Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w23 ақпан 2—7 бет.
  • Киелі кітаптың өз Авторы жайлы айтары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітаптың өз Авторы жайлы айтары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ КӨРІНЕДІ
  • КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ ӘДІЛЕТТІЛІГІ КӨРІНЕДІ
  • КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ СҮЙІСПЕНШІЛІГІ КӨРІНЕДІ
  • “ИГІ СЫЙДЫ” ҚАЗЫНАҒА БАЛАЙЫҚ
  • Киелі кітап — Құдайдың бізге жолдаған хабары
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Қуанышты хабардың Құдайдан екенін қайдан білеміз?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
  • ‘Құдай сөзіндегі’ даналық
    Ехобаға жақында
  • Неге Құдайдан білім алған абзал?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
w23 ақпан 2—7 бет.

6-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

Киелі кітаптың өз Авторы жайлы айтары

“Мен саған айтқан сөздердің бәрін кітапқа жазып қой” (ЕРМ. 30:2).

96-ӘН Құдайдың берген қазынасы

АҢДАТПАa

1. Біз Киелі кітапқа неге ризамыз?

ЕХОБА бізге Киелі кітапты бергеніне қандай ризамыз десеңізші! Бұл кітап бізге осы өмірдің ауыртпалығын көтеруге қажетті ақыл-кеңес беріп, жөн сілтейді. Алдымызда ғажап өмір күтіп тұрғанын айтып, үміт те береді. Ал бұдан да маңыздысы — Ехобаның қандай Құдай екенін ашады. Оның көркем қасиеттері жайлы білгенде жүрегіміз елжіреп, “бұндай Құдаймен қалай дос болмайсың” деп қаламыз (Зәб. 25:14).

2. Ехоба өзінің қандай Құдай екенін адамзатқа қалай ашты?

2 Ехоба адамдар оның қандай Құдай екенін білсе екен дейді. Сондықтан ол кезінде аян беру, түс көрсету және періштелерді жіберу арқылы өзі туралы көп жайтты ашқан (Мұс. 4-ж. 12:6; Ел. іс. 10:3, 4). Осының бәрі қағаз бетіне түсіріліп, жинақталмаса, ешкім де оны оқып-зерттей алмас еді. Сондықтан Ехоба біз білсін деген мәліметтің бәрін қызметшілеріне жазғызып, кітапқа түсірді (Ерм. 30:2). Ехоба бізбен басқа жолмен емес, Киелі кітап арқылы сөйлесетіні біз үшін ең тамаша, ең пайдалы әдіс екеніне нық сенімдіміз, өйткені “шынайы Құдайдың жолы кемелді” (Зәб. 18:30).

3. Ехоба өз Сөзін қалай сақтап келді? (Ишая 40:8)

3 Ишая 40:8 оқыңыз. Киелі кітап Құдайдың адал қызметшілеріне мыңдаған жылдар бойы жол сілтеп, ақылшы болып келеді. Бірақ оның сонау ежелгі заманда жазылғанын әрі тез құрып кететін материалдарға жазылғанын ескерсек, біздің кезімізге дейін ол қалай жетті? Ехоба өзінің қасиетті Сөзін адамдарға көшіртіп отырды. Ол көшірмешілер кемелсіз болса да, өз жұмыстарын асқан ұқыптылықпен атқарған. Мысалы, Еврей жазбаларының көшірмелеріне қатысты бір ғалым былай деді: “Бұл Жазбалар ежелден қалған еңбектердің ішінде ең тура сақталғаны десек, қалт айтпаймыз”. Біз сан ғасыр өтсе де, тез құритын материалдарға жазылса да, кемелсіз адамдар көшірсе де, қолымыздағы Киелі кітапта оның Авторы — Ехобаның ойлары сақталғанына нық сенімдіміз.

4. Бұл мақалада не қарастырамыз?

4 Біздегі “игі де кемелді сыйдың бәрі” Ехобадан (Жақ. 1:17). Сол тамаша сыйлардың бірі — Киелі кітап. Әдетте біреуден жақсы бір сыйлық алсақ, “бұл кісі мені жақсы біледі екен, дәл керегімді беріпті” деп риза болып жатамыз. Осылай сыйына қарап, оны берген адамды танимыз. Сол сияқты, Киелі кітапты оқып, оған үңілгенде, біз Ехобаны жақыннан тани түсеміз. Ехобаның бізді де, мұқтаждығымызды да жақсы білетінін көреміз. Осы мақалада Ехобаның даналығы, әділдігі және сүйіспеншілігі Киелі кітап беттерінде қалай ашылатынын білеміз. Алдымен, даналығына тоқталайық.

КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ КӨРІНЕДІ

5. Киелі кітап Құдайдың даналығына тұнған кітап екенінің бір дәлелі қандай?

5 Ехоба бізге даналық қажет екенін білгендіктен, ақыл-кеңеске толы Киелі кітабын тарту еткен. Оның құдіреті сондай — адамға әсер етіп, өмірін жақсарта алады. Жазбалардың алғашқы кітаптарын жазғаннан кейін, Мұса пайғамбар Құдай халқына: “Бұлар құр сөз емес, өмірлерің соларға байланысты”,— деген (Мұс. 5-ж. 32:47). Расында да, Киелі кітаптағы сөздерге мойынсұнған адамның ісі де сәтті, өзі де бақытты болады (Зәб. 1:2, 3). Қаншама уақыт бұрын жазылса да, Құдай Сөзінің адамды жақсы жаққа өзгерте алатын құдіреті еш ортаймаған. Бұған jw.org сайтының “Киелі кітап адам өмірін өзгертеді” айдарындағы 40-тан астам өмірбаян дәлел (Сал. 1-х. 2:13).

6. Неге Киелі кітаптай кітап жоқ деп ауыз толтырып айта аламыз?

6 Киелі кітапқа тең келер кітап жоқ. Неге бұлай дейміз? Өйткені өзге кітаптардың авторлары дүниеден озып кеткен, ал уақыт өте ішіндегі кеңестері тиімсіз болып қалған. Ал Киелі кітаптың Авторы — құдіретті, мәңгі тірі әрі шексіз даналықтың иесі Ехоба Құдай. Оның Киелі кітабындағы ақыл-кеңесі ешқашан тозбайды, қай заманда болса да, адамдардың пайдасына жарайды. Бұл қасиетті кітаптың тағы бір ғажабы — оны оқып, ой жүгірткенде, бізге Ехобаның құдіретті рухы әсер етіп, көкірек көзімізді ашады, сондағы кеңесті қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі (Зәб. 119:27; Малх. 3:16; Евр. 4:12). Ендеше, осылай көмектесуге дайын әрі Сөзі де, өзі де тірі Автордың кітабын неге жүйелі түрде оқымасқа?!

Коллаж: 1. Шиыршық, қолжазба, кітап пен электронды нұсқадағы Киелі кітап. 2. Әртүрлі ұлттан, әрқилы ортадан шыққан адамдар баспа не электронды нұсқадағы Киелі кітапты үйде, жұмыста, автобуста оқып отыр.

Киелі кітап ежелде Ехобаның халқының басын қалай қосқан, ал қазір ше? (7, 8-абзацтарды қараңыз)

7. Киелі кітап ежелде Құдай халқының басын қалай біріктірген?

7 Киелі кітаптан Құдайдың даналығы көрінетіндігінің тағы бір себебі — Ехоба оны өз халқының басын біріктіретін құрал ретінде пайдаланған. Мысалы, исраилдіктер Уәде етілген жерге аяқ басқан соң, сол кең-байтақ жердің түкпір-түкпіріне қоныс тепкен. Сөйтіп, әрқайсысы өз шаруасымен кетіп, біреуі мал шаруашылығымен, біреуі егіндікпен, ал басқалары балық аулаумен айналысқан. Осылай елдің әр бұрышында тұрып жатқан исраилдіктер түбінде бір-бірінің хал-жағдайын біліспей, әркім өз-өзімен боп кетер еді. Бірақ Ехоба бүкіл халық үшін Құдай Сөзі оқылып, түсіндірілетін арнайы жиындарды ұйымдастырып қойды (Мұс. 5-ж. 31:10—13; Нех. 8:2, 8, 18). Елдің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған исраилдікпен Иерусалим қаласында бас қосып, бір сенімдегі бауырларын көргенде, олар ерекше сезімге бөленген шығар! Осылай Ехоба халқының басын біріктіріп, ұйытып ұстап отырған. Ал I ғасырдағы мәсіхшілер қауымын алсақ, онда тілі де, шыққан ортасы да, тұрмыс деңгейі де әртүрлі адамдар болған. Бірақ барлығы бірдей Киелі жазбаларды сүйгендіктен, олар бір шынайы Құдайға ғибадат еткен. Ал жаңадан сенуші болғандар Құдай Сөзін басқа бауырластардың көмегімен және қауым кездесулерінде түсіне алған (Ел. іс. 2:42; 8:30, 31).

8. Киелі кітап бүгінде Құдай халқының бірлігіне қалай ұйытқы болып отыр?

8 Ехоба қазіргі таңда да Киелі кітаптың көмегімен өз халқына білім беріп, оларды біріктіріп келеді. Біз рақатын көріп жүрген бүкіл рухани ас-судың көзі — осы Киелі кітап. Біз қауым кездесуінде және конгрестерде бас қосып, Құдай Сөзінің оқылып-түсіндірілгенін және талқыланғанын тыңдаймыз. Осылай Ехоба Киелі кітапты қолданып, өз халқының иық тіресе қызмет етуіне сеп болып отыр (Соф. 3:9).

9. Киелі кітапты түсіну үшін қандай қасиеттің болғаны шарт? (Лұқа 10:21)

9 Ехобаның даналығының тағы бір көрінісі — ол Киелі кітаптың көп жерін тек кішіпейіл адамдар ғана түсіне алатындай етіп жаздырған (Лұқа 10:21 оқыңыз). Негізі, Киелі кітапты кез келген адам оқи алады. Бір зерттеуші-ғалым айтқандай, “Киелі кітап әлемдегі ең көп оқылатын кітап қана емес, асқан зейінмен оқылатын кітап екен”. Алайда тек кішіпейіл жандар ғана оның шын мәнін ұғып, өмірінде қолдана алады (Қор. 2-х. 3:15, 16).

10. Киелі кітап Ехобаның даналығын тағы қалай паш етеді?

10 Киелі кітаптың Құдай даналығын паш етуі мұнымен бітпейді. Бұл кітаптың тағы бір кереметтігі — Ехоба ол арқылы өзінің бүкіл халқына тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, жеке әрқайсысымызға керекті ақыл-кеңесі мен жұбанышын сыйлайды. Бәріміз де Құдай Сөзін қолға алып оқығанда, Ехобаның жеке өзімізге деген қызығушылығын байқап, сезінеміз (Ишая 30:21). Өміріңізде қандай да бір қиындық туындап, Құдай Сөзіне жүгінгенде, дәл сізге арнап жазылғандай тармақ оқыған кезіңіз болған ба? Бірақ бұл кітап миллиондаған адамға арнап жазылған ғой, қалайша онда дәл сізге керекті сөздер табыла қалады? Өйткені оның Авторы — бәрінен асқан кемеңгер Ехоба (Тім. 2-х. 3:16, 17).

КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ ӘДІЛЕТТІЛІГІ КӨРІНЕДІ

11. Киелі кітаптан Құдай ешкімді алаламайтыны қалай көрінеді?

11 Ехобаның Киелі кітапта ашылатын тағы бір қасиеті — әділеттілік (Мұс. 5-ж. 32:4). Ехоба әділетті болғандықтан, ешкімді бөліп-жармайды (Ел. іс. 10:34, 35; Рим. 2:11). Оның ешкімді алаламайтынын Киелі кітаптың қандай тілдерде жазылғанынан көреміз. Мысалы, Киелі жазбалардың алғашқы 39 кітабының барлығы дерлік еврей тілінде жазылғандықтан, сол замандағы Құдай халқы оны жеңіл түсінген. Ал I ғасырға таман, грек тілінің кең таралуы себепті кейінгі 27 кітап негізінен сол грек тілінде жазылды. Көргеніміздей, Ехоба өзінің Сөзін бір ғана тілмен шектеп қойған жоқ. Ал бүгінде жер шары бойынша 8 миллиардтай адам бар әрі олар сан түрлі тілде сөйлейді. Олардың бәрі Ехоба туралы қалай біле алады?

12. Даниял 12:4 соңғы күндері орындалып жатқанының бір көрінісі қандай?

12 Ехоба Даниял пайғамбардың аузымен “ақырғы уақытта Киелі кітаптағы шынайы білім молая түсетінін” айтқан. Демек, Құдайдың Сөзін түсінетін адамдардың қатары көбейе бермек еді (Даниял 12:4 оқыңыз). Шынайы білімнің молаюына септігін тигізіп жатқан бір жайт — Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттердің көп тілге аударылып, басылып, таралып жатқаны. Киелі кітап бүгінде әлемдегі ең көп тілге аударылған және кең тараған кітап боп саналады. Осы дүниедегі коммерциялық ұйымдар Киелі кітаптың аудармаларын өте қымбат бағаға сатады. Ал Құдай халқы оны түгелдей я кейбір бөліктерін 240-тан астам тілге аударып, адамдарға тегін ұсынып жатыр. Осының арқасында барлық ұлттың өкілдері заманның ақыры келмей тұрып “Патшалық жайлы ізгі хабарды” естіп үлгеруде (Мат. 24:14). Осылай әділеттіліктің Құдайы Ехоба мейлінше көп адамның өзі жайлы білуіне қам жасап жатыр, өйткені ол барша адамды сүйеді.

КИЕЛІ КІТАПТАН ҚҰДАЙДЫҢ СҮЙІСПЕНШІЛІГІ КӨРІНЕДІ

13. Киелі кітаптан Ехобаның сүйіспеншілігі қалай көрінеді? (Жохан 21:25)

13 Киелі кітаптан Ехобаның ең керемет қасиеті — сүйіспеншілігін де көреміз (Жох. 1-х. 4:8). Мысалы, Киелі кітапқа нені жаздырып, ал нені жаздырмағанын алайық. Ехоба бізге қажетті мәліметті, яғни онымен дос болу үшін, қазірдің өзінде бақытты өмір сүру үшін және мәңгі өмір сүру үшін не істеу керектігін жаздырған. Ал біз көтере алмайтын қажетсіз мәліметтерді енгізбеген (Жохан 21:25 оқыңыз).

14. Киелі кітапта жазылғандардан Құдайдың сүйіспеншілігі тағы қалай көрінеді?

14 Ехоба өз Сөзін қалай жеткізгенінен бізге деген сый-құрметін сеземіз, бұл да оның сүйіспеншілігін көрсетеді. Ол өміріміздің әр саласына қатысты “мынау болады, мынау болмайды” деп ережелерді тізіп бермеген. Қайта, ол өмірде болған оқиғаларды, жантебірентерлік пайғамбарлықтар мен тиімді кеңестерді жаздырған. Соларды оқи отырып, біз өзіміз ойланып, дұрыс шешімге келе аламыз. Құдай Сөзінің осылай жазылғаны Ехобаны шын жүректен сүюге, оған өзіміз қалап мойынсұнуға қозғау салады.

Коллаж: 1. Кішкентай қыз “Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық” кітабын оқып, қожайын әйелмен сөйлескен исраилдік қыз жайлы ойланып отыр. 2. Жас ер бауырлас Киелі кітаптан Потифардың әйелінен қашқан Жүсіп жайлы оқып, ойланып жатыр. 3. Қарт әйел бауырлас Киелі кітаптан Исаны сәби кезінде көрген Анна пайғамбар жайлы ойланып отыр.

Неліктен Ехоба ежелде қызметшілеріне қалай қарағаны жайлы ой жүгірткеніміз дұрыс? (15-абзацты қараңыз)

15. а) Ехобаның Киелі кітап оқырмандарына деген қамқорлығы неден байқалады? ә) Суреттегі кішкентай қыз, ер бауырлас және қарт әйел бауырлас Киелі кітаптағы кімдер жайлы ойланып отыр? (Мұс. 1-ж. 39:1, 10—12; Пат. 2-ж. 5:1—3; Лұқа 2:25—38)

15 Киелі кітаптан біз Ехобаның адам баласына қаншалықты көңіл бөлетінін білеміз. Өйткені онда түрлі сезімдерді кешкен адамдардың оқиғалары өте көп. Олар дәл “біздікіндей сезімі бар адамдар болғандықтан”, кешкен күйлерін біз жақсы түсінеміз (Жақ. 5:17). Оның үстіне, Ехобаның сол адамдарға қалай қарағанын оқып білгенде, оның “өте жанашыр әрі мейірімді” Құдай екені ашыла түседі (Жақ. 5:11).

16. Киелі кітаптан қателік жасаған адамдар жайлы оқығанда, Ехоба жайында не білеміз? (Ишая 55:7)

16 Киелі кітаптан Ехобаның сүйіспеншілігі тағы бір нәрседен байқалады. Біз қателік жасап қойғанда, Ехоба бізден теріс айналып кетпейді. Мысалы, Исраил халқын алсақ, олар қайта-қайта Ехобаға қарсы күнә жасай берген. Десе де шын жүректен өкінген кезде, Ехоба оларды кешірген (Ишая 55:7 оқыңыз). I ғасырдағы мәсіхшілер де Ехобаның кешірімді әрі сүюші Құдай екенін сезінген. Мұны елші Пауылдың бауырластарға айтқан сөздерінен көреміз. Ол ауыр күнә жасап жүріп, кейіннен өкінген адамды “кешіріп, жұбатуға” шақырған (Қор. 2-х. 2:6, 7; Қор. 1-х. 5:1—5). Иә, Ехоба шалыс қадам басты екен деп, қызметшілерінен бірден бас тартып, тастап кетпеген! Қайта, мейірімділікпен оларға көмектесіп, түзетіп, қайтадан құшақ жая қарсы алуға дайын болған. Қандай керемет Құдай! Қазір де ол күнәсіна өкінген жандарға дәл осылай қарайды (Жақ. 4:8—10).

“ИГІ СЫЙДЫ” ҚАЗЫНАҒА БАЛАЙЫҚ

17. Неліктен Киелі кітап сондай ғажап сыйлық?

17 Ехоба бізге Киелі кітап деген неткен тамаша сый берген! Ол несімен ерекше? Одан Ехобаның дана, әділетті, сүюші Құдай екенін біліп отырмыз. Бұл кітап ненің айғағы? Ехоба ол туралы білсек екен дейді, онымен дос болсақ екен дейді.

18. Ехобаның “игі сыйы” — Киелі кітапқа деген ризашылығымызды қалай білдіре аламыз?

18 Ендеше, осы “игі сыйға”, яғни Құдай Сөзіне немқұрайды қарап кетпейік (Жақ. 1:17). Қайта, оны бағалайтынымызды көрсетіп, ондағы қасиетті сөздерді оқып, ой жүгіртейік. Сонда бұл кітаптың кемеңгер Авторы Ехоба біздің талпынысымызға батасын беріп, “өзі туралы білімді табуға” көмектеседі (Нақ. с. 2:5).

КИЕЛІ КІТАПТАН ЕХОБАНЫҢ МЫНА ҚАСИЕТТЕРІ ҚАЛАЙ АШЫЛАДЫ:

  • даналығы?

  • әділеттілігі?

  • сүйіспеншілігі?

98-ӘН Рухтың жетелеуімен жазылған Жазбалар

a Киелі жазбалар — бізді Жаратушымызға жақындататын қасиетті кітап. Бұл кітап арқылы Ехобаның дана, әділ, сүюші Құдай екені ашылады. Осыны түсінгенде Құдайдың Сөзін бағалай түсеміз әрі оның көктегі Әкеміз тарту еткен ғажап сый екеніне көзіміз жетеді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу