1914 жылға қатысты түсінікті талқылау
Жазбалар ілімдерімізді “қорғап сөйлеуге әрдайым дайын болуға”, сондай-ақ “мұны жұмсақтықпен әрі зор құрметпен істеуге” талпындырады (Пет. 1-х. 3:15). Алайда адамдарға терең Киелі кітап шындықтарын, мысалы Патшалықтың 1914 жылы билік ете бастағанына қандай негіз бар екенін түсіндіріп беру біз үшін қиын болуы мүмкін. Бұл орайда “Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу. Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады?” деген екі мақала зор көмек болмақ. Бұл мақалалар қазан, қараша айларында уағызда қолданатын “Күзет мұнарасында” жарық көрді. Мақалаларды оқығанда Сәкен есімді жариялаушының уағыздау әдісіне қатысты төменде келтірілген сұрақтар жайлы ойланып көр.
Жариялаушы қалай...
жақсы әңгіме құру үшін үй иесін мақтады? (Ел. іс. 17:22).
сенімімен бөліскенде, кішіпейілділік танытты? (Ел. іс. 14:15).
Жариялаушының келесідей әрекет еткені неге тиімді болды?
келесі ойға өтпес бұрын айтқандарын қорытындылап отырғаны
арагідік кідіріс жасап, үй иесінің түсінген-түсінбегенін сұрағаны
бір дегенде тым көп мәліметті талқыламағаны (Жох. 16:12).
Рухани ашыққан адамдарға Киелі кітаптағы терең шындықтарды түсіндіруді үйретіп жатқан “Ұлы Тәлімгеріміз” Ехобаға қаншалықты ризамыз десеңдерші! (Ишая 30:20 ЖД).