Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.2. 10—14 бет.
  • “Қайратты да батыл бол!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Қайратты да батыл бол!”
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚҰДАЙСЫЗ ДҮНИЕДЕГІ БАТЫЛ КУӘГЕРЛЕР
  • СЕНІМ МЕН БАТЫЛДЫҚ ТАНЫТҚАНДАР
  • ЕХОБАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН БАТЫЛ ӘЙЕЛДЕР
  • СӨЗІМІЗ ӨЗГЕЛЕРГЕ БАТЫЛДЫҚ БЕРЕ АЛАДЫ
  • БАТЫЛ ПАТШАЙЫМ ЕСТЕР
  • “БАТЫЛ БОЛ!”
  • Батыл болып, іске кірісейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Батыл бол, Ехоба саған жар болады!
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Батыл болу тым қиын емес
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • “Батыл да табанды болыңдар!”
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.2. 10—14 бет.

“Қайратты да батыл бол!”

“Қайратты да батыл бол... Құдай Иең сенімен бірге жүріп жар болады” (ЕШУА 1:7—9).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢ?

Енох және Нұх қалай батылдық танытты?

Ежелдегі кейбір әйелдер сенім мен батылдықты қалай танытқан?

Жастардың арасынан кімнің батылдығы саған ұнады?

1, 2. а) Күнделікті өмірде дұрыс нәрсені істеу үшін бізге не қажет болуы мүмкін? ә) Осы мақалада нені қарастырамыз?

БАТЫЛДЫҚ — қорқақтық, жасқаншақтық және жүрексіздікке қарама-қарсы қасиет. Бәлкім, батыл деп біз өжетті, қайратты, ержүрек адамды айтатын шығармыз. Алайда кейде ерлікті ғана емес, жай ғана дұрыс нәрсені жасау үшін де батылдық керек болып жатады.

2 Киелі кітапта айтылған кей адамдар аса қиын шақтарда қорқынышқа бой алдырмаған. Басқалары болса Ехобаның қызметшілері әдетте кездесетін қиындықтарда батылдық танытқан. Киелі кітаптағы батылдыққа қатысты мысалдардан не үйрене аламыз? Және де біз осы қасиетті қалай таныта аламыз?

ҚҰДАЙСЫЗ ДҮНИЕДЕГІ БАТЫЛ КУӘГЕРЛЕР

3. Енох зұлымдар туралы қандай пайғамбарлық айтты?

3 Топан судың алдында құдайдан әбден безген адамзат арасында Ехобаның куәгері болу оңайға соқпаған. Сондай ортада өмір сүргеніне қарамастан, “Адам атадан кейінгі жетінші буын” Енох пайғамбар батылдықпен былай деп жариялаған: “Міне, Ехоба сансыз көп киелі періштелерімен келді. Ол бәрін соттап, әділетсіздердің арсыздықпен істеген зұлым істерін және күнәкарлардың өзіне қарсы айтқан барлық сұмдық сөздерін әшкерелеу үшін келді” (Яһд. 14, 15). Енох бұл пайғамбарлықты өткен шақта айтты, өйткені бұл міндетті түрде орындалмақ еді. Расында да, дүниежүзілік Топан су кезінде құдайсыз адамдар өлім құшты.

4. Нұх қандай ортада “Құдаймен бірге жүрді”?

4 Енохтың пайғамбарлығы шамамен 650 жылдан кейін б. з. б. 2370 жылы жер бетін Топан су басқанда орындалды. Сол екі арада дүниеге Нұх келді. Ол үйленді, бала-шағалы болды, сосын ұлдарымен бірге кеме соқты. Зұлым періштелер өздеріне тәндік дене жасап, сұлу қыздармен жақындасты, сөйтіп, дүниеге нефилимдер келді. Адамдар жамандыққа белшесінен батып, жер беті зорлық-зомбылыққа толды (Жар. 6:1—5, 9, 11). Осындай ортада тұрғанына қарамастан, “Нұх Құдаймен байланысып өмір сүрді” әрі “әділдікті” батыл уағыздады (Петірдің 2-хаты 2:4, 5 оқы). Соңғы күндерде ғұмыр кешіп жатқан біздерге де осындай батылдық қажет.

СЕНІМ МЕН БАТЫЛДЫҚ ТАНЫТҚАНДАР

5. Мұса сенім мен батылдықты қалай танытты?

5 Мұса сенімі зор әрі батыл адам болған (Евр. 11:24—27). Б. з. б. 1513—1473 жылдары исраилдіктерді Мысырдан алып шығып, шөл далада бастап жүру үшін Құдай Мұсаны қолданды. Өзін қабілетсіз сезінсе де, ол тапсырманы орындауға келісті (Мыс. ш. 6:12). Мұса мен оның ағасы Һарон қатыгез перғауынның алдына қайта-қайта барып, Ехоба он апат жіберетінін батылдықпен жариялады. Кейін Ехоба мысырлықтардың жалған құдайларын масқара етіп, Исраил халқын азат етті (Мыс. ш. 7—12 тар.). Ехоба толықтай қолдағандықтан, Мұса сенім мен батылдық таныта алды, біз де таныта аламыз (Заң. қ. 33:27).

6. Егер билігі барлар қызметіміз жайлы тергесе, сенімімізді батыл қорғауға не көмектеседі?

6 Бізге Мұсанікіндей батылдық қажет, өйткені Иса былай деді: “Менің шәкіртім болғандарың үшін сендерді билеушілер мен патшалардың алдына сүйреп апарады. Осылайша оларға да, басқа ұлттарға да куәлік ете аласыңдар. Ал сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап, уайымдамаңдар. Өйткені не айтуларың керектігі сол сәтте беріледі. Осылай өздерің ғана емес, сендер арқылы Әкелеріңнің киелі рухы сөйлейді” (Мат. 10:18—20). Егер билігі барлар бізді тергейтін болса, Ехобаның рухы сенім мен батылдық таныта отырып, құрметпен куәлік етуге көмектеседі (Лұқа 12:11, 12 оқы).

7. Ешуаға батыл болып, жетістіктерге жетуге не көмектесті?

7 Құдай заңын жүйелі түрде зерттегені кейіннен Мұсаның орнын басқан Ешуаға сенім мен батылдықты дамытуға көмектесті. Б. з. б. 1473 жылы Исраил халқы Уәде етілген жердің табалдырығында тұрды. Ехоба Ешуаға: “Табанды бол әрі өте батыл бол”,— деді. Ешуа Заңды орындаса, дана болатынын және ісі оңға басып, жетістікке жететінін уәде етті. “Қорықпа да үрікпе”,— деді Ехоба. — Жаратушы Иең — Құдайың барлық жерде сенімен бірге” (Ешуа 1:7—9). Бұл сөздер Ешуаны қалай нығайтты десеңші! Құдай оның жанында болғаны сөзсіз, өйткені Уәде етілген жердің көп бөлігін ол небәрі алты жылдың ішінде — б. з. б. 1467 жылға дейін — жаулап алды.

ЕХОБАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН БАТЫЛ ӘЙЕЛДЕР

8. Рахаб сенім мен батылдықты қалай көрсетті?

8 Көне замандарда Ехобаға батыл қызмет еткен әйелдер көптеп саналады. Мысалы, Иерихонда тұрған Рахаб Ехобаға сенім артып, Ешуа жіберген екі тыңшыны үйінде жасырды да, оларды іздеп келген сарбаздарды алдады. Рахаб жезөкшелікті қойып, Ехобаға адал қызмет етті әрі Мәсіхтің арғы анасы атанды (Ешуа 2:1—6; 6:22, 23; Мат. 1:1, 5). Өзінің батылдығы мен сенімі үшін ол осындай зор батаға кенелді.

9. Дебора, Барақ және Жаил қалайша батыл әрекет етті?

9 Ешуа шамамен б. з. б. 1450 жылы қайтыс болған соң, Исраилді билер басқарды. Күндердің күнінде Ехоба Дебора атты әйел пайғамбар арқылы Барақ биді Ябин есімді қанахандық патшаға қарсы шығуға талпындырды, өйткені қанахандықтар исраилдіктерді 20 жыл бойы қанап келген-ді. Барақ би Табор тауында 10 000 сарбаз жинады. Ал Ябиннің әскербасы Сисара 900 соғыс күймесі бар қалың қолмен Қишон аңғарына келді. Исраилдіктер шабуылдай бастағанда, Құдай аңғарға су жібереді. Аяқ басар жерлері батпаққа айналғандықтан, қанахандықтардың соғыс күймелері жүре алмай қалады. Жаудың бүкіл әскері семсердің ұшынан қаза тауып, исраилдіктер жеңіске жетеді. Қашып құтылған Сисара болса пана іздеп Жаил есімді әйелдің шатырына келеді. Бірақ ұйықтап қалғанда, сол әйелдің қолынан қаза табады. Осылайша, Дебора алдын ала айтқандай, жеңіс даңқына әйел бөленді. Дебора, Барақ және Жаил батыл әрекет еткендіктен, Исраилді “қырық жыл бойы тыныштық жайлады” (Би. 4:1—9, 14—22; 5:20, 21, 31). Осы тектес сенім мен батылдықты басқа да көптеген адал ерлер мен әйелдер танытқан.

СӨЗІМІЗ ӨЗГЕЛЕРГЕ БАТЫЛДЫҚ БЕРЕ АЛАДЫ

10. Сөздерімізбен өзгелерді батыл болуға талпындыра алатынымызды қайдан білеміз?

10 Біздің сөздеріміз бауырластарымызды батыл болуға талпындыра алады. Б. з. б. ХІ ғасырда Дәуіт патша ұлы Сүлейменге былай деген: “Табанды да батыл бол, іске кіріс, қорықпа, үрейленбе, өйткені Жаратушы Ие менің Құдайым, сенімен бірге: Ол Жаратушының үйі үшін қажетті барлық істі бітіргенше сенен безбейді және сені жалғыз қалдырмайды” (Шеж. 1-ж. 28:20). Кейін Сүлеймен батыл әрекет етіп, Иерусалимде заңғар ғибадатхана соғады.

11. Исраилдік қыздың батыл сөздері қандай нәтиже берді?

11 Б. з. б. Х ғасырда исраилдік қыздың батыл сөйлегенінің арқасында бір адам зор батаға кенелді. Бұл қыз сириялықтардың шапқыншылығы кезінде құлдыққа алынып, алапеспен ауырған әскербасы Нағыманның үйінде қызметші болады. Ехобаның Елішә пайғамбар арқылы жасаған кереметтерін білген кішкентай қыз Нағыманның әйеліне Құдай адамы күйеуін айықтыра алатынын айтады. Нағыман Исраил жеріне барып, керемет түрде сауыққан соң, Ехоба қызметшілерінің қатарына қосылады (Пат. 4-ж. 5:1—3, 10—17). Осы қыз сияқты сен де Құдайды жақсы көретін жасөспірім болсаң, Ехоба саған ұстаздарыңа, сыныптастарыңа және басқаларға куәлік етуге батылдық береді.

12. Езекияның сөздері халыққа қалай әсер етті?

12 Қиын шақта дәл табылып айтылған сөз адамға батылдық бере алады. Б. з. б. VIII ғасырда ассириялықтар Иерусалимге қарсы аттанғанда, Езекия патша адамдарға былай деді: “Күшті де батыл болыңдар! Ассур патшасынан және оның ертіп алып келе жатқан қалың қолынан қорқып, үрейленбеңдер! Бәрінен де құдіретті күш оның емес, біздің жақта! Жаудың бары — білек күші ғана, ал бізге Құдай Иеміз жар болып, біз үшін шайқасатын болады!” Езекияның бұл сөздері халыққа қалай әсер етті? “Патшаның бұл сөздерін естігенде халық жігерленді” (Шеж. 2-ж. 32:7, 8). Осыған ұқсас жігерлі сөздермен біз де бір-бірімізге қуғын-сүргін кезінде батыл болуға көмектесе аламыз.

13. Ахабтың қызметшісі Абадия қалай батылдық танытқан?

13 Кейде белгілі бір нәрселерді айтпау үшін де батылдық қажет. Б. з. б. Х ғасырда Ахаб патшаның қызметшісі Абадия Ехобаның жүз пайғамбарын зұлым патшайым Езабелдің қолынан құтқару үшін, “елу адамнан бөліп үңгірге жасырып қойды” (Пат. 3-ж. 18:4). Ертедегі Абадия сияқты бүгіндегі Ехобаның адал қызметшілері қудалаушыларға бауырластары жайлы еш мәлімет бермей, оларды қорғап қалған.

БАТЫЛ ПАТШАЙЫМ ЕСТЕР

14, 15. Естер патшайым сенім мен батылдықты қалай танытты және мұның нәтижесі қандай болды?

14 Патшайым Естер де зор сенім мен батылдық танытқан. Б. з. б. V ғасырда залым Аман бүкіл Парсы империясындағы яһудилерді түп-тамырымен жоймақ болады. Халық мұны естігенде, зар жылап, ораза тұтты әрі шын жүректен Құдайға жалбарынған көрінеді (Ест. 4:1—3). Естер патшайымның да көңілін мұң басты. Ағасы Мардохай оған яһудилердің көзін құртуға қатысты заңның көшірмесін жіберіп, патшаның алдында яһудилер үшін сөз сөйлеуді бұйырды. Алайда шақырусыз патшаның алдына барған адам өлім жазасына кесілетін (Ест. 4:4—11).

15 Мардохай Естерге былай деді: “Егер осы уақытта үндемей қалатын болсаң, яһудилерге көмек пен құтқарылу басқа жақтан келмек. Мүмкін, патшайым болу құрметіне дәл осындай уақыт үшін де қол жеткізген шығарсың, соны кім біледі?” Естер Мардохайға Сузыдағы яһудилерді жинап, ол үшін ораза тұтуды сұрады. Сосын былай деді: “Мен де сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін!” (Ест. 4:12—17). Естер батыл әрекет етті, нәтижесінде, Киелі жазбалардағы Естердің атымен аталған кітаптан білетініміздей, Құдай өз халқын аман алып қалды. Бүгінгі майланған мәсіхшілер мен олардың адал серіктері қарсылыққа кезіккенде дәл осындай батылдық танытып келеді. Ехоба олардың дұғаларын естиді әрі әрдайым қол ұшын беруге дайын (Забур 64:3; 117:6 оқы).

“БАТЫЛ БОЛ!”

16. Қауымдағы жастарға Иса қандай үлгі қалдырды?

16 Бірде 12 жасар Исаның ата-анасы оны “ғибадатханада ұстаздардың ортасында айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отырған жерінен” табады. Оны “тыңдап отырғандардың бәрі оның ұғымталдығына және берген жауаптарына қайран қалысады” (Лұқа 2:41—50). Жас болса да, ғибадатханадағы жасы үлкен ұстаздарға сұрақтар қоюға Исаның сенімі мен батылдығы жеткен. Исаның көрсеткен үлгісі қауымдағы жастарымызға “үміттерін түсіндіріп беруді талап еткен кез келген адамның алдында оны қорғап сөйлеудің” мүмкіндіктерін қалт жібермеуге көмектеседі (Пет. 1-х. 3:15).

17. Неліктен Иса өз шәкірттерін “батыл болуға” шақырған және неге бізге де батыл әрекет ету қажет?

17 Иса өзгелерді батыл болуға талпындырған (Мат. 9:2, 22). Өз шәкірттеріне ол былай деген: “Міне, әрқайсысың үйді-үйіңе қашып кетіп, мені жалғыз қалдыратын уақыт келеді, тіпті келіп те қалды. Бірақ мен жалғыз емеспін, себебі Әкем менімен бірге. Бұларды мен арқылы араларыңда тыныштық болсын деп айттым. Осы дүниеде қиыншылық көресіңдер, бірақ батыл болыңдар! Мен осы дүниені жеңіп шықтым!” (Жох. 16:32, 33). Бұл дүние ертедегі шәкірттерді қалай жек көрсе, бізді де солай жек көреді. Бірақ біз осы дүниенің ырқына берілмейміз. Құдай Ұлының танытқан батылдығы жайлы ой жүгіртсек, осы дүниелік болмауға батылымыз жетеді. Ол дүниені жеңді, біз де жеңе аламыз! (Жох. 17:16; Жақ. 1:27).

18, 19. Елші Пауылдың сенімі мен батылдығы неден көрінеді?

18 Елші Пауыл көптеген сынақтарға кезіккен. Бірде римдік сарбаздар құтқарып қалмағанда, Иерусалимдегі яһудилер оның парша-паршасын шығарар еді. “Сол күні түнде Иеміз Пауылдың жанына келіп: “Батыл бол! Иерусалимде мен туралы түбегейлі куәлік еткеніңдей, Римде де куәлік етуге тиіссің”,— деді” (Ел. іс. 23:11). Пауыл солай етті де.

19 Қорынттағы қауымға іріткі салғысы келген “керемет елшілерді” сөккен кезде де Пауыл батылдық танытқан (Қор. 2-х. 11:5; 12:11). Бұл жалған елшілер болатын. Ал Пауылдың бастан кешкен қиындықтары — түрмеде отырғаны, таяқ жегені, қауіпті сапарларда болғаны, аш жүргені, ұйқы көрмегені, сондай-ақ шын жүректен бауырластарының қамын ойлағаны — оның нағыз елші болғандығының айқын дәлелі еді (Қорынттықтарға 2-хат 11:23—28 оқы). Иә, Пауылға зор сенім мен ерекше батылдықты Құдай дарытқанында күмән жоқ!

20, 21. а) Қиыншылықтарға тап болғанда, зор батылдық танытуымыз керектігін көрсететін мысал келтір. ә) Бізге қандай кезде батылдық қажет болуы мүмкін және не нәрсеге сенімді бола аламыз?

20 Мәсіхшілердің бәрі бірдей қатты қуғынға ұшырамайды. Алайда өмірде кездесетін қиындықтарға төзу үшін бәрімізге батыл болу қажет. Мысалы, Бразилияда тұратын бір жігіт қылмыстық топтың мүшесі болатын. Киелі кітапты зерттей бастаған соң, ол өмірін өзгерту керектігін түсінеді. Алайда аталмыш топтан шығатын адамдарды әдетте өлтіріп кететін. Ол Ехобаға дұға етіп алып, топтың басшысына не себепті кеткісі келетінін Жазбаларды қолданып түсіндіреді. Сонда ол топтан аман-есен шығып, көп ұзамай жариялаушы болады.

21 Ізгі хабарды уағыздау ісі батылдықты талап етеді. Мектепте оқитын мәсіхші жастарға да мінсіздік сақтау үшін ержүрек болу керек. Жұмыс істейтін бауырласқа конгрестің барлық бөлігіне қатысу үшін бастығымен сөйлесуге де батылдық қажет болар. Жағдайымыз қандай болмасын, Ехоба “сеніммен айтылған дұғамызды” естиді (Жақ. 5:15). Иә, ол “қайратты да батыл” болуымыз үшін киелі рухын беретіні шүбәсіз.

[11-беттегі сурет]

Енох құдайсыз дүниеде батыл уағыздаған

[12-беттегі сурет]

Жаил қайратты да батыл болған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу