Неге қызметке бірден шығу керек?
Уағыздауға арналған кездесуде бауырластармен көрісеміз, сонда олармен сөйлескіміз келетіні түсінікті. Алайда кездесу біте салысымен уағызға бірден шығып кеткеніміз дұрыс. Себебі уағыз ісі — шұғыл атқарылу керек іс (Тім. 2-х. 4:2). Бауырластармен неғұрлым көп сөйлесіп тұрып қалсақ, соғұрлым уағызға аз уақыт қалады. Қызмет барысында бір-бірімізбен араласып, жігер беруге мүмкіндік көп. Уағызға кідірместен шығатын болсақ, Ехоба мен оның Ұлының еңбекқор құлы екенімізді көрсетеміз (Рим. 12:11).