Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.14. 7-б.
  • Ғибадатымыздағы жаңа әндер!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ғибадатымыздағы жаңа әндер!
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Ұқсас мәлімет
  • Ән айтып, Ехобаны қуанышпен мадақтайық!
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Қауым кездесулерінде Ехобаға арнап ән шырқауға дайынсың ба?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Ехобаға ән шырқайық!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Зерттеу әдісі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
km 12.14. 7-б.

Ғибадатымыздағы жаңа әндер!

1 2014 жылдың 4 қазанында өткен Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамының (Пенсильвания) жыл сайынғы кездесуінде қайта өңделген ән кітабы жарық көргелі жатқаны хабарланды. Бұл бір көңіл толқытарлық жаңалық болды! Патшалық әндерінің ғибадатымыздағы алар орны ерекше екені тағы да кездесуге жиналған қауымның есіне салынды (Заб. 95:2).

2 “Ән кітабын қайта өңдеудің қажеті қанша?” деген сұрақ көкейімізде тұрған шығар. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, Жазбаларға қатысты түсінігіміз молайып жатыр, бұл әндердің сөзіне әсер етуі мүмкін (Нақ. с. 4:18). Тағы бір себеп — қазіргі ән кітабындағы сөздер мен сөз тіркестері қайта өңделген “Жаңа дүние аудармасынан” алынбаған. Сондықтан әннің сөздерін аталмыш Киелі кітапқа сай өзгерту керек. Әннің сөздерін жаңарту үшін үлкен жұмыс атқарылатындықтан, жаңа бірнеше ән қосу ұйғарылды.

3 Жаңа ән кітабы қолымызға тимегенше, оларды шырқамай күте тұруымыз керек пе? Жоқ. Келесі бірнеше айдың ішінде жаңа әндердің көбісі jw.org сайтымызға орналастырылатынын қуана хабарлағымыз келеді. Олар шыққаннан кейін қызмет кездесуінің соңында “жаңа ән” деген ескертпемен берілетін болады.

4 Жаңа әндерді жаттау жолдары. Жаңа әндерді үйрену қиынға соғуы мүмкін. Сонда да біз забур жыршысы сияқты кездесулерімізде “үнсіз қалмай”, бірауыздан ән шырқағымыз келеді (Заб. 30:12 ЖД). Жаңа әндерді жаттауға келесі кеңестер көмек бола алады:

  • Әндердің пианиноның сүйемелдеуімен жазылған нұсқасын қайта-қайта тыңда. Олар сайтымызда жарық көретін болады. Әуенді көбірек тыңдасаң, оны есте сақтау оңай болады.

  • Сөздерін зерттеп, оларды жаттап алуға тырыс.

  • Сөздерін әуенмен қосып айтып көр. Үйреніп алғанға дейін осылай ете бер.

  • Отбасылық ғибадат кезінде жаңа әндер есте қалмайынша отбасыңмен қайтала.

5 Алдағы айларда қызмет кездесуінің кестесіне енгізілетін жаңа әндерді қауым пианиноның сүйемелдеуінде бір рет тыңдап алады. Сосын оны бірге шырқайды.

6 Осы жайында ойлағанда, кездесулерімізде Ехобаны әнмен бірауыздан дәріптегіміз келетіні анық. Сондықтан қауым кездесулерінде ән шырқалатын кезде себепсіз орнымыздан кетіп қалуды әдетке айналдырмайық.

7 Қасиетті әуендерімізге ризашылық танытудың басқа да бір жолы бар. Әдетте конгрестерде әр бөлім басталмас бұрын әуен қойылады. Ғибадатымызда қолданатын әдемі әуендерді жарыққа шығару үшін, жылына екі рет дүниенің әр бұрышынан бауырластар Паттерсонға (Нью-Йорк) өз ақшаларын жұмсап келеді. Сол себепті конгресс төрағасы орнымызға жайғасып, оркестрдің орындауындағы әуенді тыңдауға шақырғанда, оған құлақ асайық. Осылайша жүрегімізді болатын бағдарламаға дайындай аламыз (Езра 7:10).

8 Бүгін кездесудің соңында “Патшалық билік етуде” деп аталатын жаңа әнді шырқаймыз. Жуырда өткен жыл сайынғы кездесуде шырқалған бұл ән Патшалықтың 100 жылдығына орай шығарылған.

9 Жаңа әндер Ехобадан келген “жақсы нәрсе” екені сөзсіз (Мат. 12:35а). Ендеше, Құдайымызға мадақ пен даңқ әкелетін жаңа әндерді үйреніп, шын жүректен шырқауды мақсат етейік (Заб. 146:1).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу