Аяқтау керек пе?
Кейбір жариялаушылар әдеттері бойынша қызметті белгілі бір уақытта, бәлкім, түс болып қалғанда тоқтатуды шешіп жатады. Әрине, кейде қандай да бір себеппен уағызға шектеулі ғана уақыт бөле алатын шығармыз. Алайда топтағы басқа бауырластар солай істейді деп немесе сен тұратын аумақта уағызды белгілі бір уақытта тоқтату әдетке айналғандықтан ғана қызметті аяқтауды шешесің бе? Неге уағызды бірнеше минутқа созып, көпшілік орындарда, мысалы, көшеде қызмет етпеске? Бәлкім, үйіңе қайтар жолда бір-екі қайта бару жасауыңа болатын шығар. Бір ғана адамды үйінде тапсаң, не көшеде бір журнал көбірек берсең, соның өзі қаншама пайда әкеледі! Мүмкіндігің болып, қызметті бірнеше минутқа созсаң, Құдайға көбірек “мадақтау құрбандығын” ұсына аласың (Евр. 13:15).