Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қайта келуге негіз қалау
Бұл неліктен маңызды? Қызметте қызығушылықпен тыңдаған адамды кездестірсек, еккен шындықтың тұқымын суару үшін ол үйінде болғанда қайтып келуге тырысамыз (Қор. 1-х. 3:6). Сол үшін жиі кетер алдында біз қайта келуге негіз қалап, қашан тағы да жүздесе алатынымызды сұраймыз. Сонымен қатар келесі келгенде, талқылайтын сұрақ қалдырғанымыз дұрыс. Соның арқасында адам қайта кездесуді күтетін болады, ал қалдырған әдебиетте қойған сұрағымыздың жауабы болса, ол оны оқуға әлдеқайда ықыласты болады. Келесі әңгімеге негіз қалаудың тағы бір жақсы жағы — адаммен қайта кездесу оңайырақ болады, себебі талқылайтын тақырыбымыз белгілі әрі үй иесі де бұған дайын. Қайта кездескенде, біз қойған сұрағымыздың жауабын айтуға келгенімізді түсіндіріп, әңгімені жалғастыра береміз.
Осы айда былай етіп көр:
Ұсынысыңды дайындағанда, келесі жолы жауап беретін сұрақты да дайында. Қызметтесіп жүрген серігіңе бұл жайлы айтсаң болады.