмайын деп сұраймын”. Тіпті өз адамыңызды бірден кездестірмей жатсаңыз, Ехоба сіздің тәндік және эмоциялық қажеттіліктеріңізді қамдайтынына сенімді болыңыз (Зәб. 55:22).

5. Ехобаны жақсы көретін адамды кездестіру үшін салтбасты бауырлас не істей алады? (Қорынттықтарға 1-хат 15:58) (Суретті де қараңыз.)

5 Киелі кітап бізді “Иеміздің ісінде әрқашан көп еңбектенуге” шақырады (Қорынттықтарға 1-хат 15:58 оқыңыз). Ехобаның ісінен қолыңыз босамаса және әртүрлі бауырластармен аралассаңыз, жігер алып қана қоймай, өзіңіз сияқты Ехобаға жанқиярлықпен қызмет етіп жүрген салтбасты бауырластармен танысуға мүмкіндік болады. Сондай-ақ қызметте бар жақсыңызды беріп, Ехобаны қуантқаныңыз сізді шын бақытқа бөлейді.

Коллаж: 1. Салтбасты қыз бауырлас үлкендеу жастағы әйел бауырласпен қызметке шығып, мәз-мейрам болып әңгімелесіп келе жатыр. 2. Сол салтбасты қыз бауырлас құрылыста ас үлестіріп жатыр. 3. Салтбасты ер бауырлас ақсақалмен бірге бір ерлі-зайыптыға бақташылық сапар жасап жатыр. 4. Сол салтбасты ер бауырлас әлгі құрылыста электр арасымен жұмыс істеп жатыр.

Ехобаның ісінен қолыңыз босамаса және әртүрлі бауырластармен аралассаңыз, неке құруды ойлап жүрген бауырластармен танысуыңыз мүмкін (5-абзацты қараңыз)


6. Өмірлік жар іздеп жүрген бауырластар нені ұмытпау керек?

6 Бірақ абай болатын бір жайт бар: ненің маңыздырақ екенін ұмытып, бар ойыңыз жар іздеу болып кетпесін (Філіп. 1:10). Бақытты болуыңыз неке құрған-құрмағаныңызға емес, Ехобамен қарым-қатынасыңызға байланысты (Мат. 5:3). Салтбасты кезіңізде еркіндігіңіз көбірек болғандықтан, қызмет аясын кеңейте алатын шығарсыз (Қор. 1-х. 7:32, 33). Сондықтан уақытыңызды мейлінше тиімді пайдаланыңыз. Қырыққа таяған шағында тұрмыс құрған Құрама Штаттардағы Джессика есімді бауырлас былай дейді: “Менің қызметтен қолым босамайтын, соның арқасында тұрмысқа шыққым келсе де, қуанышымнан айырылмадым”.

АСЫҚПАЙ БАҚЫЛАП КӨРІҢІЗ

7. Неге сөз айтпас бұрын, адамды асықпай бақылап көрген маңызды? (Нақыл сөздер 13:16)

7 Өзіңізге лайықты болады-ау деген адамды жолықтырсаңыз, не істейсіз? Бірден ол адамға сезімдеріңіз жайлы айтасыз ба? Киелі кітапта айтылғандай, дана адам әрекет етпес бұрын, мән-жайды біліп алады (Нақыл сөздер 13:16 оқыңыз). Сондықтан адамға сөз айтпас бұрын оны сырттай бақылап көргеніңіз даналық болар еді. Нидерландта тұратын Эшвин былай дейді: “Сезім қалай тез пайда болса, дәл солай тез басылып қалуы мүмкін. Осындай уақытша сезімнің жетегінде кетіп, біреумен кездесуді бастап қоймас үшін, адамды асықпай бақылап көрген дұрыс”. Бақылап көрудің тағы бір пайдасы, адам сізге сай келмейтінін түсінуіңіз мүмкін.

8. Адамды қалай сырттай бақыласаңыз болады? (Суретті де қараңыз.)

8 Адамды қалай сырттай бақыласаңыз болады? Қауым кездесулерінде не отырыстарда оның рухани күйіне, мінезіне және жүріс-тұрысына назар аударыңыз. Оның достары кім? Жиі не туралы айтады? (Лұқа 6:45). Мақсаттары сіздікіне ұқсай ма? Соны байқап көріңіз. Оны жақсы білетін қауым ақсақалдарынан, толысқан бауырластардан ол жайлы сұрастырып көрсеңіз болады (Нақ. с. 20:18). Оның қасиеттері қандай? Басқалар оны қандай адам деп біледі? Соны сұрап алыңыз (Рут 2:11). Бірақ бақылап жүргенде, адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырудан сақ болыңыз. Оның сезімдері мен жеке өмірін құрметтеңіз, яғни айналшықтап қасынан шықпай қоймаңыз және ол жайлы тәптіштеп сұрай бергеніңіз де орынсыз болады.

Коллаж: Салтбасты ер бауырлас пен қыз бауырлас қауымда бір-бірін сырттай бақылап жатыр. 1. Қыз бауырлас бір ер бауырластың үлкен жастағы ерлі-зайыптымен қалай араласып жатқанына қарап тұр. 2. Ер бауырлас сол қыз бауырластың қауымдағы тапсырмасын қалай орындап жатқанын бақылап отыр.

Сезіміңізді білдірмес бұрын, адамды біршама уақыт сырттай бақылап көріңіз (7, 8-абзацтарды қараңыз)


9. Адамға барып, сезіміңізді білдірмес бұрын не нәрсеге сенімді болуыңыз керек?

9 Адамға барып, сезіміңіз жайлы айтпас бұрын, оны қанша уақыт бақылауыңыз қажет? Егер тез арада айтсаңыз, ол сізді ойланбай әрекет ететін адам деп ойлауы мүмкін (Нақ. с. 29:20). Ал егер керісінше, ұзақ жүріп алсаңыз, ол сізді екіойлы, шешім қабылдай алмайтын адам деп ойлауы мүмкін, әсіресе оған деген сезіміңіз бар екенін байқап жүрсе (Уағ. 11:4). Мынаны ұмытпаңыз: адамға сезім білдіру үшін оған үйленетініме нақты сенімді болуым керек деп ойламаңыз. Бірақ өзіңіз неке құруға дайын екеніңізге және ол адам сізге шамамен сай келетініне сенімді болуыңыз қажет.

10. Біреудің сізге сезімі бар екенін байқасаңыз, бірақ сіздің оған сезіміңіз жоқ болса, не істеуіңіз керек?

10 Ал егер біреудің сізге сезімі бар екенін байқасаңыз, не істеген дұрыс? Сіздің ол адамға деген сезіміңіз жоқ болса, бұны іс-әрекетіңізбен анық көрсетіңіз. Сезіміңіз жоқ бола тұра, оны үміттендіріп қойғаныңыз мейірімділікке жатпас еді (Қор. 1-х. 10:24; Ефес. 4:25).

11. Егер сізге екі жасты таныстыру не үйлендіру тапсырылса, қандай жайттарды ескерген дұрыс?

11 Кейбір елдерде ата-анасы не туысқаны жастарға жарды өздері таңдап, өздері үйлендіреді. Ал өзге елдерде лайық болады-ау деген жарды достары не туыстары тауып береді, бірақ достасу-достаспауды жастар өздері шешеді. Егер екі жасты таныстыру не үйлендіру сізге тапсырылып жатса, екі тараптың да қажеттіліктері мен талаптарын ескеріңіз. Лайықты болады-ау деген адамды тапсаңыз, оның мінезін, қасиеттерін, ең бастысы, рухани күйін жақсы біліп алыңыз. Адамның Ехобамен қарым-қатынасы оның ақшасынан, білімінен, оның қандай отбасынан шыққанынан анағұрлым маңызды. Бірақ ұмытпаңыз, салтбасты ер бауырлас пен қыз бауырлас неке құра ма, жоқ па — оны өздері шешу керек (Ғал. 6:5).

КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙ БАСТАСАҢЫЗ БОЛАДЫ?

12. Біреумен кездескіңіз келсе, бұны оған қалай айтсаңыз болады?

12 Біреумен кездескіңіз келсе, оған сезіміңізді қалай білдірсеңіз болады?d Көпшілік орындарында жеке көрісіп не телефонмен хабарласып айтсаңыз болады. Ең бастысы, ойыңызды анық жеткізіңіз (Қор. 1-х. 14:9). Қажет болса, адамға ойлануға уақыт беріңіз (Нақ. с. 15:28). Ал егер адам сізде ойы жоқ екенін айтса, шешімін құрметтеңіз.

13. Біреу сізге сезімін білдіріп келсе, не істегеніңіз жөн? (Қолостықтарға 4:6)

13 Ал егер біреу келіп, сізге сезімін білдірсе ше? Біреуге сөз айту үлкен батылдықты талап етеді. Сондықтан ол адамға мейірім мен құрмет танытыңыз (Қолостықтарға 4:6 оқыңыз). Егер ойлануға уақыт қажет болса, соны айтыңыз. Алайда жауабыңызды тез арада айтуға тырысыңыз (Нақ. с. 13:12). Ал егер ол адаммен кездесуді қаламасаңыз, оны жұмсақтықпен әрі анық жеткізіңіз. Австриядағы Ханс есімді ер бауырлас бір қыз бауырлас сезімін білдіргенде не істегенін айтып былай деді: “Мен өз жауабымды оған ілтипатпен, бірақ анық жеткіздім. Текке үміттеніп қалмасын деп жауабымды бірден айттым. Ойым өзгерді деп ойлап қалмас үшін, кейін де не айтып, не қоятыныма мұқият болдым”. Ал егер адаммен кездесуге дайын болсаңыз, достасып жүргенде не істеп, не істемейсіздер, кімге айтып, кімге айтпайсыздар деген сияқты жайттарды талқылап алыңыз. Мәдениетке не басқа да жайттарға байланысты оның талаптары мен қалаулары сіздікінен өзгеше болып шығуы мүмкін.

САЛТБАСТЫ БАУЫРЛАСТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙ АЛАМЫЗ?

14. Салтбасты бауырластарды сөзімізбен қалай қолдай аламыз?

14 Неке құрғысы келетін салтбасты бауырластарды қалай қолдасақ болады? Оның бір жолы — не айтатынымызға мұқият болу (Ефес. 4:29). Былай деп ойланып көрейік: “Неке құрғысы келетін бауырласқа тиісіп, қалжыңдаймын ба? Ер бауырлас пен қыз бауырластың сөйлесіп тұрғанын көрсем, бірден араларында бірдеңе бар деп ойлаймын ба?” (Тім. 1-х. 5:13). Біз сөзімізбен салтбасты бауырластарды бірдеңеден құр қалып жүр, олар басқалардан төмен деген ойға қалдырмауымыз керек. Жоғарыда айтылған Ханс бауырлас былай дейді: “Кейбір ер бауырластар маған “Неге үйленбейсің? Жасың болса, өтіп бара жатыр” деп қоймайды”. Салтбасты бауырластарымызға осындай сөздер айтсақ, оларды бағаламағандай боламыз. Оның үстіне, неке құрғысы келіп жүрген бауырластарға қысым жасап қоямыз. Оданша оларды мақтаудың мүмкіндігін іздеп жүргеніміз жөн емес пе?! (Сал. 1-х. 5:11).

15. а) Римдіктерге 15:2-ге сай, біреуге жар таңдауға көмектеспес бұрын нені ескеруіміз керек? (Суретті де қараңыз.) ә) Бейнероликтен қандай маңызды ойларды түйіп алдыңыз?

15 Егер қандай да бір қыз бауырлас пен ер бауырлас бір-біріне сай келетіндей көрінсе, не істейсіз? Киелі кітап бізді өзгелердің сезімін ескеруге шақырады (Римдіктерге 15:2 оқыңыз). Көп салтбасты бауырластар өздерін біреумен таныстырғанын қаламауы мүмкін және біз олардың бұл қалауларын құрметтеуіміз керек (Сал. 2-х. 3:11). Әрине, кейбіреулер бұндай көмекке риза болуы мүмкін. Бірақ өздері сұрамаса, өмірлеріне араласып, біреумен таныстырып жүруден аулақ болуымыз керекe (Нақ. с. 3:27). Кейбір салтбасты бауырластар біреулердің көмегімен танысуды қалағанмен, адаммен жеке көрісіп танысқысы келмеуі мүмкін. “Мұндай бауырластарды үлкен отырыстарға шақыруға болады. Сол жерде олар бір-бірімен танысып, әрі қарай не істейтіндерін өздері шеше алады”,— дейді Германияда тұратын Лидия есімді салтбасты бауырлас.

Салтбасты ер бауырлас пен қыз бауырлас достық отырыста бір-бірімен әңгімелесіп тұр.

Үлкен отырыстар салтбасты бауырластардың бір-бірімен танысуына жағдай жасайды (15-абзацты қараңыз)


16. Салтбасты бауырластар нені есте ұстау керек?

16 Салтбасты болайық, неке құрған болайық, бәріміз де бақытты әрі мәнді өмір кеше аламыз (Зәб. 128:1). Егер неке құрғыңыз келсе, бірақ лайықты адамды әлі таппаған болсаңыз, бар назарыңыз Ехобаға қызмет етуде болсын. “Негізі, жұмақта жарыңызбен өткізетін уақытпен салыстырғанда, қазіргі салтбасты болып жүрген уақыт қып-қысқа ғой. Сондықтан қазіргі уақытты бағалап, оны барынша тиімді пайдаланыңыз”,— дейді Макаода тұратын Син Ий бауырлас. Ал ұнататын адамын жолықтырып, кездесіп жүргендер жайлы не дейміз? Олар бұл кезеңнің пайдасын көріп, дұрыс шешім қабылдау үшін не істей алатындарын келесі мақалада қарастырамыз.

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Лайықты жарды қалай іздесеңіз болады?

  • Сөз айтпас бұрын, неге адамды сырттай бақылап көрген дұрыс?

  • Үйленгісі келетін бауырластарды қауымдағылар қалай қолдай алады?

137-ӘН Ехобаға адал әйелдер

a Кездесуге дайын не дайын емес екеніңізді түсіну үшін jw.org сайтындағы “Танысу мен кездесу. 1-бөлім: Біреумен кездесуге дайынмын ба?” деген мақаланы қараңыз.

b СӨЗ МӘНІ: Осы және келесі мақаладағы “кездесу” деген сөз қыз бен жігіттің бір-бірін жақсырақ танып, бір-біріне сай келетін-келмейтінін анықтау үшін араласатын кезеңіне нұсқайды. Кездесу кезеңі қыз бен жігіт сезімдері жайлы бір-біріне анық айтқан кезде басталады және бұл кезең олар үйленуді не айырылысуды шешкенге дейін жалғасады.

c Кейбір есімдер өзгертілген.

d Кей мәдениеттерде көбінесе ер бауырлас қыз бауырласқа сөз айтып, кездесуді ұсынады. Алайда қыз бауырластың да бірінші болып ұсыныс жасағанында тұрған ештеңе жоқ (Рут 3:1—13). Көбірек білу үшін, 2004 жылғы “Ояныңдар!” журналының 22 қазанындағы санынан “Вопросы молодежи: Как мне рассказать ему о своих чувствах?” (ор.) деген мақаланы қараңыз.

e jw.org сайтынан “Сенім жолындағы жеңімпаз күрескерлер. Салтбасты бауырластар” деген видеоны көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу