МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жалған мәлімет таратудан абай болыңыз!
Қазіргі таңда ақпарат баспа жүзінде, радио, теледидар, интернет арқылы әп-сәтте миллиондаған адамға тарап кетеді. “Шындықтың Құдайына” ғибадат ететіндер, тіпті абайсызда болсын, өтірік мағлұматты таратудан аулақ (Зб 31:5 сілт.; М2ж 23:1). Өтірікті басқа біреуге жеткізсек, мұның үлкен зияны тиеді. Сондықтан естіп-білгеніңіздің рас-өтірігін анықтар кезде былай деп ойланып көріңіз:
Бұл мәлімет көзіне сенуге бола ма? Ақпаратты жеткізген адам мән-жайды түгел білмеуі мүмкін. Ауыздан-ауызға өткен әңгіме түбінде бұрмаланып кетеді. Сол үшін әңгіменің нақты қайдан бастау алғанын білмесеңіз, абай болыңыз. Қауымда жауапты қызмет атқаратын бауырластар сенімді мәлімет көзі деп қарастырылатындықтан, олар тексерілмеген мәліметті таратудан әсіресе сақ болғаны жөн.
Бұл біреуге жабылған жала ма? Егер мәлімет жеке бір адамның не топтың абыройына дақ түсіретін болса, оны өзгеге жаймаған дұрыс (Н.с 18:8; Фп 4:8).
Бұл әңгіме шындыққа жанаса ма? Дүр сілкіндірерлік әңгімелер мен оқиғаларды естігенде, көз жұмып илана салмаңыз.
“ӨСЕКТЕН ҚАШЫҚ БОЛ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Нақыл сөздер 12:18-де айтылғандай, сөздер қандай зиянын тигізуі мүмкін?
Філіпіліктерге 2:4 басқалар жайлы сөйлескенде байсалды болуға қалай үйретеді?
Әңгіме мысқылға айналып не жағымсыз реңк ала бастаса, не істеуіміз қажет?
Өзгелерді сөз етпес бұрын, не деп ойланып алсақ болады?