ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 17, 18
Қарапайым адам өзгелерді үйретіп, жауапкершілігімен бөліседі
Тәжірибелі ер бауырластар жастарды үйретіп, кейін оларға жауапкершіліктер тапсырғанда, қарапайымдылық, сүйіспеншілік пен көрегендік танытады. Мұны қалай істеуге болады?
Көбірек жауапкершілік алуға әлеуеті бар бауырластарды таңдап алыңыз
Тапсырманы қалай орындау керектігін анықтап түсіндіріңіз
Тапсырманы іске асыруға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіңіз
Тапсырмасы қалай жүріп жатқанын біліңіз және бұл іс қолынан келетініне сенетініңізді айтыңыз
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Өзгелерге қандай жауапкершіліктер тапсырсам болады?”