Кесте: 8 сәуірден басталатын апта
8 СӘУІРДЕН БАСТАЛАТЫН АПТА
25-ән және дұға
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
cl 21-тар., 9—15 абз. (30 мин.)
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Лұқа 10—12 (10 мин.)
№ 1: Лұқа 12:1—21 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Қанды құрметтеу (bh 13-тар., 10—16 абз.). (5 мин.)
№ 3: Неге біз Ехобаны Әкеміз деп санаймыз? (Мат. 6:9). (5 мин.)
□ Қызмет кездесуі:
10 мин. Сен өзгелер үшін жігердің қайнар көзі бола аласың (Рим. 1:11, 12). Талқылауды қызмет бақылаушысы жүргізеді. Қауымда неше жалпы ізашар бар екенін айтып өт. Ізашарларға мақтау сөздер айту, олармен қызметтес болу, жол жүргенде қаржылай көмек көрсету және қонаққа шақыру арқылы оларды жігерлендіруге болатынын айт. Жалпы ізашарлардан басқалар оларды қалай жігерлендіретінін сұра. Қауымда жалпы ізашарлар болмаса, қосалқы ізашарларды қалай жігерлендіруге болатынын айт.
10 мин. Соңғы күндерге қатысты сұрақтарға қалай жауап беруге болады? “Пікір алысу” (ор.) кітабына негізделген талқылау (281-б., 8-абз.—283-б. 2-абз.). Бір ұсыныс қысқаша көрсетілсін.
10 мин. “Пайғамбарлардан үлгі алыңдар”. Жүніс. Сұрақ-жауап.
13-ән және дұға