МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жағдайымыз өзгергенде, рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болайық
Соңғы күндері өзгерістерден қашып құтылу мүмкін емес (Қ1х 7:31). Өзгерістер күткен я күтпеген, жақсы я жаман болсын — олар ғибадатымызға бөгет жасап, Ехобамен қарым-қатынасымызға кері әсер етуі мүмкін. Жағдайымыз өзгергенде, рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болуға не көмектеседі? “Көшіп-қонғанда да рухани адам болып қалайық” бейнеролигін көріп болған соң, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Отағасының бір бауырласпен сөйлескені қалай көмек болды?
Матай 7:25-тегі принцип бұл отбасына қалай көмектесті?
Олар көшу үшін алдын ала қандай дайындықтар жасады және бұның нәтижесі қандай болды?
Оларға қауымдағы және танаптағы өзгерістерге бейімделуге не көмектесті?
Жақында басымнан қандай үлкен өзгерістер өтті?
Бұл бейнероликтегі принциптерді өз жағдайымда қалай қолдансам болады?