Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2014 жылдың 29 желтоқсанынан басталатын аптада қарастырылады.
Заңды қайталау 14:1-дегі біреудің өліміне қайғырғанда, өз денемізді зақымдауға болмайтынына қатысты нұсқауға біз қалай қараймыз? [3 қар., w04 1.10. 31-б., 8-абз.]
Исраилдегі патшаларға Құдай Заңының көшірмесін жасап, оны “өмір бойы оқу” не үшін қажет болды? (Заң. қ. 17:18—20). [3 қар., w02 1.9. 8-б., 4-абз.]
Неге “бір соқаға өгіз бен есекті қатар жегіп жер жыртуға” болмайды және мәсіхші бір мойынтұрықты кимеуге қатысты өсиетті орындайтынын қалай көрсете алады? (Заң. қ. 22:10). [10 қар., w03-U 15.10. 32-б.]
Неге адам біреуге берген қарызы үшін “кепілдікке қолдиірменді не оның үстіңгі тасын алмау” керек еді? (Заң. қ. 24:6). [17 қар., w04 1.10. 31-б., 3-абз.]
Исраилдіктер Құдайға қалай мойынсұну керек еді және Ехобаға қызмет етуге бізді не талпындыру керек? (Заң. қ. 28:47). [24 қар., w10 15.9. 8-б., 4-абз.]
Заңды қайталау 30:19, 20-да қандай үш талап жазылған? [24 қар., w10 15.2. 28-б., 17-абз.]
Ешуа 1:8-дегі сөздер нені білдіреді? [8 желт., w13 15.4. 7-б., 4-абз.]
Ешуа 5:14, 15-те айтылған “Тәңір Иенің әскерінің көсемі” деген кім және қалайша бұл бізге жігер береді? [8 желт., w04 1.12. 4-б., 1-абз.]
Аханның күнә жасауына не түрткі болды және біз бұдан не нәрсеге үйренеміз? (Ешуа 7:20, 21). [15 желт., w10 15.4. 20, 21-б., 2, 5-абз.]
Халептің үлгісі бізді қалайша жігерлендіреді? (Ешуа 14:10—13). [29 желт., w04 1.12. 6-б., 4-абз.]