Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2013 жылдың 25 ақпанынан басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Неліктен Иса “қайғы-мұңға батқандар бақытты” деген? (Мат. 5:4). (7 қаңт., w09 15.2. 6-б., 6-абз.).
2. Иса шәкірттеріне үйреткен үлгілі дұғасында “азғырылуымызға жол берме” деуімен не айтқысы келді? (Мат. 6:13). (7 қаңт., w04 1.2. 26-б., 13-абз.).
3. Неліктен Иса “Адам Ұлы келгенше” шәкірттері барлық қалаларды аралап үлгермейтінін айтты? (Мат. 10:23). (14 қаңт., w10 15.9. 10-б., 12-абз.; w88-U 15.8. 22-б., 6-абз.).
4. Исаның қыша дәні туралы астарлы әңгімесінде қандай екі жайтқа баса назар аударылады? (Мат. 13:31, 32). (21 қаңт., w08 15.7. 17, 18-б., 3—8 абз.).
5. Исаның “Өзгеріп, кішкентай балалар сияқты болмасаңдар, Көк патшалығына кірмейсіңдер!” деген сөздерінен қандай сабақ алуға болады? (Мат. 18:3). (28 қаңт., w07-U 1.2. 9, 10-б., 3, 4-абз.).
6. Исаның “мұны өзің айтып тұрсың” деген сөздері нені білдіреді? (Мат. 26:63, 64). (11 ақп., w11-U 1.6. 18-б.).
7. Неге Иса “Демалыс күнінің де Иесі” деп аталған? (Мар. 2:28). (18 ақп., w08 15.2. 28-б., 7-абз.).
8. Не себепті Иса анасы мен бауырларына қатысты осылай жауап берді және біз бұдан не нәрсеге үйрене аламыз? (Мар. 3:31—35). (18 ақп., w08 15.2. 29-б., 6-абз.).
9. Марқа 8:22—25-те жазылғандай, не себепті Иса зағип адамды екі әрекет арқылы айықтырған болса керек және біз бұдан қандай сабақ аламыз? (25 ақп., w00 1.5. 11-б., 7-абз.).
10. Петірдің қарсылық білдіргеніне Исаның қалай жауап бергенінен қандай сабақ аламыз? (Мар. 8:32—34). (25 ақп., w08 15.2. 29-б., 7-абз.).