Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 1 14—15 бет.
  • Дұғаның берері бар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Дұғаның берері бар
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • Дұға қаншалықты әсерлі?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Жаратқанға дұға қылу арқылы жақындаңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 1 14—15 бет.

Дұғаның берері бар

Шетелде тұратын Памела деген әйел ауыр дертке шалдыққан кезде кәсіби мамандардың көмегін іздей бастайды. Бірақ ол мұнымен ғана шектелген жоқ. Ол Құдайға дұға қылып, одан күш сұрады. Дұға қылғаны оған не берді?

“Қатерлі ісікке қарсы ем алып жүргенде, қорқыныш мені әрдайым алқымымнан алатын. Бірақ мен Ехоба Құдайға дұға айтқан сайын, жаныма бір тыныштық орнайтын және санамдағы тұман сейілгенін сезетінмін. Бұл ауру әлі де жаныма батады. Бірақ дұға маған жақсы ойлауға көмектеседі. Адамдар менен “қалайсың?” деп сұраған кезде мен “жағдайым мәз емес, бірақ көңілім мәз” деп жауап беремін”,— дейді Памела.

Әрине, дұға етуді бастау үшін өмірдің ауыр соққыларын күтіп отырудың қажеті жоқ. Бәріміздің басымызда қиындықтарымыз бар, бірі үлкен болса, бірі — кіші. Олармен арпалысу үшін бізге көмек қажет болып жатады. Бізге дұға көмектесе ала ма?

Киелі кітапта мынандай сөздер бар: “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, Ол сені демейді. Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді” (Зәбүр 55:22). Бұл бір қанат өсірерлік сөздер, солай емес пе?! Сонымен, дұға бізге көмектесе ала ма? Құдайға дұрыс түрде дұға қылсаңыз, ол сізге қиындығыңызбен күресуге қажеттіні бере алады (“Дұғаның берері мол” деген қоршауды қараңыз).

Дұғаның берері мол

Жан тыныштығы

Алдында жұмысынан айрылып қалған бизнесмен енді күлімсіреп, аяғын нық басып кетіп барады.

“Барлық өтініштеріңді дұға етіп... Құдайға білдіріңдер. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды” (Філіпіліктерге 4:6, 7). Жаныңызды жеп бара жатқан уайымыңызды Құдайға айтсаңыз, тіпті стресс кезінде ол сізге сабырлық беріп, даналықпен әрекет етуге көмектеседі.

Құдай сыйлайтын даналық

Алдында дұғаны дұғалар жиынтығынан оқып берген әйел енді үйінде Киелі кітапты оқып отыр.

“Қайсыбіреуіңе даналық жетпей жатса, жомарттықпен әрі еш жазғырмай бере салатын Құдайдан сұрай берсін, сонда оған беріледі” (Жақып 1:5). Тығырыққа тығылған сәтте адам қате шешімдер қабылдап қоюы мүмкін. Сондайда Құдайдан даналық сұрасаңыз, ол өзінің сөзі Киелі кітаптағы сіз білетін көптеген жақсы кеңесті ойыңызға салады.

Күш пен жұбаныш

Алдында ауруханада жатқан ерлі-зайыпты саябақта серуендеп жүр. Күйеуі балдақ ұстаған әйелін ақырын ғана сүйемелдеп барады.

“Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын” (Філіпіліктерге 4:13). Он сегіз мың ғаламның Иесі Ехоба сізге қиындықтарыңызда күш бере алмайды дейсіз бе? Бергенде қандай! (Ишая 40:29). Ехоба Құдай Киелі кітапта “жұбаныш атаулының қайнар көзі” деп те аталған. “Ол бізді қиындық көрген кездің бәрінде жұбатады” (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4).

ДҰҒА ҚЫЛЫП ЖҮРГЕЙСІЗ!

Ехоба ешкімді дұға етуге мәжбүрлемейді. Ол бұған мейіріммен шақырады (Еремия 29:11, 12). Бірақ кезінде айтқан дұғаларыңыз жауапсыз қалғандай болса ше? Дұға айтуға жүрексініп, одан мүлдем бас тартып кетпеңіз. Мысалы, өмірде ата-ана балаларының өтінішін бірден орындамай, олардың қалағанын бірден істей салмауы мүмкін. Өйткені бала үшін ненің жақсы екенін олар жақсырақ біледі. Бірақ бір анық нәрсе — ата-ана баласына көмекке келуге әрдайым дайын.

Ехоба Құдай кез келген мейірімді ата-анадан асып түседі. Ол сізге көмекке келгісі келеді. Осы журналдағы Киелі кітаптың кеңестерін тағы бір рет мұқият сүзіп шықсаңыз және оларды өмірде қолдансаңыз, Құдай сіздің дұғаларыңызға ең жақсы жолмен жауап береді (Зәбүр 34:15; Матай 7:7—11).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу