Өзге тілдегі әдебиет шұғыл қажет болғанда
Кейде қызметте өзге тілдегі әдебиетімізді оқығысы келетін адамдарды кездестіріп жатамыз. Бірақ бұл әдебиеттер қауымда болмауы мүмкін. Егер Интернетке шыға алсаң және принтерің бар болса, әдебиеттерімізді шамамен 400 тілде басып шығара алатының жайлы біліп пе едің? Мұны істеудің жолдары төменде келтірілген.
• Біздің www.watchtower.org деп аталатын ресми сайтымызға кір.
• Ашылған беттің оң жағында бірнеше тілдің тізімі келтірілген. Глобустың суретіне бір рет бассаң, басқа да тілдер шығады.
• Өзіңе керек тілді таңда. Ашылған бетте қандай трактаттар, кітапшалар және мақалаларды принтер арқылы басып алуға болатыны көрсетіледі. Бұл бет сен таңдаған тілде шығатындықтан, басылымдардың атауларын танымауың ықтимал.
• Басылымды таңда. Қажетті мәлімет шыққанда принтерден басып шығаруыңа болады.
Біздің интернет сайтымызда іріктеліп алынған басылымдар ғана орналасқан. Қосымша әдебиеттерге қауым арқылы тапсырыс беруге болады. Адамның қызығушылығын оятсаң, басылымдарды қауымдағы әдебиетке жауапты бауырластан сұраған жөн.