Көпшілікке көмектесетін мәлімет көзі
Шынайы мәсіхшілер көпшілікке ізгі хабарды тарату қызметіне атсалысады (Філіп. 2:17, ЖД). Осы қызметімізді толығымен атқару үшін Интернеттегі www.watchtower.org. Web-сайтына 20 тілде біраз брошюралар, трактаттар және мақалалар енгізілген. Бұл Web-сайт Ехоба Куәгерлеріне соңғы әдебиеттерді таратуға арналмаған. Ол Ехоба Куәгерлерінің Киелі кітап жөнінде не оқытатындары туралы дұрыс мағлұматқа көпшіліктің қолы жетерліктей болу үшін жасалған.
Жақын арада ресми Web-сайтымызға бірталай қосымша мәлімет енгізілді. Ол — 220-дан астам тілде шығатын “Құдай бізден нені талап етеді?” брошюрасы. Сондай-ақ 2004 жылдың 1 қаңтары мен 8 қаңтардағы нөмірінен бастап барлық тілдердегі “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының соңғы бетінде Web мекен-жайымыз көрсетіле бастады.
Бұны қалай қолдануға болады? Сен қызығушылық танытқан, бірақ өзге тілде сөйлейтін адамды кездестіруің мүмкін. Егер оның Интернетпен байланысы бар болса, “Күзет мұнарасы” не “Ояныңдар!” журналының соңғы бетіндегі Web мекен-жайды көрсетуіңе болады. Бұл оның өз тілінде бар әдебиетті әкеп бергенге дейін, Web-сайтты қолданып, сондағы “Талап етеді” брошюрасын ана тілінде оқып танысуына мүмкіндік береді. Не болмаса оның ана тіліндегі қауыммен не топпен хабарласуыңа болады.