Киелі кітапты зерттеуге және ой жүгіртуге уақыт бөлу
Ұсыныс үлгілері
“ОЯНЫҢДАР!”
Сұрақ: Киелі кітап Құдайдан келген кітап па, әлде адамдардың ойынан туындаған кітап па?
Тармақ: Т2х 3:16
Әдебиет: “Ояныңдар!” журналының мына саны Киелі кітаптың шынымен де Құдайдан екеніне үш дәлел келтіреді.
ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК
Сұрақ: Құдай сыйлаған өмірге қалай қарауымыз керек?
Тармақ: Аян 4:11
Шындық: Өмірді Құдай сыйлағандықтан, оған құрметпен қарауымыз керек. Біз өмірімізге еш нәрсенің қауіп төндірмеуіне қам жасаймыз. Сондай-ақ өзгелердің де өміріне әдейі қауіп төндірмейміз. Өйткені біз өмір сыйын жоғары бағалаймыз.
“ОТБАСЫ БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?” (Т-32)
Сұрақ: Мына буклеттің сыртындағы сұрақ пен оның бірнеше жауабына назар аударыңызшы. Сіз қай жауаппен келісер едіңіз?
Тармақ: Лқ 11:28
Әдебиет: Мұны білудің отбасыңызға қандай пайдасы бар екені мына буклетте қарастырылады. Сондай-ақ онда Киелі кітаптағы сөздерге неге сенім артуға болатыны айтылады.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.