МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Телефонмен уағыздау
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Телефонмен уағыздау — “ізгі хабарды жариялау арқылы түбегейлі куәлік берудің” маңызды жолы (Е.і 20:24)a. Бұл бізге адамдармен жүздесуге мүмкіндігіміз болмаған жағдайда куәлік беруге көмектеседі.
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Дайындалыңыз. Орынды болатын тақырып таңдаңыз. Содан кейін айтқыңыз келетін ойлардың жобасын жазып алыңыз. Сондай-ақ автожауап бергіш болған жағдайда үй иесіне не үшін хабарласқаныңызды түсіндіретін қысқа хабарлама дайындап қойыңыз. Үстел басына отырып, айтатын сөздеріңіздің жобасын, JW Library® қосымшасы не jw.org® сайты ашық тұрған электронды құрылғыңыз сияқты керек-жарақтарыңызды алып алыңыз.
Өзіңізді еркін ұстаңыз. Табиғи мәнерде сөйлеңіз. Адамның алдында тұрғандай жымиып, ым-ишарат жасаңыз. Қажетсіз кідіріс жасай бермеңіз. Басқа жариялаушылармен қызметтесіңіз. Егер үй иесі сұрақ қойса, оны дауыстап қайталаңыз, сонда серігіңіз жауабын табуға көмектесе алады.
Қайта баруға негіз қалаңыз. Егер адам қызығушылық танытса, келесі рет қоңырау шалғанда жауап беретін сұрақ қалдырыңыз. Сонымен қатар қандай да бір әдебиеттің, мақаланың я видеоның сілтемесін хабарлама арқылы не электронды поштасына жібере алатыныңызды айтыңыз. Орынды болса, адамға сайтымызда басқа да нәрселер бар екенін айтып өтіңіз.
a Егер аумағыңызда телефон арқылы куәлік беруге рұқсат берілген болса, бұл жеке бас мәліметтеріне қатысты заңдарға сай болу керек.