Кесте: 4 мамырдан басталатын апта
4 МАМЫРДАН БАСТАЛАТЫН АПТА
51-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
my 6-бөлімге кіріспе және 84-оқиға (30 мин.)
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Самуилдің 2-жазбасы 1—3 (8 мин.)
№ 1: Самуилдің 2-жазбасы 2:24—32 (3 мин. не одан кем)
№ 2: Ехоба мен Иса еңбек етуде қандай үлгі қалдырды? (lv 15-тар., 4—9 абз.). (5 мин.)
№ 3: Жақын болашақта орындалатын Киелі кітаптағы уәделер (nwt 20-б., 4-абз.—21-б., 1-абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Даналық танытып, “уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” (Ефес. 5:15, 16).
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
5 мин. Журналды қолдану жолдары. Талқылау. Келтірілген ұсыныстарды қолданып, журналдың көмегімен адамды қалайша әңгімеге тартуға болатынын көрсетуден баста. Сосын әр ұсынысты бастан-аяқ қарастыр.
15 мин. Сирек уағыздалатын аумақта уағыздау — уақытты тиімді қолданудың бір жолы. Талқылауды ақсақал жүргізеді. Мүмкін болса, сирек уағыздалатын аумақта қызмет еткен ақсақал болу қажет. “Сирек уағыздалатын аумақта уағыздау. Австралия” (ор.) атты бейнероликті көрсет (jw.org/ru, О НАС > ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ). Сирек уағыздалатын аумақта қызмет еткендері бейнероликтегі отбасына қандай пайда әкелгені жайлы талқыла. Сирек уағыздалатын аумақта қызмет еткен жариялаушылардан сұхбат ал. Бұл қызмет олардың отбасына, қызметіне және рухани күйлеріне қандай пайда әкелді? Осындай аумақта қызмет ету үшін олар қандай жоспар құрды? Егер кімде-кім сирек уағыздалатын аумақта уағыздағысы келсе, ақсақалдар оларға көмек көрсетуге дайын. Сирек уағыздалатын аумақта қызмет ету уақытты тиімді қолданудың керемет жолы екеніне баса назар аудар.
“Оларды берік тұруға үйретіңдер” атты жаңа ән және дұға
Ескерту: Қауымға әуенді бір рет толығымен тыңдат, сосын бауырластар жаңа әнді шырқасын.