Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.12. 2-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба дайындық рухын танытатындарға батасын төгеді
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның жомарттығына ризашылық білдірейік
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олардағы молшылық қажеттіліктеріңді қамтамасыз етпек
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
km 6.12. 2-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Кішкентай балалары уағыздау қызметінде жүргенде, ата-аналары қандай сақтық шараларын ұстанғаны жөн?

Мәсіхші ата-аналар балаларын уағыздау қызметіне алып шығып, Патшалық туралы ізгі хабарды өзгелермен қалай бөлісуге болатынын үйретіп жүргендері өте орынды. Олармен бірге уағыздап жүргенде, ата-аналар учаскесінде, тіпті қауіпсіз деп саналатын аймақтардың өзінде, туындауы мүмкін қауіп-қатерден сақтау үшін балаларынан көз жазып қалмаулары керек. Біз өмір сүріп жатқан “ерекше қиын” заманда ашкөз әрі азғын адамдар көбейіп кеткендіктен, зорлық-зомбылық пен зинақорлық әрекеттердің құрбаны болған жасөспірім балалардың саны барған сайын көбеюде (Тім. 2-х. 3:1—5). Балаларын жаман ниетті адамдардан қорғау үшін ата-аналар қажетті сақтық шараларын ұстанғаны жөн. Бұл үшін не істеуге болады?

Киелі кітап бізге сақ болып, қауіп-қатерді көре білуге қатысты дана кеңес береді (Нақ. с. 22:3; Мат. 10:16). Бұған қатысты қандай да бір ережелер орнатқымыз келмейді, алайда танапта қызмет етіп жүргенде балалардың қасында ата-ананың бірі немесе басқа бір ересек адамның болғаны даналыққа жатады. Ал егер жауапкершілік сезінетін екі жасөспірім жариялаушы бірге қызмет етіп жүрсе, ата-ананың бірі не ересектердің бірі оларды әрдайым көз алдында ұстауы қажет. Әрине, кішкентай бала өсе келе жауапты бола бастайды, сондықтан ата-аналар оларды қадағалауды азайтуға болады деп шеше алады (сондай-ақ 1992 жылдың қазан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” (ор.) “Сауалдар жәшігін” қара).

Сондай-ақ көлікте немесе жаяу жүргенде де қауіпсіздік шараларын ұстанғанымыз даналыққа жатады. Қажетті сақтық шараларын ұстану арқылы қайғылы жағдайлар мен қиындықтардан аулақ болуға болады. Сондай-ақ емделуге кететін шығындардың және болмашы нәрсеге бола сот ісін қозғайтын мына заманда заң алдында жауапқа тартылудың алдын алуға болады.

Балалардың Ехобаның есімін мадақтап жүргендері қандай тамаша десеңші! (Заб. 148:12, 13). Олардың уағызда айтқан жағымды сөздері мен үлгілі жүріс-тұрыстары өзгелерде жақсы әсер қалдырып, Ехобаға даңқ әкеледі. Ата-аналар, балаларыңды ізгі хабарды жариялау ісіне үнемі қатысуға баулыңдар, сондай-ақ оларды кез келген қауіп-қатерден қорғау үшін әрдайым сақ жүргейсіңдер!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу