Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.14. 6—7 бет.
  • Жаңа трактаттардың керемет ерекшеліктері!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаңа трактаттардың керемет ерекшеліктері!
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Ұқсас мәлімет
  • Қауым кездесулерінің жастар үшін пайдасы көп
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Буклетпен әңгіме бастау
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Құдай Сөзін қолдан. Өйткені ол тірі!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұсыныс үлгілері
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
km 4.14. 6—7 бет.

Жаңа трактаттардың керемет ерекшеліктері!

1. Уағызға арналған қандай құралдың керемет ерекшеліктері пайда болды?

1 2013 жылы өткен “Құдайдың сөзі — шындық” деп аталатын облыстық конгресте бес жаңа трактаттың шыққаны хабарланған еді. Сондай-ақ осы жаңа трактаттарға қоса “Өлген адамдар қайта өмір сүре ме?” деген “Патшалық хабары” топтамасының № 38-інші трактаты шықты. Осы трактаттардың алтауында да жаңа ерекшеліктер бар. Олардың көлемін өзгертуге не себеп болды? Үйме-үй уағыздаған кезде, олардың ерекшеліктерін қалай тиімді пайдалана аламыз?

2. Трактаттардың жаңа ерекшеліктері қандай мақсатпен жасалды?

2 Жаңа ерекшеліктер не үшін қажет? Үйме-үй жүргенде айтылатын тиімді ұсыныстар әдетте келесідей төрт қадамнан тұрады: 1) Әңгімені бастау үшін сұрақ қою; 2) Жазбалардағы бір ойға назар аудару; 3) Үй иесіне әдебиет ұсыну; 4) Ашық сұрақ қалдырып, қайта келуге келісу. Ал жаңа трактаттардағы ерекшеліктер осы төрт қадамды оңай орындауға мүмкіндік береді.

3. Уағызда жаңа трактаттардың бірін қалай қолдансақ болады?

3 Оларды қалай қолдану керек? 1) Амандасып болғаннан кейін, үй иесіне трактаттың алғашқы бетіндегі сұрақ пен жауап нұсқаларын көрсетіп, оның пікірін сұра. 2) Трактатты ашып, “Киелі кітапта бұл жайлы не делінген?” деген сұраққа назар аудар. Мүмкіндік болса, көрсетілген тармақты Киелі кітаптың өзінен оқып бер. Егер үй иесінің уақыты бар болса, “Мұның сіз үшін қандай маңызы бар?” деген сұраққа назарын аудар. 3) Трактатты jw.org сайтынан жүктеп алуды не жеке данасын Патшалық сарайынан алып кетуді ұсын. Уақыты болғанда трактатпен толық танысып шығуға талпындыр. 4) Кетер алдында оған трактаттың соңғы бетіндегі “Мына жайлы ойланып көріңізші” деген тақырыпшаның астындағы сұрақты көрсетіп, Киелі кітаптан жауабын көрсету үшін қайта келуге келіс.

4. Қызығушылық танытқан адамға қайта барғанда жаңа трактаттарды қалай қолдануға болады?

4 Қызығушылық танытқан адамға қайта бару да оңай. Бұл үшін алғаш рет әңгімелескенде көтерілген ашық сұраққа жауап беру үшін трактаттың артында келтірілген жазба орындарын оқып беруге болады. Кетер алдында үй иесінің назарын трактаттағы “Қуанышты хабар” кітапшасының суретіне аудар. Сосын оған кітапшаның өзін көрсетіп, қарастырып жатқан тақырып туралы көбірек мәлімет жазылған сабақты ашып көрсет. Кейін оны сайтымыздан жүктеп алуға болатынын немесе Патшалық сарайынан алуға болатынын айт. Егер ол келіссе, осы кітапшаны талқылау үшін қайта келе алатыныңды айт. Осылайша, сенде Киелі кітап зерттеу сабағы басталады! Бұл кітапшаның орнына басқа трактат ұсынсаң болады және оны талқылау үшін қайта келуге келіс.

5. Қызметімізде трактаттар қандай рөл атқарады?

5 Трактаттар біздің қызметімізде 130 жылдан аса уақыт бойы қолданылып келеді. Көлемі мен пішіні әртүрлі болғанына қарамастан, ол куәлік беруде өте тиімді құрал болып табылады. Киелі кітапта жазылған хабарды дүниежүзі бойынша тарату үшін осы жаңа трактаттарды уағызда тиімді қолданайық! (Нақ. с. 15:7а).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу