Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 3 10-б.
  • Алланың разылығы үшін дұға қылыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алланың разылығы үшін дұға қылыңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КІШІРЕЙІП, ШЫН ЖҮРЕКТЕН ДҰҒА ҚЫЛЫҢЫЗ
  • АЛЛАНЫҢ ЕСІМІМЕН БАСТАҢЫЗ
  • ДҰҒАНЫ ЖАНЫҢЫЗҒА ЖАҚЫН ТІЛДЕ АЙТЫҢЫЗ
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Жаратқанға дұға қылу арқылы жақындаңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Құдайға дұға арқылы қалай жақындауға болады
    Құдай бізден нені талап етеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 3 10-б.
Таяу Шығыста тұратын бір ер кісі дұға қылып отыр.

“Дұғаларды тыңдайтын” Хақ Тағала біздің де дұғамызды тыңдауға асық (ЗӘБҮР 65:2)

Алланың разылығы үшін дұға қылыңыз

Жаратушының адамдарға берген ғажап сыйы — дұға. Дұға арқылы олар Жаратушымен тілдеседі, іштерінде бұғып жатқан ой-сезімдерін айтады. Дәуіт пайғамбар Жаратқанына: “Сен дұғаларды тыңдайсың; Өзіңе мінажат етуге әртүрлі адам келеді”,— деп дұға қылған (Зәбүр 65:2). Ал дұғамыз қабыл болу үшін, Құдайдың несібесін алу үшін не істеу керек?

КІШІРЕЙІП, ШЫН ЖҮРЕКТЕН ДҰҒА ҚЫЛЫҢЫЗ

Дұға қылғанда жүрек сырларыңызды өз сөзіңізбен ақтарып айтыңыз (Зәбүр 62:8). Алла Тағала біздің бір дұғаны қайталап айта бергенімізді немесе өзіміз түсінбейтін тілде, жаттанды дұға айтқанымызды я оны дұғалар жинағынан оқып бергенімізді қаламайды. Ол жүректен шығатын дұғаларға сүйсінеді.

АЛЛАНЫҢ ЕСІМІМЕН БАСТАҢЫЗ

Жаратушының Құдай, Алла, Тәңір сияқты көптеген атаулары бар. Десе де Алланың дара бір есімі бар. Бұл жайында Киелі жазбаларда ол: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— дейді (Ишая 42:8). Бұл есім Киелі жазбаларда шамамен 7000 рет кездеседі. Көп пайғамбар дұғаларын осы есіммен бастаған. Мысалы, Ибраһим пайғамбар: “Уа, Ехоба, тағы да айтайыншы”,— деген (Мұсаның 1-жазбасы 18:30). Біз де Жаратушының Ехоба деген атын атап дұға етуіміз керек.

ДҰҒАНЫ ЖАНЫҢЫЗҒА ЖАҚЫН ТІЛДЕ АЙТЫҢЫЗ

Қай тілде сөйлесек те, Жаратқан Алла жүрегіміздің түбінде жатқан сезімдерімізді, ойларымызды түсінеді. Құдайдың сөзінде ол жайында былай делінген: “Құдай ешкімді алаламайды... Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (Елшілердің істері 10:34, 35).

Алайда Алланың шапағатына бөлену үшін дұға қылу ғана жеткіліксіз. Сонда тағы не істеу керек? Бұл жайында келесі мақалада айтылады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу