Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызметте “Киелі кітап үйретеді” кітабын қолдану
Бұл неліктен маңызды? “Киелі кітап үйретеді” кітабы — тәлім беру ісінде қолданатын басты құралымыз. Осы басылымның көмегімен адамдарға Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететінін білуге көмектесеміз. Алайда осы кітаптың көмегімен зерттеу сабағын бастау үшін алдымен адамның бұл кітапқа деген қызығушылығын оятуымыз керек. Ендеше, баршамыз “Киелі кітап үйретеді” кітабын қызметте шебер қолдануды үйренуіміз қажет (Нақ. с. 22:29). Бұл басылымды қолданудың көптеген жолдары болғандықтан, әр жариялаушы өзіне ең тиімді болатындарын таңдап алуы керек. Төменде бірнеше жолдары ұсынылады.
Осы айда былай етіп көр:
Отбасылық зерттеу кезінде жаттығып көріңдер.
Қызметте жүргенде, серігіңе әңгімені қалай бастағың келетінін айтып бер (Нақ. с. 27:17). Егер ұсынысың тиімді болмай жатса, басқасын қолдан.