Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 8.10. 3—6 бет.
  • Бейресми куәлік бере аласың

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бейресми куәлік бере аласың
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Ұқсас мәлімет
  • Бейресми куәлік беруге дайын болайық
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Бейресми куәлік беру арқылы Ехобаны дәріпте
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Әрдайым куәлік берейік
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • “Түбегейлі куәлік етуде” ынталы бол
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
km 8.10. 3—6 бет.

Бейресми куәлік бере аласың

1. а) Бейресми куәлік дегеніміз не? ә) Бір топ куәгердің қанша пайызы шындықты бейресми куәлік арқылы білген?

1 Қауымыңда қанша бауырлас шындықты алғаш рет бейресми куәліктің арқасында естіді? Бұл сұрақтың жауабы сені таңғалдыруы мүмкін. Бейресми куәлік етуге күнделікті шаруамызбен айналысқанда, мысалы жол жүргенде, туыстарымызға қыдырып барғанда, көршілерімізбен араласқанда, дүкен аралағанда, мектепте, жұмыста және тағы басқа жағдайларда адамдарға ізгі хабарды айту жатады. Шомылдыру рәсімінен өткен 200-ден аса куәгерді алсақ, олардың 40 пайызы шындықты бейресми куәлік арқылы білген. Демек, мұны уағыздаудың өте тиімді әдісі дей аламыз.

2. Бейресми куәлік беру жайлы Жазбаларда қандай мысалдар бар?

2 Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер жиі бейресми жағдайда уағыздаған. Мысалы, Иса Самарияға барар жолда Жақыптың құдығынан су алып жатқан әйелге уағыздаған (Жох. 4:6—26). Філіп болса Ишая кітабын оқып отырған эфиопиялық уәзірден: “Оқығаныңыз түсінікті ме?”— деп сұрап, әңгіме бастаған (Ел. іс. 8:26—38). Філіпіде қамауға алынған Пауыл түрме бастығына куәлік берген (Ел. іс. 16:23—34). Кейінірек, ол үйінде тұтқында отырғанда, “өзіне келгендердің бәрін қабылдап, Құдай Патшалығын еш бөгетсіз, батыл уағыздап, Иеміз Иса Мәсіх туралы тәлім берді” (Ел. іс. 28:30, 31). Сен де, тіпті ұялшақ болсаң да, бейресми куәлік бере аласың. Қалай?

3. Әңгіме бастауға ұялсақ, не істеуге болады?

3 Әңгіме бастау. Көпшілігіміз үшін танымайтын адаммен әңгіме бастау қиынға соғады. Тіпті таныс адамның өзіне уағыздауға қысылуымыз мүмкін. Дегенмен Ехобаның ізгілігі, оның қызметшілеріне ашқан құнды шындығы және әлемдегі халықтардың мүшкіл халі жайлы ойланғанымыз бізді адамдарға ізгі хабарды айтуға талпындырады (Жүніс 4:11; Заб. 39:6; Мат. 13:52). Бұған қоса Ехобадан көмек сұрайтын болсақ, ‘Ізгі хабарды жариялауға батылымыз’ жетеді (Сал. 1-х. 2:2). Ғалақад мектебінде оқыған бір бауырлас былай дейді: “Адамдармен әңгіме бастауға қиналғанда, дұғаның көмегі зор екенін байқадым”. Сен де бейресми жағдайда әңгіме бастауға тартынсаң, іштей қысқа дұға айтуыңа болады (Нех. 2:4).

4. Әңгімені қалай бастаған жөн және неге?

4 Өзінің аты айтып тұрғандай, бейресми куәлік ету ұсыныс айтып не жазба орнын оқып ресми түрде әңгіме бастауды білдірмейді. Сондықтан адамға бірден уағыз айтуым керек деп ойламай, жай ғана сөйлесіп кеткен жөн. Көп жариялаушының айтуынша, мұндай қадам әңгімені ізгі хабарға бұруға сенімділік береді. Егер адам сөйлескісі келмесе, оны күштеудің қажеті жоқ. Әңгімені ілтипаттылықпен аяқтап, өз шаруамызбен айналыса берген дұрыс.

5. Бір ұяң қыз бауырлас қалай бейресми куәлік береді?

5 Бір ұяң қыз бауырлас дүкен аралай жүріп адамдарға уағыздайды екен. Бұл үшін ол ең алдымен адамның көзіне қарап, күлімсірейді. Егер адам да жылы шырай танытса, бауырлас бір-екі сөз айтады. Ол да бірдеңе десе, бұл бауырласқа әрі қарай сөйлесуге сенімділік береді. Ол адамды мұқият тыңдап, ізгі хабардың қай тақырыбы қызықтырақ болатынын анықтауға тырысады. Осындай әдістің арқасында қыз бауырлас көп журнал таратқан, тіпті Киелі кітап зерттеу сабағын бастай алған.

6. Бейресми жағдайда қалай әңгіме бастауға болады?

6 Әңгімеге тарту. Әңгіме бастау үшін не айтсақ болады? Құдық басында Иса әйелден су сұрап әңгіме бастаған (Жох. 4:7). Адамды әңгімеге тарту үшін онымен амандасуға немесе қандай да бір сұрақ қоюға болады. Сөйлесіп отырғанда, Жазбалардағы бір оймен бөлісудің ыңғайын тауып, шындықтың дәнін себуге тырысып көр (Екк. 11:6). Кейбір жариялаушылар адамды ойландыратын немесе қызығушылық оятатын ой тастаудың тиімді екенін байқады. Мысалы, дәрігерге көріну үшін кезек күтіп отырғанда, қасыңдағы кісіге: “Ешбір адам ауырмайтын кез келсе, қандай жақсы болар еді, иә!?”— деп, әңгіме тартсаң болады.

7. Байқампаз болғанымыз бейресми куәлік беруге қалай көмектеседі?

7 Сонымен қатар адамдармен сөйлесу үшін байқампаз болуымыз қажет. Мысалы, баланың жақсы тәрбие алғанын байқасаң, ата-анасына мақтау сөздер айтып, “Балаларыңызға жақсы тәрбие беруге не көмектеседі?” деп сұрауыңа болады. Бірде қыз бауырлас әріптестерінің бір мәселені талқылап жатқанын естіп, оларға сол туралы әдебиет әкеп көрсетеді. Басқа бір әріптесінің тұрмыс құрайын деп жатқанын білгенде, оған тойға дайындық жасау жайлы мақаласы бар “Ояныңдар!” журналын әкеп береді. Бұл олармен Киелі кітап тақырыбын талқылауға ұласады.

8. Әңгіме бастау үшін әдебиеттерімізді қалай қолдана аламыз?

8 Әңгіме бастаудың тағы бір жолы — адамдардың көз алдында әдебиетімізді оқып отыру. Мысалы, бір бауырлас “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналының қызықты тақырыбын ашып оқып отырады. Сонда әлдекімнің журналына қарап тұрғанын байқаса, оған сұрақ қояды не мақала жайлы бір-екі сөз айтады. Бұл адамды жиі әңгімеге тартып, куәлік беруге септігін тигізеді. Кейде журналдардың бір-екеуін көрінетін жерге қойып қойсаң, әріптестерің мен сыныптастарың ондағы тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюы мүмкін.

9, 10. а) Куәлік беруге қалай жағдай жасауға болады? ә) Бейресми куәлік беруге сен қандай жағдай жасағансың?

9 Куәлік беруге жағдай жаса. Уағыз ісі қауырт болғандықтан, бейресми куәлік етуге мүмкіндік өздігінен туындайды деп күтіп отырмауымыз керек. Қайта, күнделікті шаруамызбен айналыса жүріп, куәлік етуге жағдай жасау қажет. Мысалы, қандай адамдармен кездесуің мүмкін екенін және олармен қалай әңгіме бастауға болатынын алдын ала ойлан. Әрдайым өзіңмен Киелі кітап және қандай да бір әдебиетті алып жүр, себебі біреу-міреу қызығушылық білдіріп қалуы мүмкін (Пет. 1-х. 3:15).

10 Көп жариялаушы бейресми куәлік беру үшін тапқырлықтың да қажет екенін байқаған. Көп қабатты күзетілетін үйде тұратын бір қыз бауырлас үйдің демалып бой жазуға арналған жерінде жиі табиғат көрінісін бейнелейтін мозайка құрастырып отырады. Адамдар өтіп бара жатып әдемі көрініске лебіз білдірсе, ол әңгіме бастап, Киелі кітаптың ‘жаңа көк пен жаңа жерге’ қатысты уәдесімен бөлісуге тырысады (Аян 21:1—4). Сен де бейресми куәлік беруге қандай жағдай жасай аласың?

11. Адамның қызығушылығын арттыру үшін не істеуге болады?

11 Қызығушылықты арттыру. Адамның тыңдағысы келіп тұрғанын байқасаң, оның қызығушылығын арттыруға тырыс. Орынды болса, адамнан: “Сізбен пікірлесу маған қатты ұнады. Келесі жолы әңгімемізді жалғастыру үшін сізді қайдан тапсам болады?”— деп сұра. Ал кейбір жариялаушылар адамға мекенжайы мен телефон нөмірін беріп: “Сізбен әңгімелескеніме қуаныштымын. Осы жайлы көбірек білгіңіз келсе, менімен хабарласыңыз”,— дейді. Егер адаммен кездесе алмайтын болсаң, “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкісін толтыр да, оны өз қауымыңның хатшысы арқылы қажетті қауымға тапсыр.

12. а) Неге бейресми куәлік етілген уақытты есебімізге қосу керек? ә) Бейресми куәлік қандай нәтиже береді? (“Бейресми куәлік зор нәтиже береді!” деген қоршауды қара.)

12 Бейресми куәлік еткендегі уақытымызды, тіпті күніне бірнеше минут болса да, есепке қосуымыз керек. Ойлап көрші, егер әр жариялаушы күніне бейресми жағдайда 5 минуттан уағыздаса, жалпы есепке ай сайын 17 миллионнан астам сағат қосылар еді!

13. Бейресми куәлік етуге бізді не талпындыру керек?

13 Ехобаға және маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілік бейресми куәлік етуіміздің басты себебі болып табылады (Мат. 22:37—39). Ехобаның қасиеттері мен ниетіне шын жүректен ризашылық сезінгеніміз оның “Патшалығыңның даңқын” асыруға талпындырады (Заб. 144:7, 10—12). Маңайымыздағылардың қамын ойлағанымыз әлі уақыт бар кезде кез келген мүмкіндікті қолданып, ізгі хабар туралы айтуға талпындырады (Рим. 10:13, 14). Алдын ала ойланып, дайындалғанның арқасында бәріміз де бейресми куәлік бере аламыз әрі ақ жүректі адамдарға ізгі хабарды жеткізгеннен келетін қуанышты сезінетін боламыз.

[4-беттегі сөздер]

Кездескен адаммен әңгіме бастауды мақсат етіп қой

[5-беттегі сөздер]

Тапқырлық таныта отырып, көп жариялаушы бейресми куәлік ете алған

[5-беттегі қоршау]

Әңгіме бастауға көмектесетін кеңестер

◼ Дұға ет

◼ Жылы шырай танытқан және асығыс емес адаммен сөйлесуге тырыс

◼ Адамның көзіне қара, жылы шыраймен күлімсіре, ортақ нәрсеге қатысты бір-екі ауыз сөз айт

◼ Мұқият тыңда

[6-беттегі қоршау]

Бейресми куәлік зор нәтиже береді!

• Бір жолы ер бауырлас көлігінің жөнделгенін күтіп тұрғанда, қасындағы адамдарға куәлік береді. Оларды көпшілікке арналған баяндамаға шақырып, қолдарына мәлімет қағазын ұстатады. Бір жылдан соң бауырласымыз конгресте өзімен сәлемдесуге келген адамды танымай қалады. Ол көлік жөндейтін жерде өзінен шақыру қағазын алған әлгі кісілердің бірі еді! Ол шақыру бойынша көпшілікке арналған арнайы баяндаманы тыңдауға барып, соңында өзімен Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуді сұраған екен. Қазіргі кезде ол әйелі екеуі шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар ретінде қызмет етіп жүр.

• Шындықты бейресми куәлік арқылы естіген бір әйел бауырлас үш баласының қамымен жүргенде кездестірген адамдарды өзінің учаскесі ретінде қарастырады. Ол көршілеріне және ата-аналар жиналысына барғанда не балаларын мектепке апарып-әкелгенде танысқан ата-аналарға куәлік беруге тырысады. Бауырласымыз оларға бала тәрбиелеуде өзіне Киелі кітаптың қалай көмектесетінін шын жүректен әрі қарапайым сөздермен айтып береді. Сосын, басқа да тақырыптарды қозғайды. Осылай әңгімелесе алғанының арқасында келесі жолы олармен Киелі кітапты қолданып сөйлеседі. Осындай әдістің арқасында ол 12 адамға шомылдыру рәсімінен өтуге көмектескен.

• Бір әйел бауырлас сақтандыру компаниясының қызметкеріне жолыққанда, оған куәлік берудің мүмкіндігін қалт жібермей, былай деп сұрайды: “Сіз мықты денсаулық пен бақытты әрі мәңгі өмір сүру кепілдігіне ие болғыңыз келер ме еді?” Қызметкер қалайтынын айтып, одан қай сақтандыру компаниясы жайлы айтып тұрғанын сұрайды. Сонда бауырласымыз оны Киелі кітаптың уәделерімен таныстырып, әдебиетіміздің бірін ұсынады. Қызметкер оны бір кештің ішінде оқып шығады. Ақырында, Киелі кітап зерттеу сабағына келісіп, қауым кездесулеріне келе бастайды. Кейін, шомылдыру рәсімінен өтеді.

• Ұшақта келе жатып әйел бауырлас қасында отырған бір әйелге куәлік береді. Әңгіменің соңында ол өзінің мекенжайы мен телефон нөмірін қалдырып, келесі жолы Ехоба куәгерлері келсе, олардан Киелі кітап зерттеу сабағын сұрауға талпындырады. Келесі күні-ақ сол әйелдің үйіне екі Куәгер келеді. Сөйтіп, ол зерттеу сабағын бастап, тез рухани қадамдар жасайды да, шомылдыру рәсімінен өтеді. Ал қазір өзі үш Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізеді.

• Қарттар үйінде тұратын жүз жасқа келген әрі көзі көрмейтін ер бауырлас үнемі: “Бізге Патшалық керек”,— деп айтып жүреді. Содан ондағы медбикелер мен емделушілер Патшалықтың не екенін білгілері келіп, сұрақтар қойғанда, қарт бауырлас оларға түсіндіріп береді. Қызметкерлердің бірі қарт бауырластан Жұмақта не істейтінін сұрағанда, ол былай деп жауап береді: “Көзім көріп, өз аяғыммен жүретін боламын, ал мына мүгедек арбаны отқа жандырып жіберемін”. Көзі көрмейтіндіктен қарт бауырлас медбикеден журналдар оқып беруін өтінеді. Бірде хал-жағдайын білу үшін келген қызынан медбике журналдар әкеп беруін сұрайды да, оған: “Қарттар үйінде Патшалық әңгімеміздің басты тақырыбына айналған”,— дейді.

• Бір әйел бауырлас дәмхананың тұсында біреуді күтіп тұрғанда, маңайында отырған бірнеше ер кісілердің саясат жайлы әңгімелерін естіп қалады. Бір ер кісі үкіметтің барлық проблемаларды шеше алмайтынын айтқанда, әйел бауырлас уағыздаудың осы мүмкіндігін қолдануым керек деп ойлайды. Сөйтіп, ол қысқаша дұға айтып алады да, қастарына барады. Өзін таныстырған соң, оларға адамзат проблемасын шешетін үкімет, яғни Құдай Патшалығы, туралы айтып, өзіндегі бір кітапшаны ұсынады. Қасына дәмхананың басқарушысы келгенде, әйел бауырлас оның бұл жерден кетуін сұрайды деп ойлап қалады. Алайда басқарушы бауырласымыздың сөзін естігенін және өзінің де сондай кітапша алғысы келетінін айтады. Сосын, қастарына олардың әңгімесін жылап тұрып тыңдаған дәмхананың жұмысшысы келеді. Ол бұрын Киелі кітапты зерттегенін және қайтадан зерттеуді жалғастырғысы келетін айтады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу