Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w21 қазан 29—31 бет.
  • 1921. Жүз жыл бұрын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1921. Жүз жыл бұрын
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БАТЫЛ УАҒЫЗДАУШЫЛАР
  • ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
  • ЖАҢА КІТАП!
  • АЛДА КӨП ЖҰМЫС КҮТІП ТҰРДЫ
  • Ехобаның айтқанын істеп, мол батаға кенелдім
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • 1922. 100 жыл бұрын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • 1923. Жүз жыл бұрын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
w21 қазан 29—31 бет.

1921. Жүз жыл бұрын

1921 жылы 1 қаңтарда шыққан “Күзет мұнарасы” журналында “Осы жылы бізді қандай іс күтіп тұр?” деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақтың жауабы, Ишая 61:1, 2-де айтылғандай, уағыз ісі болатын. Онда былай делінген: “Ехоба мені момындарға ізгі хабарды жариялауға тағайындады... Ехобаның ықылас түсіретін жылын, Құдайымыздың кек алатын күнін жариялауға жіберді”.

БАТЫЛ УАҒЫЗДАУШЫЛАР

Киелі кітап зерттеушілері “момындарға ізгі хабарды”, ал зұлымдарға “Құдайымыздың кек алатын күнін” жариялайтындықтан, батыл болулары керек еді.

Қарсылықтарға қарамай батыл уағыздаған бауырластардың бірі Канадада тұратын Джон Хенри Хоскин бауырлас еді. 1921 жылдың көктемінде ол бір пасторға уағыздайды. Ол ұсынысын былай деп бастайды: “Екеуіміз де Киелі кітаптан хабардар болғандықтан, әңгімеміз жарасатын сияқты. Кейбір жайттарға қатысты ойымыз бір жерден шықпаса да, жақсы қарым-қатынаста қаламыз деген ойдамын”. Бірақ Хоскин бауырлас ойлағандай болмады. Ол әрі қарай былай дейді: “Біз пастормен бар-жоғы бірер минут-ақ сөйлестік. Оның ашуланып, есікті тарс жапқаны сонша — есіктің терезесі қирап түсе ме деп қалдым”.

Әлгі пастор Хоскин бауырласқа: “Мынауыңды барып, Құдайды білмейтіндерге айтпайсың ба?!”— деп айқайлайды. Бірақ Хоскин бауырлас ішінен “онсыз да сондай адамға айтып тұрған жоқпын ба” деп ойлайды.

Келесі күні әлгі пастор өз шіркеуіне барғанда Хоскин бауырласты жамандап: “Мұндай сұрқия өтірікші біздің қаламызда бұрын-соңды болмаған. Ондай адамдарды ату керек!”— дейді. Бірақ Хоскин бауырлас қорқынышқа бой алдырмай, әрі қарай да батыл уағыздай береді. Ол былай деді: “Мен уағыз ісін одан сайын жақсы көріп кеттім. Қызметте кейбіреулер тіпті: “Сен Құдайдың адамысың ғой, саған қалай көмектесе аламыз?”— деп, қажетімді беріп тұратын.

ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Қызығушыларға рухани өсуге көмектесу үшін, “Алтын ғасыр”a журналында Киелі кітапты зерттеу бағдарламалары басылып шығарылатын. Балаларға арналған зерттеу бағдарламасында сұрақтар берілетін. Ата-аналар балаларына сол сұрақтарды қойып, жауабын Киелі кітаптан табуға көмектесетін. Сондай-ақ ол жерде “Киелі кітапта қанша кітап бар?” деген сияқты сұрақтар болатын. Бұл баланың білімін ұлғайтатын. Ал “Шынайы мәсіхшілер қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін бе?” деген сияқты сұрақтар баланы батыл уағыздаушы болуға дайындайтын.

Ал екінші зерттеу бағдарламасы Киелі кітаппен жақсы таныс ересек зерттеушілерге арналған еді. Онда жазылған сұрақтардың жауабын зерттеушілер “Жазбаларды зерттеу” кітабының 1-томынан таба алатын. Киелі кітапты зерттеуге арналған сол бағдарламалардың пайдасын мыңдаған оқырмандар көрді. Бірақ 1921 жылы 21 желтоқсанда шыққан “Алтын ғасыр” журналында бұл екі бағдарлама бұдан былай шықпайтыны хабарланды. Бұған не себеп болды екен?

ЖАҢА КІТАП!

“Құдайдың арфасы” деген кітап

Тапсырмалар жазылған карточка

Сұрақтар жазылған карточкалар

Жауапты бауырластар Киелі кітапты зерттеу сабақтары белгілі бір жүйемен өту керектігін түсінді. Осы мақсатта 1921 жылдың қараша айында “Құдайдың арфасы” деген кітап жарыққа шықты. Бұл кітапты алған қызығушылар Киелі кітапты өз беттерінше зерттеу курсынан өтетін. Осы курстың арқасында олар “Құдайдың адамзатты мәңгілік өмірге жеткізу мақсаты” жайлы білетін. Бұл курс қалай жүрді?

Адам кітаппен бірге кішкентай карточка алатын. Ол жерде кітаптың қай жерін оқу керектігі жазылатын. Ал келесі аптада оған тағы бір карточка жіберілетін. Ол жерде оқыған мәліметіне қатысты сұрақтар жазылатын және келесі аптада кітаптың қай жерін оқу керектігі көрсетілетін.

Бұл 12 апталық курс еді. Апта сайын жергілікті қауымның бауырластары зерттеушілерге жаңа карточка жіберіп отыратын. Әдетте бұл қызметті қауымдағы жасы үлкен және мүмкіндігі шектеулі бауырластар атқаратын. Пенсильвания штатында тұратын Анна Гарднер деген бауырлас былай дейді: “Құдайдың арфасы” деген кітап жарық көргенде, менің мүгедек әпкем Тэйл қатты қуанды. Өйткені бұл оған көбірек қызмет етуге мүмкіндік ашты. Ол сұрақтар жазылған карточкаларды зерттеушілерге апта сайын жіберіп отыратын”. Курс аяқталған соң, бауырластар зерттеушіге келіп, сабақты жүзбе-жүз жалғастыратын.

Тэйл Гарднер мүгедектер арбасында отыр

АЛДА КӨП ЖҰМЫС КҮТІП ТҰРДЫ

Сол жылдың соңында Рутерфорд бауырлас қауымдарға былай деп хат жазды: “Осы жылы Құдай Патшалығы жайлы хабар кеңінен таралды. Бұрын-соңды егін жинау ісінде ізгі хабар осыншалықты тиімді әрі кең көлемде уағыздалмаған. Бірақ алда бізді әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан осы маңызды іске қатысуға өзгелерді де шақырайық”. Киелі кітап зерттеушілері осы шақыруға құлақ асып, 1922 жылы Патшалық жайлы ізгі хабарды одан да көп адамға батылдықпен жеткізді.

Жанқияр достар

Киелі кітап зерттеушілері деп аталған Құдайдың халқы бір-бірі үшін жанын беруге дайын болды. Олар “қиын шақта” бір-біріне көмектесу үшін ержүректік танытты (Нақ. с. 17:17). Бұны келесі оқиға дәлелдейді.

1921 жылы 31 мамырда Оклахома штатының Тулса қаласында нәсілдік қырғын орын алды. Бұл “бір қара нәсілді жігіт ақ нәсілді қызға шабуылдады” деп айыпталып, түрмеге жабылғаннан кейін басталды. 1000-нан астам ақ нәсілді мен қара нәсілділердің шағын тобы қырылыса бастады. Бұл қақтығыс қара нәсілділер тұратын Гринвуд аймағына тез-ақ жетті. Ондағы 1400-ден астам үй мен бизнес ғимараттары тоналып, өртке оранды. Ресми деректерге сай, өлім саны: 36, ал шындығында 300-ге жуық.

Осы жағдайға куә болғандардың бірі — Гринвудта тұрған қара нәсілді Ричард Хилл бауырлас. Ол былай деді: “Сол күні кешке біз әдеттегідей қауым өткізіп жатқанбыз. Қауым аяқталған соң, орталық жақтан атыс-шабыстың дауысы естілді. Бұл түннің бір уағына дейін жалғасты”. Ал келесі күні, 1 маусымда, жағдай ушығып кетті. “Үйге бірнеше адам келіп, аман қалғымыз келсе, Конгрестер сарайына қашуымыз керектігін айтты”. Хилл бауырлас бес баласы мен әйелін алып, Тулсадағы Конгрестер сарайын паналады. Ол жерде 3000-дай қара нәсілді адам болды және оларды қақтығысты басу үшін үкімет жіберген әскер қорғап тұрды.

Дәл сол уақытта ақ нәсілді Артур Клаус бауырлас бір батыл әрекетке барды. Ол былай деді: “Осы қақтығыстың Гринвудқа дейін жеткенін, ондағы үйлердің тоналып, өртеліп жатқанын естігенде, бауырым Хиллдың жағдайын білмесем болмайды деп ойладым”.

Артур Клаус Құдайдың арфасы деген кітаптың көмегімен 14 баламен зерттеу сабағын өткізді

Артур бауырлас Хилл бауырластың үйіне келсе, бір ақ нәсілді кісі мылтық ұстап тұр екен. Ол Хилл бауырластың көршісі әрі досы екен. Ол Артурды көтерілісшілердің бірі деп ойлап: “Саған бұл жерде не керек?!”— деп айғайлайды.

“Жауабым көңілінен шықпағанда, ол мені атып тастамақ еді. Мен оған Хилмен дос екенімізді және оның үйіне талай рет келгенімді айттым”,— дейді Артур. Содан екеуі Хилл бауырластың үйін күзетіп, тонаушылардан сақтап қалды.

Кейін Артур Хилл бауырластың Конгрестер сарайында екенін біледі. Бірақ ол жерден генерал Бареттің қол қойылған рұқсатынсыз ешкімді шығармайды екен. Артур бауырлас былай деді: “Генералға жолығу мен үшін қиынның қиыны болды. Бірақ кейін алдына барып, жоспарымды айтқанда, ол: —Сен шынымен осы отбасына қамқорлық көрсете аласың ба?— деп сұрады. Мен “әрине” деп жауап бердім”.

Артур бауырлас рұқсат қағазын алып, Конгрестер сарайына қарай зулайды. Қағазды ондағы офицер көргенде: “Мәссаған, генералдың өзі саған қол қойып беріпті ғой. Бүгін біреуді осы жерден алып шығатын бірінші адам сенсің”,— деп таңғалды. Кейін Артур Хилл бауырласты тауып алған соң, оны отбасымен көлігіне отырғызып, үйге алып кетеді.

“Құдай халқы ретінде барлығымыз теңбіз”

Уәде бергеніндей Артур бауырлас Хилл бауырластың отбасына қарайласты. Оның ержүрек осы әрекеті басқаларға да жақсы әсер етті. Артур бауырлас былай деді: “Хилл бауырластың көршісі Ехоба куәгерлерін одан бетер құрметтейтін болды. Нәсілге бөлінбейтінімізді және Құдай халқы ретінде тең екенімізді көргендіктен, көп адам Патшалық жайлы хабарға қызыға бастады”.

a “Алтын ғасыр” журналының атауы 1937 жылы “Жұбаныш” деп, ал 1946 жылы “Ояныңдар!” деп өзгертілді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу