Кесте: 25 маусымнан басталатын апта
25 МАУСЫМНАН БАСТАЛАТЫН АПТА
12-ән және дұға
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
cl 8-тар., 17—24 абз., 86-б., қоршау (25 мин.)
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Нақыл сөздер 22—26 (10 мин.)
Қайталау (20 мин.)
□ Қызмет кездесуі:
10 мин. Хабарландырулар. 4-беттегі ұсынысты қолданып, шілденің бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін журналды қалай қолдануға болатынын көрсет.
15 мин. Қызметте жүргенде уақытыңды даналықпен пайдалан (Ефес. 5:15, 16). Келесі сұрақтарға негізделе отырып талқылау жүргіз. 1) Келесі жағдайларда қалай біз уақытымызды даналықпен пайдалана аламыз: а) уағыздауға арналған кездесуді жүргізгенде; ә) уағыздауға арналған кездесу аяқталған соң; б) өздеріңмен бір көлікте келген бауырлас қызығушылық білдірген адаммен ұзақ сөйлесіп қалса; в) бір-бірінен алыс тұратын қызығушылық білдірген адамдарға қайта барғанда; 2) Қалайша келесідей жолдармен біз уақытымызды үнемдей аламыз: а) мүмкін болса, уағыздауға арналған кездесудің алдында отбасымызды тамақтандырып алсақ; ә) уағыздауға арналған кездесуге бәрі уақтылы келетін болса; б) кездесуді жүргізетін бауырлас жариялаушыларды топ-топқа бөліп жатқанда мұқият болып, мүмкіндігінше кездесу аяқталған соң серігімізді ауыстырмау арқылы; в) әр жариялаушы учаскеге бармас бұрын уағыздауды қайдан бастайтынын нақты білсе.
10 мин. Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу. Талқылау. 32-беттік екі-үш кітапшаның ерекшеліктерін талқыла. Осы кітапшалардағы жергілікті аумаққа сай келетін ойларды қолдана отырып, бір-екі көрініс дайында.
29-ән және дұға