Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2010 жылғы 25 қазаннан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2010 жылғы 6 қыркүйектен басталатын апта мен 25 қазаннан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Басқарушы кеңестің мүшелері Еврей емес мәсіхшілер сүндеттелмесе де құтқарылады деген шешіммен қалай ‘келісті’? (Ел. іс. 15:25). (w90-U 15.6. 13-б., 14, 15-абз.)
2. Неге киелі рух Пауыл мен оның серіктеріне Азия аймағы мен Бітүнияда уағыздауға тыйым салды? (Ел. іс. 16:6, 7). (w08 15.5. 32-б.)
3. Пауыл қандай ант берген еді? (Ел. іс. 18:18). (w08 15.5. 32-б.)
4. Қай мағынада Саул “өкше темірге қарсы теуіп” жүрген еді? (Ел. іс. 26:14). (w03 1.10. 32-б.)
5. Жақыптың мұнда келтірген сөздері қай жерде “жазылған”? (Жақ. 4:5). (w08 15.11. 20-б.)
6. ‘Ізгі хабар уағыздалған өлілер’ кімдер еді? (Пет. 1-х. 4:6 сілт.). (w08 15.11. 21-б.)
7. Жохан “көне” және “жаңа” деп қандай өсиетті айтты? (Жох. 1-х. 2:7, 8). (w08 15.12. 27-б.)
8. Су, қан және рух ‘Иса Құдайдың рухани Ұлы’ екенін қалай растады? (Жох. 1-х. 5:5—8). (w08 15.12. 27-б.)
9. “Құдай таңдаған бәйбіше” деген кім? (Жох. 2-х. 1, 13). (w08 15.12. 28-б.)
10. Құдайдың Сөзі туралы тура білім алмағандарға да ар-ұждан қалай жақсы әсерін тигізуі мүмкін? (Рим. 2:14, 15). (w00 1.7. 30, 31-б., 12, 13-абз.)