МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. JW.ORG сайтын қолдану
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Тәлім беру құралдарының ішіндегі барлық басылым jw.org сайтына сілтейді. Байланыс карталары мен “Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?” деген буклеттің де негізгі мақсаты — осы. Сіз jw.org сайтын қолданып, Тәлім беру құралдарының ішіндегі басылымды немесе оның сілтемесін электронды пошта арқылы жібере аласыз. Бұл әсіресе өзге тілде сөйлейтін адамға куәлік бергенде тиімді. Кейде адамдар Тәлім беру құралдарындағы басылымдарда кездеспейтін сұрақты көтеріп жатады. Сайтымызды қолдануды неғұрлым жақсы білсеңіз, қызметіңіз соғұрлым нәтижелі болады.
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
“КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ” санатын қолдану. Адам бала тәрбиесі жайлы білгісі келсе, КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ / НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ деген жерге кіріңіз.
“БАСЫЛЫМДАР” санатын қолдану. Мектепте бейресми куәлік беріп, сыныптасыңа “Жастарды қызықтыратын 10 сұрақ” кітапшасын көрсеткің келгенде, БАСЫЛЫМДАР / КІТАПТАР МЕН КІТАПШАЛАР деген жерге кір.
“БІЗ ЖӨНІНДЕ” санатын қолдану. Сіздің сеніміңіз жайлы қысқаша мәлімет алғысы келген әріптесіңізге жауап беру үшін, БІЗ ЖӨНІНДЕ / ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР деген жерге кіріңіз.
“JW.ORG САЙТЫН ҚОЛДАНУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРГЕН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСУ ҮШІН САЙТТЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫНЫ ЖАЙЫНДА ОЙЛАНЫҢЫЗ:
атеиске
жақында бақытсыздыққа ұшыраған кісіге
қауымнан қол үзіп қалған бауырласқа
біздің ісіміздің қаржыландырылуы жайында білгісі келген кісіге қайта барғанда
өз еліндегі жиналысқа барғысы келген шетелдік кісіге