Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.11. 8—11 бет.
  • Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады? (2-бөлім)

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады? (2-бөлім)
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • НАБУХОДОНОСОРДЫҢ ТҮСІ. ҚЫСҚАША ҚАЙТАЛАУ
  • ЖЕТІ КЕЗЕҢ АЯҚТАЛЫП, СОҢҒЫ КҮНДЕРДІҢ БАСТАЛУЫ
  • Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады? (1-бөлім)
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай Патшалығы қазір билік етуде!
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ең жақсы өмір жолы
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • 1914 жыл — Киелі кітап пайғамбарлықтарында ерекше мәні бар жыл
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.11. 8—11 бет.
Жақып Сәкенді үйінде қарсы алады

КИЕЛІ КІТАПҚА НЕГІЗДЕП ӘҢГІМЕЛЕСУ

Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады? 2-БӨЛІМ

Төменде Ехоба куәгерлері әдетте адамдармен қалай әңгімелесетінінің үлгісі келтірілген. Ехоба куәгерінің есімі — Сәкен, ал үй иесінің есімі — Жақып делік.

НАБУХОДОНОСОРДЫҢ ТҮСІ. ҚЫСҚАША ҚАЙТАЛАУ

Сәкен: Ассалаумағалайкүм, Жақып. Жағдайыңыз қалай?

Жақып: Жақсы, рақмет.

Сәкен: Қуаныштымын. Жақып, маған сізбен бірге Киелі кітап тақырыптарын талқылау өте ұнайдыa. Өткен жолы біз Ехоба куәгерлерінің Құдай Патшалығы билігін 1914 жылы бастады деуіне қандай негіз бар екенін талқылаған едікb. Талқылау барысында Даниял кітабының 4-тарауында жазылған пайғамбарлықтың маңызды тұстарына назар аударған болатынбыз. Онда не жазылғаны есіңізде ме?

Жақып: Набуходоносор түсінде көрген үлкен ағаш жайлы жазылған.

Сәкен: Дұрыс айтасыз. Набуходоносор түсінде ұшар басы аспанға дейін жететін алып ағашты көрген болатын. Сосын ол Құдайдың өз хабаршысына ағашты кесіп тастауды, бірақ оның түбірі мен тамырын қалдыруды бұйырғанын естіді. Алайда “жеті кезең” аяқталған соң, әлгі ағаш қайтадан өсе бастаған едіc. Сондай-ақ біз аталмыш пайғамбарлықтың екі рет орындалу керектігін де талқылаған болатынбыз. Жақып, оның бірінші орындалуы есіңізде ме?

Жақып: Бұл пайғамбарлық алдымен Набуходоносордың өзіне қатысты болды емес пе?! Ол жеті жыл бойы есі ауысып жүрген болатын.

Сәкен: Дөп түстіңіз. Набуходоносордың есі ауысып, оның билігі уақытша тоқтатылған болатын. Ал пайғамбарлықтың кең көлемде орындалуында Құдайдың билігі жеті кезеңге тоқтатылмақ еді. Өткен жолы талқылағанымыздай, жеті кезең б. з. б. 607 жылы Иерусалим күйрегенде басталған болатын. Сол уақыттан бастап Иерусалимде ешбір патша Ехоба Құдайдың өкілі ретінде билік етпеді. Алайда жеті кезең аяқталғаннан кейін, Құдай өз халқына көктен билік ететін жаңа Патшаны тағайындамақ болды. Басқаша айтқанда, жеті кезең аяқталғанда Құдайдың көктегі Патшалығының билігі басталмақ еді. Сонымен, біз жеті кезеңнің қашан басталғанын білдік. Енді оның қанша уақытқа созылғанын анықтасақ, Құдай Патшалығының қашан билік ете бастағанын білетін боламыз. Сізге түсінікті болып отыр ма?

Жақып: Қайталап кеткеніміз жақсы болды. Көп нәрсе есіме түсті.

Сәкен: Өте жақсы. Олай болса, жеті кезеңнің қанша уақытқа созылғанын анықтап көруге тырысайық. Мен бұл тақырыпты тағы да қарастырып шығып, оны еске түсірген едім. Сізге қолымнан келгенше түсіндіріп көрейін.

Жақып: Құлағым сізде.

ЖЕТІ КЕЗЕҢ АЯҚТАЛЫП, СОҢҒЫ КҮНДЕРДІҢ БАСТАЛУЫ

Сәкен: Пайғамбарлықтың Набуходоносорға қатысты бірінші орындалуында жеті кезең тура мағынадағы жеті жылды білдірген болатын. Ал Құдай Патшалығына қатысты екінші орындалуында жеті кезең кәдімгі жеті жылдан әлдеқайда көп уақытты қамтымақ еді.

Жақып: Бұлай деуіңізге қандай негіз бар?

Сәкен: Ең алдымен, жеті кезеңнің б. з. б. 607 жылы Иерусалим күйрегенде басталғанын есіңізге түсіріңізші. Сол жылдан бастап жеті жылды есептейтін болсақ, б. з. б. 600 жылға келіп тірелеміз. Алайда сол жылы Құдай билігіне қатысы бар ешқандай ерекше оқиға орын алмаған болатын. Оның үстіне, өткен жолы талқылағанымыздай, көп ғасыр бұрын Иса пайғамбар жерде болғанда, жеті кезеңнің аяқталмағанын айтқан еді.

Жақып: Иә-иә, есіме түсті.

Сәкен: Демек, жеті кезең тура мағынадағы жеті жылды емес, бұдан да ұзағырақ уақыт аралығын қамтиды.

Жақып: Қаншалықты ұзақ уақыт?

Сәкен: Даниял кітабымен толықтай үйлесетін Аян кітабы жеті кезеңнің қанша уақыт аралығын қамтитынын анықтауға көмектеседі. Бұл кітаптан үш жарым кезеңнің 1260 күнге тең екені көрінедіd. Демек, үш жарым жылды екі еселесек, жеті кезең 2520 күнді құрайды. Түсініп отырсыз ба?

Сәкен мен Жақып Киелі кітап негізінде әңгімелеседі

Жақып: Иә, түсініп отырмын. Бірақ мұның Құдай Патшалығы билігін 1914 жылы бастағанымен қандай байланысы бар?

Сәкен: Түсіндіріп көрейін. Киелі кітаптағы кейбір пайғамбарлықтарда бір күн бір жылды бейнелейдіe. Бір күн бір жылға тең деген принципті қолданар болсақ, жеті кезең 2520 жылға тең болады. Енді б. з. б. 607 жылдан бастап 2520 жылды санасақ, 1914 жылға келемізf. Осылайша біз 1914 жылы жеті кезеңнің аяқталып, Исаның Құдай Патшалығының Патшасы ретінде билік ете бастағанын көреміз. Бұған қоса, 1914 жылдан бастап жер бетінде Киелі кітапта соңғы күндерге қатысты пайғамбарлық етілген елеулі оқиғалар орын алды.

Жақып: Қандай оқиғалар?

Сәкен: Матай 24:7-де Исаның не дегеніне көңіл бөліңізші. Көкте билік етуін бастаған уақытқа қатысты Иса: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, түрлі жерлерде ашаршылық пен жер сілкіністері болады”,— деді. Байқасаңыз, Иса сол уақыт аралығында азық-түлік тапшылығы мен жер сілкіністердің болатынын айтты. Біз соңғы ғасырда осындай апаттардың көптеп орын алып жатқанын өз көзімізбен көріп жүрміз емес пе?!

Жақып: Иә, мұнымен келісемін.

Сәкен: Осы тармақта Иса Құдай Патшалығының Патшасы ретінде билік еткенде, соғыстардың болатынын да айтқан. Аян кітабында соғыстардың қандай да бір жерге ғана емес, бүкіл жер бетіне зардабын тигізетіні пайғамбарлық етілгенg. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қашан басталғаны есіңізде ме?

Жақып: 1914 жылы. Бұл сіз айтып отырған жылға, яғни Исаның билік етуін бастаған жылға сай келеді ғой! Мен бұрын-соңды бұл жайлы ойламаппын.

Сәкен: Жеті кезең жайлы осы пайғамбарлық пен соңғы күндерге қатысты Киелі кітаптағы басқа да пайғамбарлықтардың барлығын бірге алып қарағанда, көп жайтты түсінеміз. Міне, сондықтан да Ехоба куәгерлері Исаның Құдай Патшалығының Патшасы ретінде 1914 жылы таққа отырғанына және дәл сол жылы соңғы күндердің басталғанына толықтай сенімдіh.

Жақып: Мұның барлығын бірден түсініп кету оңай шаруа емес екен.

Сәкен: Сізді жақсы түсінемін. Бұл пайғамбарлықтарды толық түсіну үшін маған да уақыт қажет болды. Киелі кітапта 1914 жыл нақты аталып өтілмесе де, бүгінгі әңгімеміз Ехоба куәгерлері сол жылға қатысты түсінікті Жазбаларға негіздейтініне көзіңізді жеткізді деп үміттенемін.

Жақып: Мен сіздердің әрдайым өз ойларыңызға емес, Жазбаларға сүйеніп сөйлейтіндеріңізге қайран қаламын. Бірақ неге мұның бәрі күрделі етіп жазылған? Киелі кітапта Исаның көкте билік етуін 1914 жылы бастағаны неге анық етіп жазылмаған?

Сәкен: Өте орынды сұрақ. Негізінде, Жазбаларда көп нәрсе бүге-шігесіне дейін әрі ашық түсіндірілмеген. Неге Құдай Киелі кітапты адамдардың түсінуіне қиын болатындай етіп жаздырған екен? Бұл туралы келесі жолы сөйлессек, қалай қарайсыз?

Жақып: Иә, келіңіз.

Киелі кітапқа қатысты қандай да бір сұрақтың жауабын алғыңыз келе ме? Ехоба куәгерлері сенетін не ұстанатын қандай да бір ілімнің дұрыстығына көз жеткізгіңіз келе ме? Олай болса, еш тартынбастан Ехоба куәгерінің біріне сұрақ қойыңыз. Ол сізбен сол сұрақты қарастыруға қуанышты болады.

Набуходоносордың түсіндегі оқиғалар мен олардың орын алған уақытының кестесі

a Ехоба куәгерлері Киелі кітапты ақысыз зерттеу сабақтарын өткізіп, адамдармен Киелі кітап тақырыптарына әңгімелесіп тұрады.

b Осы журналдың 2014 жылы 1 қазан айында жарық көрген “Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу. Құдай Патшалығы қашан билік ете бастады? 1-бөлім” деген мақаланы қараңыз.

c Даниял 4:23—25 қараңыз.

d Аян 12:6, 14 қараңыз.

e Руларды санау 14:34 және Езекиел 4:6 қараңыз.

f “Набуходоносордың ағаш туралы түсі” деген кестені қараңыз.

g Аян 6:4 қараңыз.

h Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 9-тарауын қараңыз. Бұл кітапты www.jw.org сайтынан табуға болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу