ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҒҰМ 1—АБАҚҰҚ 3
Рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болайық
Көпшілік үшін бабылдықтар Яһуданы күйретеді дегенге сену қиын еді. Ол уақытта Яһуда патшалығы Мысыр елінің қол астында болатын. Халдейлер болса мысырлықтардан күшті болмаған. Оның үстіне, исраилдіктер Ехобаның Иерусалим қаласы мен ғибадатхананың жойылуына жол беруі мүмкін емес деп ойлады. Десе де бұл пайғамбарлық міндетті түрде орындалмақ еді, сондықтан Абақұққа рухани сергектік сақтап, қызметте белсенділігін жоғалтпай сол күнді күту керек еді.
Осы дүниенің соңы өте жақын екеніне неге сенімдімін?
Қалай рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді бола аламын?