МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жаратылыстан батылдық жайлы не білеміз?
Ехоба Киелі кітаптағы ерлер мен әйелдердің үлгілері арқылы бізді өзіне ұнамды қасиеттерге баулиды. Ол өз қолынан шыққан жаратылыстары арқылы да бізге маңызды тәлім береді (Әп 12:7, 8). Біз арыстаннан, жылқыдан, мангустан, колибри мен пілден батылдық жайлы не үйренеміз?
“ЖАРАТЫЛЫСТАН БАТЫЛДЫҚҚА ҮЙРЕНЕЙІК” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Ана арыстандар балаларын қорғағанда, қалай батылдық танытады?
Жылқылар шайқаста батыл болуға қалай үйретіледі?
Мангустар улы жыландардан неліктен қорықпайды?
Құртақандай колибрилер қалай батыл келеді?
Пілдер топтағы өзге пілдерді қалай батылдықпен қорғайды?
Осы жануарлардан батылдық жайлы не үйрендіңіз?