Қызметте jw.org сайтын қолдан. “Ехобаның досы бол”
Біздің jw.org сайтымызда балаларға арналған “Ехобаның досы бол” деген мультфильм, ән және түрлі әдебиеттер барa. Осы құралдарды қызметте қолданып жүрсіңдер ме? Кішкентай балалары бар ата-анамен Киелі кітапты зерттеп жүрсең, неге осы құралдарды көрсетпеске? Бұл оларды веб-сайтымыздағы басқа да мәліметтерді ашуға талпындырады.
Бірде ер бауырласымыз бір әйелге “Патшалық туралы хабар” № 38-ші трактатты ұсынғанда, ол оны бірден оқи бастады. Қасындағы кішкентай балалары да трактатқа қызыға қарап тұрды. Сонда бауырласымыз әйелді трактаттың мазмұнымен қысқаша таныстырды да, артындағы веб-сайтымызды көрсетті. Әйел қызығушылық білдіргендіктен, бауырласымыз мобильді құрылғысынан оларға Аян деген кішкене бала туралы мультфильм көрсетті.
Ал бір әйел бауырласымыз балалары бар әріптесіне веб-сайтымызбен және ондағы отбасыларына арналған мәліметпен таныстырғанда, ол балаларымен jw.org сайтына кіріп көреді. Кейін ол бауырласқа “Ехобаның досы бол” бөліміндегі “Құдай Сөзін уағызда” деген өлеңді балаларының әндетіп жүргенін айтады.
Неге алдымен өзіміз jw.org сайтымен жақсылап танысып, сосын ондағы бейнематериалдар, өлеңдер мен әдебиеттерді мобильді құрылғыға жүктеп алмасқа?! Сонда қызметте кездестірген адамдарға сайтты емін-еркін таныстыра аласың. Иемізге қызмет етіп жүрген біз үшін бұл сайт таптырмайтын құрал болып табылады емес пе?! (Ел. іс. 20:19).
[Сілтеме]
a Орыс тілінде “Библейские учения” санатындағы “Дети” бөлімінде “Стань другом Иеговы” дегенді қара.