Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2014 жылдың 28 сәуірінен басталатын аптада қарастырылады.
Потифардың әйелімен азғындық жасаудан бас тартуға Жүсіпті не талпындырды? (Жар. 39:7—12). [3 наур., w13 15.2. 4-б., 6-абз.; w07 1.11. 13-б., 16-абз.]
Әділетсіздік пен қиындыққа кезігіп жүргендерге Жүсіп қандай үлгі қалдырды? (Жар. 41:14, 39, 40). [10 наур., w04 1.3. 31-б., 6-абз.; w04-U 1.6. 20-б., 4-абз.]
Бауырларына мейірімділік танытуға Жүсіпте қандай негіз болды? [17 наур., w99-U 1.1. 30-б., 6, 7-абз.]
Қалайша Бунямин руы Жаратылыс 49:27-дегі пайғамбарлықты орындады? [24 наур., w12-U 1.1. 29-б., қоршау.]
Мысырдан шығу 3:7—10 сөздерден Ехоба жайлы не білеміз? [31 наур., w09-U 1.3. 15-б., 3—6 абз.]
Мұсаның күндерінде Ехоба қалайша өз есімінің бір мағынасына сай әрекет етті? (Мыс. ш. 3:14, 15). [31 наур., w13 15.3. 25, 26-б., 5, 6-абз.]
Мысырдан шығу 7:1-ге сай, қалайша Мұса “перғауынның алдында Құдай іспетті” болды? [7 сәу., w04-U 15.3. 25-б., 7-абз.]
Ехобаның исраилдіктерді Мысырдағы құлдықтан босатып, құтқарушы ретіндегі күшін паш еткеніне қарамастан, кейінірек олар қандай көзқарас танытты және біз бұдан қандай сабақ аламыз? (Мыс. ш. 14:30, 31). [14 сәу., w12 15.3. 26, 27-б., 8—10 абз.]
“Қанаттарымен тасыған қыран” деген тіркес Ехобаның жаңадан құрылған Исраил халқына деген сүйіспеншілігін қалайша дәл суреттейді? (Мыс. ш. 19:4). [28 сәу., w96-U 15.6. 10-б., 5-абз.—11-б., 2-абз.]
Қалайша Ехоба әкелерінің кінәлары үшін “немерелері мен шөберелеріне дейін жазалайды?” (Мыс. ш. 20:5). [28 сәу., w04 1.4. 31-б., 1-абз.]