Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.14. 4-б.
  • Арнайы шақыру науқаны

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Арнайы шақыру науқаны
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Ұқсас мәлімет
  • Тікелей шақыру
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Еске алу кешіне шақыру науқаны 1 наурызда басталады
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Конгреске шақыру науқаны
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Еске алу кешіне шақыру науқаны 22 наурызда басталады
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
km 4.14. 4-б.

Арнайы шақыру науқаны

1. 2014 жылғы облыстық конгреске шақыру науқаны қашан басталады?

1 Достарыңмен не отбасыңмен ерекше кешкі ас ішу үшін көп күш пен қаржы жұмсап дайындалсаң, қонақтарды оған қуанышпен шақыратының анық. Тура сол сияқты, 2014 жылы облыстық конгресте берілетін ерекше рухани ас-суды дайындау үшін көп күш салынуда. Конгрестің басталуына үш апта қалғанда, біз өзгелерді осы рухани тойға шақыру мәртебесіне ие боламыз. Өзгелерді қуанышпен шақыруға бізге не көмектеседі?

2. Науқанға толықтай атсалысуға бізді не талпындырады?

2 Ехобаның көмегімен ұйымдастырылған рухани тойдан жеке әрқайсысымыз қаншама пайдалы кеңестер ала алатынымыз жайлы ойлансақ, осы науқанға толықтай атсалысуға талпынатын боламыз (Ишая 65:13, 14). Сондай-ақ жыл сайын болатын бұл науқанның нәтиже әкеліп жатқанын ұмытпайық. Біз шақырған адамдардың кейбірі бізбен бірге конгреске келуі мүмкін. Алайда шақырылған адамдардың бәрі келмесе де, біздің осы науқан кезінде атқарған еңбегіміз Ехобаға мадақ әкеледі және оның жомарттығын паш етеді (Заб. 144:3, 7; Аян 22:17).

3. Конгреске шақыру науқаны қалай өтеді?

3 Қауым аумағында облыстық конгреске шақыру науқаны қалай өтетінін ақсақалдар кеңесі шешетін болады. Бізге адамдарды конгреске үйме-үй жүргенде шақыру керек болатын шығар немесе қандай да бір шамада ұйымымызбен таныс адамдарды шақыруға баса назар аударылуы мүмкін. Ал әр айдың алғашқы сенбісінде біз әдеттегідей Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынатын боламыз. Науқан біткеннен кейін Ехобаның жайған кең рухани дастарқанына мүмкіндігінше көп адамды шақырып, науқанға құлшыныспен атсалысқанымыз үшін қаншалықты риза боламыз десеңдерші!

Конгреске қалай шақыруға болады?

Шақырғың келген адамдардың тізімін жаса. Мысалы, достарыңды, туыстарыңды, көршілеріңді, әріптестеріңді және тағы басқа таныстарыңды шақырсаң болады. Жақында аймақтарыңда өте маңызды бір жиын өтетінін айт. Мұндай жиындардың дүниежүзі бойынша өтетінін түсіндір. Уақыт жетсе, конгресс бағдарламасынан не нәрсеге үйрене алатындарын айтып бер. Шабыттанып сөйле. Ал конгресс өтетін уақыт жақындап қалғанда, шақырған адамдардың барлығына қайта барып, конгрестің болатыны жайлы естеріне түсір және бірге баруды ұсын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу