“Үйінен тағы да таба алмадым!”
Қызығушылық танытқан адамды үйінен таба алмағанда, осындай сөздерді айтқан ба едің? Үйіне қайта-қайта барсаң да, егілген дәнді суара алмай қайтқан шығарсың (Қор. 1-х. 3:6). Тәжірибелі жариялаушылар осындайда үй иесіне хат жазады немесе есігіне қысқаша жазбахат қыстырып кетеді. Қайта келгенде адамды үйінен табу үшін кейбір жариялаушылар алғаш келгенде-ақ адамның телефон нөмірін жазып алуға тырысады. Мысалы, олар мұны “сізге СМС жазсам, қалай қарайсыз?” сияқты сұрақтың көмегімен істеп жатады. Куәлік беру үшін адамға жазбаша хат, электронды хат, СМС-хабарлама, қысқаша жазбахат, телефон арқылы хабарласқанымыз немесе жүзбе-жүз кездескеніміз қайта бару болып саналады және есепке жазылуы тиіс. Адамды үйінен сирек тауып жатсақ та, оның қызығушылығын әрі қарай да дамытуға болады.