Кесте: 22 шілдеден басталатын апта
22 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАТЫН АПТА
35-ән және дұға
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
cl 26-тар., 1—11 абз. (30 мин.)
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Елшілердің істері 22—25 (10 мин.)
№ 1: Елшілердің істері 22:17—30 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Қалайша осы дүниеде жүріп біз осы дүниелік емеспіз? (Жох. 17:15, 16). (5 мин.)
№ 3: Өзгелердің сезімін ескере отырып, өз сенімімізді қалай түсіндіруге болады? (bh 16-тар., 13—19 абз.). (5 мин.)
□ Қызмет кездесуі:
10 мин. Жаңа оқу жылына дайынсың ба? Талқылау. Тыңдаушыларды мәсіхші жастардың мектепте кезігетін кейбір қиындықтарын айтып беруге шақыр. Ата-аналардың отбасылық ғибадатта “Көрсеткішті”, “Жастардың сауалдары” кітаптарын, біздің веб-сайтты және басқа да теократиялық құралдарды қолдана отырып, балаларына жаңа оқу жылында кезігетін қиындықтарға дайын болуға қалай көмектесе алатынын түсіндір (Пет. 1-х. 3:15). Бір-екі тақырыпты қозғап, осыған қатысты әдебиеттеріміздегі пайдалы мәліметті айтып бер. Тыңдаушылардан мектепте оқып жүргенде қалайша куәлік бере алғандарын сұра.
20 мин. “Көпшілік орындарда уағыздаудың жаңа мүмкіндіктері”. Сұрақ-жауап. Қауымға қатысты болса, үстелдерді не әдебиеттер қойылған жылжымалы стендтерді қолданып, көпшілік орындарда куәлік беру үшін қандай шаралар ұйымдастырылғанын және осыған қатысты болған қызық оқиғаларды айтып бер.
1-ән және дұға