Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Журналдың көмегімен әңгімені жалғастыру.
Бұл неліктен маңызды? Журналдарымызды оқып тұратын көп адам Киелі кітапты зерттегісі келмейді. Бұған өз діндерін ұнататындығы не зерттеуге уақыттарының жоқтығы себеп болуы мүмкін. Алайда журналдарды үнемі оқып отырса, адамда Құдай Сөзіне деген құштарлық оянуы мүмкін (Пет. 1-х. 2:2). Журналдың ішіндегі қандай да бір мақала адамдардың жүректеріне жетіп жатады. Кейде олардың жағдайлары өзгеріп тұрады. Сондықтан мұндай адамдарға үзбей барып, қысқаша сөйлесіп тұрудың арқасында олардың бізбен ашылып сөйлесуі оңайырақ болады. Сондай-ақ біз оларды не нәрсе қызықтыратынын, не нәрсе ойландыратынын біле аламыз. Ақырында олармен Киелі кітап зерттеу сабағын бастап кетуіміз де ықтимал.
Осы айда былай етіп көр:
Журналдардың көмегімен әңгімелесіп тұруға болатын адамдардың тізімін жаса. Журналдардың соңғы санын көрсет және келесі айдың санымен де таныстыратыныңды айт.
a Біз әдебиеттерді таратпасақ та, үй иелеріне оларды сайттан жүктей алатындарын не жақын маңдағы Патшалық сарайынан ала алатындарын айтсақ болады.