Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.13. 5-б.
  • Нәтиже әкелетін науқан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Нәтиже әкелетін науқан
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ұқсас мәлімет
  • Тікелей шақыру
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Конгреске шақыру науқаны
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Арнайы шақыру науқаны
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Дүниежүзілік науқан. “Иса Мәсіхтің соңынан еріңдер” деп аталатын облыстық конгреске шақыру
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
km 4.13. 5-б.

Нәтиже әкелетін науқан

Облыстық конгреске үш апта қалғанда қауымдар аумақтарындағы қызығушылық білдірген адамдарды конгреске шақыру үшін науқанға қатысатын болады. Жыл сайын болатын мұндай науқанның жүргізілуі жақсы нәтиже әкеледі. Шақыруды қабыл алғандар конгреске келгенде Жазбаларға негізделген баяндамаларды тыңдап, ерікті қызметшілердің қатысуымен жақсы ұйымдастырылған бөлімдерді көріп, сондай-ақ біздің әдепті жүріс-тұрысымыз бен арамыздағы бірлікті байқап таңғалып жатады (Заб. 109:3; 133:1; Ишая 65:13, 14). Алайда қызығушылық білдірген адамдар конгресс болатын жерден алыс жерде тұрса, біздің науқанымыз нәтиже әкеледі деп күтуге бола ма?

Есігіне қыстырылған шақыру қағазын алған бір әйел 2011 жылғы облыстық конгресс өткеннен кейін филиалға хат жазды. Әдетте Ехоба куәгерлері бұл әйелдің үйіне келгенде, ол есігін ашпай қояды екен. Ол былай деп жазды: “Менің әдемі үйім, керемет күйеуім бар. Бақытты болуым үшін басқа еш нәрсе керек еместей көрінетін. Бірақ, өкінішке қарай, шын бақытты емес едім және өмірімнің мағынасы жоқ еді. Сөйтіп, мен 320 шақырым жол жүріп, сенбі күнгі бағдарламаға қатысуды шештім”. Бұл әйелге конгрестің ұнағаны сонша — ол жексенбі күні де бағдарламаға қатысу үшін сол жерде түнеуге қалатынын айтып, күйеуіне қоңырау шалды. “Мен баяндамалардың барлығын тыңдап, Ехоба куәгерлерінің көбісімен таныстым. Мен бұның мәңгілік бойы жалғасқанын қаладым”,— деді сол әйел. Үйіне оралған соң, бұл әйел зерттеу сабағын бастап, төрт айдан кейін шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болды. Ол сөзін жалғап, былай деді: “Есігіме қыстырылған шақыру қағазын алғаным үшін сондай қуаныштымын. Қазір менің өмірім нағыз мағынаға ие!”

[5-беттегі қоршау]

Конгреске қалай шақыруға болады?

Шақырғың келген адамдардың тізімін жаса. Мысалы, достарыңды, туыстарыңды, көршілеріңді, әріптестеріңді және тағы басқа таныстарыңды шақырсаң болады. Жақында аймақтарыңда өте маңызды бір жиын өтетінін айт. Мұндай жиындардың дүниежүзі бойынша өтетінін түсіндір. Уақыт жетсе, конгресс бағдарламасынан не нәрсеге үйрене алатындарын айтып бер. Шабыттанып сөйле. Ал конгресс өтетін уақыт жақындап қалғанда, шақырған адамдардың барлығына қайта барып, конгрестің болатыны жайлы естеріне түсір және бірге баруды ұсын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу