Ганада ізгі хабарды уағыздау
Ұсыныс үлгілері
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ”
Сұрақ: Кейбіреулер Киелі кітапты ескірген кітап деп есептесе, өзгелер үшін ол әлі құнын жоғалтпаған. Сіз қандай пікірдесіз?
Тармақ: Т2х 3:16, 17
Әдебиет: “Күзет мұнарасы” журналының мына санында Киелі кітаптағы ақыл-кеңестер келтірілген әрі осы кітаптың барынша пайдасын көру үшін не істеуге болатыны түсіндірілген.
ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК
Сұрақ: Ақырзаман жақын ба?
Шындық: Киелі кітаптағы пайғамбарлықтарға қарасақ, біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ бұл қуанышты жайт, өйткені алдымызда керемет өмір күтіп тұр.
“ТІРШІЛІК ӨЗДІГІНЕН ПАЙДА БОЛДЫ МА?”
Сұрақ: Қайсысы ақылға қонымды деп ойлайсыз: тіршілікті Құдай жаратты деу ме, әлде ол кездейсоқ пайда болды деу ме?
Әдебиет: Мына кітапшада көп адамның Жаратушыға сенуіне себеп болған дәлелдер қарастырылады. Ал келесі жолы сізбен 29-беттегі “Не нәрсеге сенетініңіз бәрібір ме?” деген сұрақты қарастырсам деп едім.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.