16 қазан мен 12 қараша аралығында өтетін арнайы науқан!
1 “Жалған діннің ақыры таяп келеді!” Келесі айдан бастап дүние жүзі бойынша тарататын №37-ші “Патшалық туралы хабар” осылай аталады. Қазанның алғашқы жартысында “Күзет мұнарасын” ұсынамыз. Ал 16 қазан, дүйсенбіден бастап 12 қараша, жексенбіге дейін №37-ші “Патшалық туралы хабарды” таратуға белсене атсалысамыз. Ал науқан кезіндегі демалыс күндері оны журналдармен бірге ұсынамыз.
2 Кім атсалыса алады? Ізгі хабарды белсене уағыздап жүрген жариялаушылардың бәрін осы іске атсалысуға шақырамыз. Кейбіреулер қосалқы ізашар бола алатын шығар. Рухани өсіп жатқан балаларың немесе қызығушыларың бар ма? Олар шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы бола ала ма, соны білу үшін ақсақалдармен сөйлесулеріне көмектесіңдер. Ақсақалдар болса, енжар бауырластарды, мүмкін, тәжірибелі жариялаушылармен бірге, осы іске атсалысуға талпындыруларына болады.
3 Қауымдарға №37-ші “Патшалық туралы хабар” әр жариялаушы мен ізашарға 50 данадан жететіндей мөлшерде жіберілді. Әлі жариялаушы болмаған қызығушылар отбасындағылар мен достарына үлестіргілері келсе, оны бес данадан алуына болады. Жариялаушылардың барлығы да “Патшалық туралы хабардың” нешеуін таратқандарын есептеп, қазан, қараша айларына есеп тапсырғанда, бланктің артына жазып қойсын. Қауым төрағасы әр айдың соңында бүкіл қауымның қанша таратқанын есептеп, оны офиске жіберіп отырады. “Патшалық туралы хабардың” артылып қалғанын науқаннан кейін де қызметте қолдана беруге болады.
4 Не деп айтуға болады? Хабарды неғұрлым көп адамға тарата алу үшін ұсынысыңды қысқаша дайында. Мысалы, былай деуіңе болады: “Мен мына хабарды дүние жүзіндегі адамдарға тарату ісіне атсалысып жүрмін. Мынау сізге арналған. Оқып шығуыңызды өтінем”. Үйме-үй жүргенде, сөмке ұстамағандарың дұрыс болар. Қызығушылық білдірген адамдар туралы жазып алуды ұмытпаңдар.
5 Учаскеңді аралап шық. “Патшалық туралы хабарды” көшеде ғана тарата бермей, бірінші кезекте, іскерлер аймағын қоса алғанда, учаскеңдегі неғұрлым көбірек үйді қамту жағын ойла. Сен келген үйлерде адамдары жоқ болса, оны жазып алып, аптаның басқа күні не басқа уақытта келуге тырыс. Қарашаның 6-сы, дүйсенбіден бастап “Патшалық туралы хабарды” адамдарын таппаған үйлерге бірден қалдыра беруге болады. Егер қауымға тіркелген аймақты науқан кезінде жүріп шығу мүмкін болмаса, ақсақалдар “Патшалық туралы хабарды” адамдары болмаған үйлерге науқанның басынан-ақ қалдыра беру керек деп шешетін шығар.
6 “Ұлы Бабыл” жойылатын уақыт өте тез жақындап келеді. Ол жер бетінен жойылмай тұрып, адамдар одан шығып кетулері керек (Аян 14:8; 18:8). Жалған діннің ақыры таяп қалғанын бәрі білу үшін дүние жүзі бойынша өтетін осы науқанға барынша атсалысуды қазірден жоспарла!