Қараша айындағы науқан
1. Адамдарда өлгендерге қатысты қандай сұрақтар туындайды және қараша айында оларға қалай жауап беріледі?
1 Адамдар қандай дінді ұстанса да, өлім — олардың қас жауы (Қор. 1-х. 15:26). Көбісін өлгендердің қайда болатыны және оларды қайта көре ала ма, жоқ па — осы нәрсе толғандырады. Сондықтан дүниежүзі бойынша қауымдар қызметте “Өлген адамдар өмірге қайта орала ма?” деп аталатын “Патшалық хабары” топтамасының № 38-інші трактатын бір ай бойы қолданатын болады. Бұл арнайы науқан 1 қарашадан басталатын болады. Осы арнайы науқаннан кейін оны қызметте кәдімгі трактат ретінде қолдануға болады.
2. № 38-інші трактаттың ерекшеліктері қандай?
2 № 38-інші трактаттың ерекшеліктері. Трактат ұзыннан бүктеуге болатындай етіп жасалған. Оның бірінші бетінде қызығушылық оятатын тақырып пен “Сіздің ойыңызша... иә, жоқ, мүмкін” деген сөздер жазылған. Оқырман трактатты ашқанда, мұқабасындағы сұраққа Киелі кітаптың қалай жауап беретінін және Жазбалардағы уәденің өзі үшін қандай маңызы бар екенін көре алады. Сонымен қатар ол Киелі кітапқа неліктен сенуге болатынының себептерін таба алады. Ал трактаттың соңғы бетінде ойлануға талпындыратын қызық сұрақ көтеріліп, оқырманды көбірек білуге талпындыратын шақыру бар.
3. Бұл трактатты қалай қолданамыз?
3 Қолдану жолдары. Науқан Еске алу кешіне және облыстық конгреске шақыру науқандарына ұқсас өтеді. Ақсақалдар 2013 жылдың 1 сәуіріндегі хатты басшылыққа алып, жергілікті аумақ қалай өңделетініне қатысты нұсқаулар береді. Аумақтары кішкентай қауымдар аумағы үлкен көршілес қауымдарға жәрдем бере алады. Айдың бірінші сенбісінде Киелі кітап сабағын бастауға емес, осы ерекше науқанға атсалысып, трактатпен уағыздауға күш салатын боламыз. Демалыс күндері орынды деп тапқан журналды қолдануға болады. Ал сен осы арнайы науқанға белсене атсалысуды жоспарлап жатырсың ба?