Жаңа ізденіс құралы
Дүниежүзі бойынша миллиондаған жариялаушы ізденіс жүргізу үшін “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткіші” атты құралды тиімді қолданып келеді. Ондағы мәлімет егжей-тегжейлі болғандықтан, ол кейбір тілдерде ғана қолжетімді. Сол себептен “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралы” атты әдебиет 170 тілде дайындалды. “Ізденіс құралында” көбінесе 2000 жылдан бері басылған әдебиеттерге сілтемелер келтірілген. “Көрсеткіш” кітабы жарық көрген тілдерде “Ізденіс құралы” басылып шығарылмаған. Бірақ оның электронды нұсқасы “Күзет мұнарасының электронды кітапханасына” және “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасына” енгізілді. “Ізденіс құралы” Киелі кітапқа, жеке мәселеге қатысты сұрақтардың жауабын табуға, сондай-ақ қауым кездесулері мен отбасылық ғибадатқа дайындық жүргізуге зор көмегін тигізбек.